Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 7 гостей.

Мойынқұм ауданында "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы анықтама

Мойынқұм   ауданының  білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың

 өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының орындалуы   туралы

АНЫҚТАМА

       

    Облыстық   білім басқармасының  6 қараша 2015 жылғы №693 бұйрығымен ағымдағы жылдың 10 қарашасы  күні  Мойынқұм  ауданындағы білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы зерделенді. Зерделеуге  6 мектеп (Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі (дир.Ш.Қашқымбекова), М.Жұмабаев атындағы орта мектебі (дир.Ғ.Асатова), Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы (дир. Ж.Мусатаев), Мыңарал орта мектебі (Ж.Ибраймова) Ағыбай батыр атындағы орта мектебі (дир.А.Дүйсенбекова), Б.Момышұлы атындағы орта мектебі (Е.Нүркеев), В.Терешкова атындағы орта мектебі (дир.Б.Сүйімбеков) 4 балабақша (Мойынқұм ауылы «Балбөбек» (меңгерушісі О.Қалыбаева), «Құлыншақ» (меңгерушісі Р.Жумашева),  Ақсүйек ауылы «Сказка» балабақшасы (меңгерушісі А.Амирханова), Ақжелек ауылы «Самал» балабақшасы(меңгерушісі А.Жуасбаева) қамтылды.

Басқарма басшысының 18.02.2015 жылғы №01-667 хатымен аудандық білім бөліміне  Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментімен бірлескен «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің іс-шаралар» жоспары жұмыста басшылыққа алып жұмыс жүргізу үшін  жолданған болатын.

Аудандық білім бөлімі (12.03.2015 жылы №348 хат) аталған іс - шара жоспарына сәйкес  білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша іс-шаралар жоспарын  жасаған, жоспар ауданның барлық білім мекемелеріне таныстырылып, жұмыстар жүргізілген.   

Сонымен қатар, басқарма тарапынан (24.02.2015 жылы №03-742 хат) Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментінің әлеуметтік желілердегі интернет сілтемелері, байланыс телефондары жазылған ақпараттық парақшаларын көпшілікке көрінетін орындарда орналастыру  туралы хат жолданған болатын. Аудандық білім бөлімі жоғарыда  аталған  хатты ауданның барлық білім мекемелеріне  орындау  үшін жіберген.    

Зерделеуге қамтылған  мектептер мен балабақшаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілмеген.

Сондай-ақ, зерделеуге қамтылған барлық білім  мекемелерінде  сенім телефоны мен сенім жәшігіне жауапты маман  бекітілмеген. Білім мекемелерінің көпшілігінде  сенім жәшігіне   шыны кобдиша  қойылмаған. Мыс:  М.Жұмабаев атындағы  орта мектебінде   сенім жәшігі көрінбейтін  кораптан  жасалған. Жамбыл атындағы мектеп гимназиясында сенім жәшігі жоқ.

Педагогтарды іріктеу, қызметкерлерінің жеке іс-қағаздары, құжаттарының жүргізілу жайы бойынша.

Аудан бойынша  934  педагог қызметкердің    494 –і (52,8 %),   оқудың  сырттай бөлімін бітірсе, зерделенген мектептерде, әсересе  аудан  оталығы мен оған іргелес елді мекендерде орналасқан мектептерде  маман тапшылығы болмасада, оқудың сырттай формасын бітіргендердің  үлесі  кемімей отыр.

М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде  67 педагогтың   32 –сы (47,7%),   Жамбыл атындағы  мектеп- гимназиясында 101 педагогтың  43 –ы (42,5%), Т.Рысқұлов атындағы тірек  мектебінде 76 педагогтың  35 –і (46,6%),  Ағыбай батыр атындағы орта мектебінде 18 педагогтың 13 –сы (72,2%),   Мыңарал орта мектебінде  24  педагогтың  16 –ы (66,6%), В.Терешкова атындағы орта мектебінде 25 педагогтың   9-ы (36%), 27 педагогтың 21–і (77,7%), Қ.Сатпаев атындағы  орта мектебінде  27 педагогтың  18–і (66,6%), С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде  38 педагогтың  19–ы (50 %), Кеңес орта мектебінде 68 педагогтың  45–і (66,1%), Б.Момышұлы атындағы орта  мектебінде  39 педагогтың  17–і (43,5%)  оқудың  сырттай формасын бітірген.

Зерделеуге қамтылған 6 мектепте  322 педагог қызмет атқарса, оның  156 –ы  (48,4%) сырттай оқу түрінде  білім алған. Яғни, сырттай оқу түрінде білім алған  педагог қызметкерлердің білім сапасының артуына қаншалықты ықпалы болатындығын түсінуге болады.  

Т.Рысқұлов атындағы тірек  мектебінде (5),  Қ.Қасымов атындағы орта мектебінде (5), Кеңес орта мектебінде (13),  Б.Момышұлы атындағы орта  мектебінде  (10),  Қ.Сатпаев атындағы  орта мектебінде (1)   толық емес  жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер бар. 

Қазақстан Республикасы „Білім туралы“ Заңының 51 - бабының 1 - тармағында „Тиісті бейіні бойынша  арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі  бар адамдар педагогтік  қызметпен айналысуға жіберіледі“  делінген. Зерделеуге қамтылған бірқатар мекемелерде ҚР „Білім туралы“ Заңының осы талабы орындалмаған.

Мыс: М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің директоры Ғ.Асатова М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университетінің көп салалы  колледжін  2013 жылы Ақпараттық жүйелер“ мамандығы бойынша бітірген А.Әлімқұлқызын 01.09.2010 жылы №79 бұйрықпен (дипломсыз) хатшы - машинист қызметіне қабылдап,  01.09.2014 жылы №159 бұйрықпен мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі қызметіне ауыстырған.  Сонымен қатар, А.Әлімқұлқызына 2013 жылы №89 бұйрықпен мектеп кітапханашысының  0,5 жүктемесі берілген.

Мыңарал  орта мектебінде „Парасат“ колледжін 2015 жылы „бастауыш білім беру“ мамандығы бойынша бітірген Г.Көшкімбаева 03.08.2015 жылы №6 бұйрықпен кітапханашы қызметіне  0,5 жүктемемен қабылдаған.

Е.Ахметова „Болашақ“ гуманитарлық колледжін 2007 жылы „Ақпараттық жүйелер“ мамандығы бойынша  бітірген, Мыңарал орта мектебіне  02.09.2014 жылы тәлімгер ретінде  қабылданып, 01.10.2014 жылы „информатика“ пәні мұғалімі қызметіне ауыстырылған.

Ағыбай батыр атындағы орта мектебінде Қазақ мемлекеттік қыздар   институтын 2012 жылы қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген  Д.Нурлыбекова бастауыш сынып мұғалімі қызметіне 29.08.2014 жылы №261 бұйрықпен    қабылданған.

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде Тараз политехникалық коллледжін „техник-программист“ мамандығы бойынша бітірген А.Ахметжанова (11.01.2014 жылы №11 бұйрық) информатика пәні мұғалімі қызметіне қабылданған.

Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университетін 2011 жылы география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген Ә.Зәуіров дене шынықтыру пәні қызметіне (12.09.2012 жылы №4 бұйрық) қабылданған. Мектеп директоры Ә.Зәуіровты  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында сырттай курста  оқып жатқандығы туралы  09.09.2014 жылғы анықтамамен жұмысқа қабылдаған.  

Осы мектепте Жамбыл педагогикалық институтын 1997 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген А.Сейтжанова орыс тілі пәнінен  толық жүктемемен  сабақ беретіндігі анықталды.

Кеңес орта мектебінде №2 Алматы педагогикалық колледжін „Бастауыш білім беру“ мамандығы бойынша бітірген Ж.Елубаев 01.09.2015 жылы №35 бұйрықпен кітапханашы қызметіне қабылданған.

В.Терешкова атындағы орта мектебінде Тараз педагогикалық институтын 2008 жылы «химия биология» мамандығы бойынша бітірген М.Райсова география пәнінен сабақ беретіндігін анықталды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі дейінгі білім беру ұйымдарын зерделеу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды.

Төмендегі балабақшаларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   07.07.2015 жылғы №172 бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және  «Мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары   өрескел бұзылғандығы және  мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайтын Қазақстын Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының» 37 – тармағының «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі деп көрсетілген. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады» - деген  талаптары  орындалмаған.

Мойынқұм ауылы «Балбөбек» балабақшасы бойынша:  Балабақшада 12 топ ұйымдастырылған, 280 бала бар. Балалардың құжаттары  талапқа сай жинақталмаған. Атап айтқанда:  «Көжек» тобында тізім бойынша балалар саны 19 бола тұра 21 баланың құжаты тұр, яғни балалақшадан шыққан балалар  дер кезінде тізімнен шығарылмаған. Сондай –ақ,  осы топта  6 баланың ата-анасының өтініштері жоқ, ал жазылған 2 өтініште меңгерушінің  қолы қойылмаған. «Ботақан» тобында  тізім бойынша 20 баладан 19 баланың құжаты бар, ата-аналардың өтініштері жоқ. «Құлыншақ» тобында тізім бойынша 19 бала, 15 баланың ғана құжаты бар болса, «Балапан» тобында 23 баладан, 20 баланың құжаты, «Балауса» тобында 23 баладан 22 баланың ғана құжаты бар.

Баланың балабақшадағы орнын сақтау бойынша шығарылған 2015 жылғы бұйрықтар, күші жойылған ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы  № 1353 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі білім  беру ұйымдары қызметінің ережесін негізге ала отырып шығарылған.

Балалардың құжаттарының рәсімделуі топ тәрбиешілеріне жүктеліп,  құжаттар топтарда сақталынады. Жолдамаларды тіркеу журналы нөмірленбеген, тігілмеген, мөрі басылмаған. Мүлдем тіркелмеген жолдамалар бар. Атап айтқанда: 30.03.2014 жылғы  Ханидулла Мағжанға 23.10.2015 жылы берілген жолдама,  02.08.2013 жылғы Серікбай Ғазинурға 05.10.2015 жылғы берілген жолдамалар  журналға тіркелмеген, ата-аналарының өтініштері жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  бойынша жұмыстар мүлдем жүргізілмеген.  Іс–шаралар жоспары жоқ. Балабақшада сенім жәшігі жоқ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрыштары ұйымдастырылмаған. Балабақша әдіскері  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»  тақырыбында  І  кіші топтың балаларына арналған (2-3 жасар бала)  баяндама түрінде материалды  көрсеткен.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы  жоқ.

«Құлыншақ» балабақшасы бойынша: Балабақшада 7 топ ұйымдастырылған, 175 бала бар. «Астана» тобында 10.08.2010 жылы туылған Серік Нүрисламға жолдама  24.02.2015 жылғы берілген, ата-ананың өтініші 06.02.2014 жылы жазылған, бұйрық шығарылмаған.

Ақжелек ауылы «Самал» балабақшасы бойынша:  Балабақшада 3 топ, 65 бала бар. Балалардың құжаттарының рәсімделуі бойынша мынадай кемшіліктер анықталды: балабақшада 1 бұйрық  бірнеше тараумен шығарылған. Мыс: «Балдырған» тобындағы 13.08.2011 жылы туылған  Әбдразақ Рамазанға  жолдама 28.08.2013 жылы беріледі. тамыз айында шығарылған № 46 бұйрықтың  2  тарауы  қырқүйек айымен жалғасқан. Ата-аналармен жасалған келісім шарттарында айы, күні, жылы жазылмаған. Сондай-ақ балалардың құжаттарының  арасында ата-ананың  ауыл әкіміне  жазған өтініштері сақталған. Ал баланы балабақшаға қабылдау туралы өтінішін меңгеруші бөлек сақталады деп түсіндіріп, ол өтініштерді көрсете алмады.

Ақсүйек ауылы «Сказка» балабақшасы бойынша:  Балабақшада 2 топ ұйымдастырылған, 45 бала бар. Қызметкерлердің іс-құжаттарын қарау барысында еңбек шарты, соттылығы туралы анықтама, білімін растайтын құжаттар (диплом)  жоқ. Тәрбиеші  қызметін атқаратын С.Воложанина  тәрбиешінің көмекшісі  болып қабылданып, 2014 жылдың желтоқсан айында дипломсыз тәрбиеші қызметіне ауыстырылған.

Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің»    105 - бабында «Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан  күнтізбелік  үш  күннен кешіктірілмей жүргізіледі» делінген. Зерделеуге қамтылған барлық білім мекемелерінде «Еңбек демалысын беру туралы»  бұйрықтар мерзімінен кеш шығарылған. Мекеме басшылары аталған бұйрықтарды қызметкерлер  еңбек демалысына шығатын күні шығарып, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» талаптарын бұзған.

Зерделеуге қамтылған барлық білім  мекемелері қызметкерлерінің жеке құжаттарын зерделеу  қарау барысында 2014-2015 жылдың осы мерзіміне дейін  жұмысқа қабылданған қызметкерлерден жұмысқа қабылдау барысында соттылығы туралы анықтаманың талапқа сәйкес алынбайтындығы анықталды. Анықтамалар  халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған. Соттылығы туралы анықтама Жамбыл облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен арнайы сұрау салу  арқылы  алыну тиіс.    

М.Жұмабаев атындағы орта мектепке 21.11.2014 жылы №228 бұйрықпен әлеуметтік педагог қызметіне қабылданған А.Сариеваның соттылығы туралы анықтама  мүлдем алынбаған (халыққа қызмет көрсету орталығының да анықтамасы жоқ).   

Зерделеуде қамтылған  білім мекемелерінің барлығында  жеке құрам және өндірістік бұйрықтары талапқа сәйкес рәсімделмей (құжаттарды рәсімдеу кезінде  сол жағынан–20 мм; оң жағынан-10 мм; жоғарғы жағынан – 10 мм;  төменгі жағынан – 10 мм жиек болуы тиіс және Бұйрық жобасындағы кіріспе "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен аяқталады, ол бас әріптермен, жартылай қалың әріппен жазылады және оны басқа жолға тасымалдауға болмайды..)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің „Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570  Қаулысын және   Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №211 қаулысымен  бекітілген „Жамбыл облысы әкімдігінің аппараттарында және жергілікті атқарушы органдарда  іс жүргізу, құжаттардың  орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі“ нұсқаулық талаптары  бұзылған.

Зерделеу барысында 5 (3 мектеп, 2 балабақша) білім  мекемесінің  қызметкерлерінен анонимдік сауалнама алынды. Сауалнамаға  зерделеу жүргізілген білім мекемелерінің  134  қызметкері қатысып, оның 53–ы  (39,5 %)  сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын атап көрсеткен.

Мыс:Сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің басым көпшілігі сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын (ақша жинау фактісінің орын алатындығы) атап көрсеткен.  (Жамбыл мекеп гимназиясында  (33 қызметкердің 22 –і (66,6%)), Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде  (43 қызметкердің 15-і(34,8%), М.Жұмабаев  атындағы орта мектебінде  (19 қызметкердің 9 -ы), «Балбөбек»  балабақшасы   (22 қызметкердің  4-і), «Құлыншақ» балабақшасы (17 қызметкердің  3-і).

Сонымен қатар, Жамбыл   мектеп – гимназиясында   жиналатын қаржының көлемі ай сайын   3 000 - 5 000 теңге, «Балбөбек», «Құлыншақ» балабақшаларында   1 000 – 3 000 теңге аралығында  жиналатындығын және ақша жинаудың бастамашысы  мекеме басшысы, басшының орынбасары деп атап көрсетсе,  Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде директордың орынбасары А.Қасымбаева жинайтындығын ашық көрсеткен.

Жоғарыда аталған кемшіліктер мекеме басшыларының  білуі тиіс нормативтік –құқықтық құжаттарды терең білмеуі, аудандық білім бөлімінің  тарапынан білім мекемелері басшылары  мен педагогтардың сапалық құрамы мен кәсіби біліктілігіне  жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, ұсыныстар берілмеуі  салдарынан орын алған.  

 

 

Анықтаманы дайындаған:

 

Персоналды  басқару  бөлімінің  

басшысы  Б.Маймышев

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі