Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 16 гостей.

"Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы

Мазмұны

·         Бағдарламаның паспорты

·         Кіріспе

·         Ағымдағы жағдайды талдау

·         Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері

·         Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар

·         1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету

o    1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру

o    1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы

o    1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту

o    1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу

o    1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін

·         2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

o    2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі

o    2.2 АКТ-нарығын ынталандыру

·         3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру

o    3.1 Адами капиталды дамыту

o    3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру

o    3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында

o    3.2  Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

o    3.3 Электрондық коммерцияны дамыту

o    3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру

o    3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында

o    3.4.2 АКТ көлік жүйесінде

o    3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде

o    3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері

o    3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында

o    3.4.6 АКТ туризм саласында

o    3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында

·         4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту

o    4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту

o    4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру

o    4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу

·         5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

·         6. Қажетті ресурстар

·         7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

 

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы 

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган  
 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар,  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары

Бағдарламаның мақсаты 

Ақпараттық қоғамға көшу шарттарын жасау        

Міндеттері 

1.    Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі.

2.    Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3.    АКТ-ны енгізу  арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру.

4.    Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Іске асыру мерзімі

1 кезең: 2013-2017 жылдар
2 кезең: 2017-2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1.    Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2.    «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3.    Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4.    Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5.    Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6.    елдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі  – 4%;

7.    Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8.    Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9.    Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10.  Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11.  Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12.  Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

Қаржыландыру көлемі мен көздері

Мемлекеттік бюджет және кәсіпорындардың, ұйымдардың құралдары, сондай-ақ мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен ұйымдардың қаражаты.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы жылға сәйкес бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады

 

Кіріспе

Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.
Әлемде мынадай үрдістер байқалуда:

1.    АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;

2.    Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;

3.    Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;

4.    Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5.    Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық және инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын үйлестіру, бизнесті, ұлттық стартегияны іске асыру бойынша барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөлдің мемлекетке тиесілі екендігін көрсетеді.
Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.
Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу барысында Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава хартиясы (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), Ақпараттық қоғамды құру қағидаттары декларациясы (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемелері әрекеттерінің жоспары (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл), өзге де халықаралық құжаттар, сондай-ақ, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған стратегиялық даму жоспары ескерілді.
Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:
мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру;
отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Аталған бағыттардың шеңберінде АКТ-не жер-жерде енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық әрі ұтқыр үкіметті құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту бойынша міндеттер шешіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүймелденуі қажет екендігін ескере отыра, Бағдарламамен азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді эектрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға жағдай жасау көзделген.  Сондай-ақ, еліміздің ашық, қолжетімді және бәсекелеске қабілетті экономикасын құру үшін, Бағдарламамамен шаруашылықтың негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді. 
Ақпараттық қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтерді көрсету жөніндегі бизнес пен мемлекеттің күшін шоғырландырудан байланысты болады.
«Ақпараттық Қазақстан -2030» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшу стратегиясын жүзеге асырудың қорытынды кезеңі болады деп болжалады.

 

Ағымдағы жағдайды талдау 

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында  АКТ-ның қарқынды дамуы және бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адмадардың өмір сүру салтына да әсер етіп, қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болатыны белгіленген. Бұл жағдай АКТ-ны дамытудың қазіргі Қазақстанның экономикасы және азаматтарының өмірі үшін маңыздылығын көрсетеді. 
Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстанның маңызды жетістіктері байқалады.
2012 жылғы наурыз айының басында жарияланған БҰҰ Е-Government Survey-2012 «Электрондық үкімет адамдар үшін» рейтингінде, Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтеріліп, 38-орынды иеленді. Е-қатысу  индексі бойынша  Қазақстан  2-орынды Сингапурмен бөлісті.
Дүниежүзілік экнономикалық форумның 2012-2013 жылдарға арналған  ғаламдық бәсекелестік қабілеті бойынша есебінде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттік рейтінгі 21 позицияға көтеріліп, 51-орынға жетті.
Халықаралық электрбайланыс одағының рейтингінде Қазақстан соңғы жылы АКТ дамыту индексі бойынша 72-орыннан 68-орынға көтерілді.
Пошта байланысы саласында ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметтер нарығының негізгі жеткізушісі болып қалады. Қызмет көрсету еліміздің барлық аумағын қамтитын 3000 астам өндірістік нысандармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пошталық, күрьерлік қызметтерді «DHL International Kazakhstan» ЖШС, «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» ЖШС және т.б. көрсетеді.
Жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтерді көрсету, телерадиохабардың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сонымен қатар жергілікті телефон байланысының  цифрландыру деңгейін көтеру телекоммуникация саласының негізгі беталыстары болып табылады.
Байланыс желілерінің  Интернет жүйесіне қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша қызметі басып озған  қарқынмен дамып  келе жатыр.  Қазақстан халқының  53,5 %  Интернет жүйесінің пайдаланушылары болып табылады.  (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылдың 2 тоқсанындағы жедел деректеріне сәйкес).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4G технологиясы енгізілуде, Интернет жүйесіне кең белдеулі қол жетімділік жүйесін дамыту ADSL, CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады.
ADSL технологиясы.
ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line) – асимметриялық цифрлық абоненттік желі – интерактивті бейне қызметтеріне (сұраныс бойынша бейне, бейне ойындар және т.б.) жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін және деректерді жылдам жіберу (Интернетке қол жеткізу, ЖЕЖ және басқа желілерге қашықтан қол жеткізу) үшін әзірленген.
ADSL технологиясы Интернет жүйесіне қол жеткізу жылдамдығына жоғары талаптар қоймайтын абонентерге КЖҚ  қызметін көрсетудің ең көпшілік және ең арзан әдісі болып табылады. ADSL технологиясы жөніндегі КЖҚ желісі қол жеткізу желісі пайдаланылатын байланыс желісінің кез келген учаскесінде жайылуы мүмкін.
Абонентке ақпаратты беру жылдамдығы 7 Мбит/с (ADSL2+ үшін 24 Мбит/с дейін) құрады, ал абоненттен–1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату желісінің мыс кабелінің жағдайына, АТС абонент арасындағы арақашықтығына, кабелдегі абоненттер санына  және т.б. тәуелді.   
Бүгінгі күні ADSL технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 1 017 486 адамды құрайды.
FTTH  технологиясы.
FTTH (Fiber To The Home) – үйге орнатылатын оптикалық-талшықты кабель (жеке/ жеке меншік үй, пәтер).
Жоғары жылдамды КЖҚ қызметіне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін және көрсететтін қызметтер спектрін кеңейту үшін 2011 жылы Fiber to the Home (FTTH) әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды.  Жоба Астана, Алматы қалаларындағы және Қазақстан Республикасының облыстық орталықтарындағы көппәтерлі үйлерді және коттедждік құрылыстарды 100%-ды қамтуды көздеп отыр.
Жобаның 1-ші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы  Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларындағы және облыстық орталықтардағы 146 объектте 3 718 көп пәтерлі үйлерді, 2 755 коттедждік құрылыстарды қамтитын талшықты-оптикалық қол жеткізу желілері салынды.    Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа шамаланған GPON желісі  құрылып, пайдалануға қабылданды.
CDMA/EVDO технологиясы.
CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) – CDMA стандартындағы ұтқыр байланыс желісінде пайдаланылатын деректерді жоғарыжылдамды беру технологиясы.
Бүгінгі күні барлық первпективалы және электр қуатымен қамсыздандырылған ауылдық елді мекендер жеке және/немесе ұжымдық қол жеткізу арқылы 100% телефондандырылған.
2011 жылдан бастап CDMA 450 стандарттағы ауылдық байланыс CDMA450 технологиясының    EVDO платаларымен жабдықталуы арқылы, Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына Интернет жүйесіне  КЖҚ қызметін көрсететін   EVDO технологиясын пайдалана отыра дамуда.
CDMA 450/EVDO технологиясы абонентерге деректерді жоғары жылдамдықты беру қызметіне орналасқан орнына тәуелсіз, желінің қолданысы шегінде, сонымен қатар қозғалыс кезінде, қол жеткізуді қамтамасыз етеді.   
Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиялар бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығы жаңа цифрлық деректерді тығыздау алгоритмін қолдану есебінен жүзеге асырылады. Бұл жағдай CDMA-450 желісі қамтитын аумағының кез келген нүктесінде интернетке жоғары жылдамды қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының Интернетке сымсыз КЖҚ мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 7 737 құрайды.
3G технологиясы  – бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы  – деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы.
Үшінші буынның 3G желілері бейнетелефондық байланыс ұйымдастыруға, ұялы телефонда бейне легін көруге және т.б мүмкіндік жасайды. 
2011 жылы ұялық байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарында үшінші буынның  3G желілерін пайдалануға енгізді.
4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution) – деректерді 300 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (деректер стациясынан пайдаланушыға) және 75 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (пайдаланушыдан деректер станциясына) пакеттік беру үшін оңтайландырылған,  жоғары жылдамды ұтқыр байланыс жүйелерін жасауды қамтамасыз ететін, деректерді берудің ұтқыр хаттамасы
4G технологиясы  қол жеткізу қызметтерінің Интернет жүйесіне енуін дамытуға мүмкіндік жасайды, соның ішінде, ілеспе қызметтер спектрін кеңейтуге (ұтқыр ТВ, сұраныс бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін арттыруға және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік жасайды.
2012 жылдан бастап телекоммуникациялар желісінде төртінші буынның (4G стандарттағы) желілерін салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталды.
Цифрлық телерадио хабарын тарату.
Қазақстан Республикасының бүгін алдында тұрған өзекті міндеті цифрлық технологияларға көшу жолымен телерадио хабарын таратудың барлық ұлттық желілерін жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлық хабар таратуды енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылы эфирлік цифрлық телевидениемен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларды таратуды енгізу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- жиілік-аумақтық жоспар бекітілді;
- хабар таратудың - DVB T2 стандарты қабылданды.
- 2012 жылғы шілденің 3-де Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында теле хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді.
Одан басқа Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету үшін телекоммуникациялық желілерді дайындау, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің саны ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызды интернет-ресурстарын құру және электрондық коммерциялар бойынша жобалардың сандарын ұлғайту қажет.
Халыққа және бизнеске берілетін қызметтердің сапасын артыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халықты және бизнеске қызмет көрсетудің рәсімдері жеңілдетіілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің жағымды беталысы байқалады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуальдық қабылдаулар, интернет-конференциялар арқылы халық және бизнеспен мемлекеттің диалогы және кері байланысы механизмі іске асырылды.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпараттарды және қызметтерді берудің міндеттері табысты шешілді.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды.
Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жылсайын бағалау жүргізілуде.
Ғылымды, технологиялардың трансфертін қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылған, ғылыми зерттеулер мен әзірлеулерге инвестицияның, бизнес пен университеттің ынтымақтастығының көлемі артуда,  ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту жөніндегі АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде.
2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз етуі (opensource)» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана құрылды.
Салалық АКТ-ны ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Алматы қаласында орналасқан «Ақпараттық технологяилар паркі» аумағында оқу-зерттеу кешенін, бизнес орталықты, дата орталықты, бизнес-инкубирациялау функцияларымен және даму институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы қорды салуды ескеретін АКТ-кластерді құру жобасы бастамаланды.
Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) саласындағы үдерістерді жетілдіру және сауықтыру және ақпараттық контенті өндірудің отандық индустриясын дамыту жөніндегі жұмыстар үнемі жүргізілуде.
Осылай, ағымдағы жағдайды және көшбасшы-елдердің тәжірибесін талдау Қазақстаннның ақпараттық дамудың және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік стратегияларын іске асыруда дайындығы туралы растайды.

 

Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері

Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.
Бағдарламалық міндеттер:

1.    Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.

2.    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3.    Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.

4.    Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Нысаналы индикаторлар

1.    Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2.    «электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3.    Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4.    Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5.    Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6.    елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі  – 4%;

7.    Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8.    Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9.    Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10.  Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11.  Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12.  Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

 

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар

 

1.    Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету

 

Негізгі міндеттер:

1.    Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру.

2.    мемлекеттік органдардың ашықтығы.

3.    «Электрондық үкіметті» дамыту.

4.    Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу.

5.    АКТ құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.

 

1. Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру  

                                                арқылы оңтайландыру

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау 
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесін және бақылау–қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда, рұқсат беру құжаттарын беру үдерісі автоматтандырылуда, рұқсат беру рәсімдерін ықшамдау жөніндегі нормалар заң жүзінде бекітілген, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару жүйесі негізінде тексерістердің мерзімділігін белгілеуге мүмкіндік жасайтын механизм енгізілген. 
Осы шаралардың барлығы мына көрсектіштерге жетуге бағытталған::
уақыт шығындарын және бизнес шығындарын қысқарту;
әкімшілік тосқауылдарды төмендету;
мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеу;
халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағыттылған  бір қатар шаралар жүзеге асырылуда.
Әкімшілік реформалардың катализаторы және құралы ретінде қарастырылуы тиіс ақпараттық технологиялар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құрудың негізгі жолдарының бірі болып белгіленген. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану бақылау мәселелерін ретке келтіруді қамтамасыз етеді, бизнес –үдерістердің және деректердің қайталануын жібермейді, нәтижесінде бюджеттік қаражат шығынын қысқартуға және халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Міндет: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін құрылымдық тәсілдемені енгізу.
Нысаналы индикаторлар:

1.    Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 2017 жылда тізімдегі бірінші 38 елдің қатарында болуы тиіс,  2020 жылда - 35 елдің қатарында болуы тиіс;

2.    мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты 2017 жылда 5 жұмыс күннен, 2020 жылда - 3 жұмыс күннен аспауы тиіс;

3.     мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылын  автоматтандыруды қамтамасыз ету 2017 жылда – 80%, 2020 жылда - 100 %.

Қол жеткізу жолдары  
Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» инфрақұрылымын пайдалануы көптеген әкімшілік өзгерістердің  қозғаушы күші болып табылады.
Мемлекетті органдардың жұмысының тиімділігін арттыру уәкілетті органмен келісілген әрбір мемлекеттік органға арнағлан құрылымды құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды болжайтын құрылымдық тәсілді қолдану арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік органның құрылымы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланатын жағдайының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын  құжаттардың, үлгілердің, матрицалар мен диаграммалардың, сонымен қатар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған қызметтердің, бизнес-үдерістердің, деректердің, ақпараттық жүйелердің және техникалық инфрақұрылымның құрамдас бөлшектерінің арасындағы өзара  тәуелділікті және өзара байланысты оңтайландыру жөніндегі іс шаралар жоспарының жиынтығы болып табылады.  Құрылым өзара байланысты қабаттардан тұратын үлгі негізінде құрылады:
қызмет құрылымы;
деректер құрылымы;
қосымшалар құрылымы;
технологиялық құрылымы;
ақпараттық қауіпсіздік құрылымы.
Бірыңғай бизнес-үдерістерді, құжаттардың, стандарттардың және типтік шешімдердің бірыңғай шаблондарын пайдалану есебінен аймақтардағы мемлекеттік органдардың қызметін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жергілікті атқарушы органдардың құрылымы жасалады. 
Пысықталған құрылымның негізінде мемлекеттік органдарда орндалатын бизнес-үдерістерді регламенттейтін нақтылы құжаттар әзірленеді.
Бюджеттерді және республикалық деңгейдегі АКТ-жобалардың көбін жүзеге асыруды АКТ-мен басқару  үдерісі орталықтандырады.
Олардың стратегиялық жоспарларының бөлігі болатын, барлық мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бойынша іс-шаралар әзірленеді. Ақпараттандыру іс-шаралары толықтығына, қарама-қайшылықсыздығына және мемлекеттік органдардың оңтайландырылған сәулетін енгізуге бағытталғандығына қатысты уәкілетті органмен тексеріледі.
Ақпараттандыру жоспарларын толыққанды орындау мақсатында әрбір мемлекеттік органда оны ақпараттандыру үшін жауапты ұйымдық бірлік құрылуы немес әрекет етуі қажет. Мұндай ұйымдық бірліктің мақсаттары мен міндеттері мемлекет көлемінде жүйелендіріледі.
Мемлекеттік органдардың АКТ- бағдарламаларының басшылары үшін мансаптық жүйе және оларды мемлекеттік органдар мен коммерциялық сектор арасында алмастыру механизмі әзірленеді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері ашық ақпарат көздерінде  жарияланады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-жобаларын  жүзеге асыру регламенттерін бұзғаны  үшін жауаптылыққа тарту шаралары күшейтіледі.
АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат әзірленеді.

 

1.2 Мемлекеттік органдардың ашықтығы

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта халықпен және бизнеспен мемлекеттің диалогының және кері байланысының механизмі құрылды. Барлық мемлекеттік органдармен азаматтар мен бизнес үшін ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар құрылды.
Заңды түрде мүгедектер үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бектіліді.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттардың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізілуде.
«Электрондық үкімет» порталында «Виртуалдық қабылдау» қызметі іске асырылған, онда азаматтар мемлекеттік органдарға тікелей хабарласады.
Одан басқа, Мемлекеттік органдар және Үкіметтің бірінші басшыларының блогтары жұмыс істейді, онда әрбір азамат өздерінің түсіндірмелерін қалдырып, қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсында «Бизнесті Президенттік қорғау» арнайы тарауы құрылған.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция жиі өткізіледі. Осындай конференцияларда азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауаптарды алады.
Үкіметтің өткізілген он-лайн отырыстарының саны 2011 жылы
37 отырысты құрады, он-лайн конференцияларды саны 40-ты құрады.
Міндет: азаматтардың, бизнестің және ақпарат қоғамының құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің анықтылығы мен есептілігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1. бағдарламаның іске асыру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) алдыңғы 5 елдердің санында болуы тиіс;
2. «ашық деректер» порталының сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны 2017 жылы 50, 2020 жылы - 65 кем еместі құрайды.
Қол жеткізу жолдары
Деректерді жинақтауды жүйелендіру және мемлекеттік органдардың ақпараттарын құрылымдау мақсатында келесі іс-шаралар іске асырылатын болады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар мен бизнеске Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мемлекеттік органдармен берілетін жариялы ақпараттың тізбесі кеңейтіледі.
Электрондық ақпараттық ресурстардың объективтілігін, толықтығын және нақтылығын уақытылы беру мақсатында ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды жариялы түрде тарату немесе мемлекеттік органдармен берудің міндетті сипаты белгіленген.
Халықпен сұхбат жасау, көрсетілетін қызметтердің сапасын талқылауға арналған алаң ретінде қызмет ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бюджеттік қаражатты жоспарлау және нақты игеру жөніндегі деректерді шоғырландыратын «электрондық үкімет» порталы дамытылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тұрақты қоғамды мониторингінің үдерісіне азаматтарды, үкіметтік емес және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен тартылады.
Әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік органдармен және халықпен кеңінен талқылау үшін Интернет желісінде әлеуметтік желілер қолданылатын болады, мемлекетті реформалау және жақсарту үдерісіне азаматтарды тартудың механизмі құрылады және іске қосылады.
Мемлекеттік мекемелердің сайттары бірдейлестіріліп және бірыңғай тұғырнамаға көшірілетін болады.
Барлық деңгейдегі және жергілікті өзіні өзі басқару органдарының әкімдерін қоса алғанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін азаматтармен электрондық бақылаудың механизмі іске асырылатын болады.

 

1.3 «Электрондық үкіметті» дамыту

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2008 жылдан бастап мерзімде Қазақстанның «электрондық үкіметі» БҰҰ рейтингісінде 43 позицияға көтерілді. 2012 жылғы наурыздың басында жарияланған «Электрондық үкімет адамдар үшін» БҰҰ Е-Government Survey-2012 рейтінгінде 38-орынды алды. Онлайн-қызметтерінің индексі 10 позицияға өсті. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге әлемде 2-орынды бөлісті.
Азаматтар мен ұйымдарға ақпаратты және қызметтерді беру міндеттерінің шешімінде базалық құрауыштар ойдағыдай іске асырылды және «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, осындай жобалар ретінде: электрондық лицензияларды беру, ХҚКО, салықтар мен айыппұлдардың электрондық төлемі, электрондық нотариат, электрондық кеден, электрондық мемлекеттік қызметтер, «электрондық үкімет» Call-орталығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімділігін арттыру мақсатында осындай электрондық құжат айналымы, электрондық мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік органдардың порталдары жобалары іске асырылды, Қазақстанның барлық емдеу мекемелерін және медицинаны басқарудың барлық жүйелерін қамтитын е-денсаулық сақтау жобасы енгізілуде.
«Е-Қаржымині» және «Е-Статистика» жобаларын іске асыру аяқталуда.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы мемлекеттік органдармен халыққа және бизнеске 236 интерактивтік және транзакциялық қызметтер беріледі, оның 108 «электрондық лицензиялау» порталында және 128 «электрондық үкімет» порталында ұсынылады.
«Электрондық үкімет» порталын күн сайын 25 000 аса азаматтар пайдаланады. 13.3 млн. аса е-анықтамалар, оның ішінде 2012 жылғы 1 жарты жылдықта 4 млн. аса е-анықтамалар берілді.
2011 жылы 15% әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді. 2013 жылда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыру жоспарланған.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін халыққа және бизнеске
1 млн. аса электрондық цифрлық қолтаңбалар берілді.
«Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі барлық лицензиарлар мемлекеттік органдарда, 79 аумақтық лицензиарларларда, 16 жергілікті атқарушы органдардан 8-не енгізілді.
2012 жылғы сәуірдің 1-нен бастап орталық мемлекеттік органдардың барлық лицензиялары электрондық нысанда қалыптастырылуда, 2012 жылғы
9 айда 13 мыңнан аса электрондық лицензиялар қалыптастырылды.
92 лицензияларды оңтайландыру, 80 рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі жоспарлар бекітілді.
13 сала үшін өнімділіктің, қызметтің қосымшалар деректерінің, технологиялар мен стандарттардың эталондық моделдері құрылды, сондай-ақ оларды толтыру және бұдан былай сүйемелдеу үшін әдістемелер әзірленді.
5 жылға дейін сақтау мерзімімен құжаттарды қағаз тасығыштағы құжаттарды қайталаусыз орталық мемлекеттік органдарды электрондық құжат айналымына көшіру қамтамасыз етілді.
Электрондық әкімдіктерді дамытудың аясында 20 мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мүмкіндігімен «е-әкімдік» өңірлік шлюзі» жобасы іске асырылды.
Міндет: «электрондық үкіметті» мемлекеттің ақпараттандыру құралы ретінде дамыту.
Нысаналы индикаторлар:

1.    «электрондық үкімет» индексі «БҰҰ әдістемесі бойынша» 2017 жылы  алдыңғы 30,  2020 жылы – 25 елдердің қатарында болуы тиіс;

2.    мемлекеттік қызметтерді берудің сапасымен халықты қанағаттандырудың индексі 2017 жылы 5 баллдан 4,5 баллды, 2020 – 4,7 баллды құрауы тиіс;

3.    мемлекеттік қызметтерді көрсету бюрократиясының индексі
2017 жылы 3, 2020 жылы 1 болуы тиіс;

4.    көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына ара қатынасы бойынша 2017 жылы – 50%, 2020 жылы - 80% құрауы тиіс;

5.    электрондық қызметтердің жалпы көлемінде мобилдік электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылы 36%, 2020 жылы 40% құрауы тиіс;

6.    мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі әлеуетті автоматтандырылғандардың санынан 2017 жылы кемінде 80% және 2020 жылы кемінде 100% құрауы тиіс;

7.    аумақта жаңартылған (өзектіленген) картографиялық материалдың үлесі:

М1:500 нақтылықпен қалалар мен кеншарларда: 2018 жылы  – 100%;
М1:2000 нақтылықпен басқа да елді мекендерде: 2020 жылы  – 100%;
М1:10000 нақтылықпен өңделетін жерлерде: 2018 жылы  – 100%;
М1:25000 нақтылықпен өңделмеген жерлерде: 2020 жылы  – 100%.
Қол жеткізу жолдары
Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық желі және Қазақстанның «электрондық үкіметі» ақпараттық қоғамын құрудың инфрақұрылымы болады. «Электрондық үкіметті» дамытудың жаңа маңызды бағыттарының қатарында келесі міндеттер шешілетін болады.
Нақты нәтижелердің қысқаша итерация және жылдам жетістігіне бағытталған, модульдік қатынасты енгізудің жағына АКТ-жобаларының өмірлік циклы қайта қаралатын болады.
Үлкен емес АТ-компанияларда АКТ-жобаларына қатысу үшін «кіру табалдырығын» жою мақсатымен іс-шаралар өткізілетін болады.
Мемлекеттік басқару реоформаларының барлық түрлерін негізгі келісілген құрал болатын мемлекеттік органдардың Бірыңғай ақпараттық-талдамалық ортасы әзірленетін болады.
Мемлекеттің барлық әлеуметтік маңызды инфрақұрылымын (инженерлік желілер, тұрғын үй қоры, жолдар және т.б.) тексеру және паспорттандыру орындалатын болады, жаңа мемлекеттік деректер қоры құрылатын болады. 
Мемлекеттік деректер қорын тіркеу объектілерімен ықпалдастырылған замаманауи, сапалы және толық гео-ақпараттық материалға қолжетімділікті мемлекеттік органдарға беретін бірыңғай ұлттық гео-ақпараттық орта құрылатын болады.
Мемлекеттік деректер қоры, мұрағаттар және ведомстволық ақпараттық жүйелер үшін тарихи мәліметтердің электрондық түріне жинаудың және ауыстырудың міндеті мемлекеттік деңгейде жүйелі шешілетін болады.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет үдерістерін талдау негізінде үлгілік ақпараттық жүйелердің тізбесі анықталатын болады.Үлгілік ақпараттық жүйелер «бұлыңғыр сервистер» түрінде ақпараттандырудың жаңа моделінің аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға енгізілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді беру және оларды автоматтандыру жөніндегі бизнес-үрдістерді қысқарту және жеңілдету үрдісі жалғасатын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың функциялары автоматтандырылатын болады.
Әкімшілік құжаттарды нөмірлендіру және кодтаудың бірыңғай жүйесі қарастырылады.
Мобильдік құрылығылар арқылы азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін жедел ұсыну үшін арналған «электрондық үкіметтің» бағыттарының бірі - «мобильдік үкімет» қарқынды дамитын болады.
Мемлекеттік органдардың арасында олардың жұмыстарының регламенттерін жетілдіру және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) енгізу жолымен құжат айналымын айтарлықтай қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. ЭҚАБЖ жүйесі «бұлыңғыр сервистер» және мобильдік құрылғыларда жұмыс жасау жағына дамитын болады.
Коммерциялық және мемлекеттік жүйелер мен сервистерді ықпалдастыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Лицензиялық және еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелері регламенттелетін болады.
«Электрондық үкімет» Call-орталығы базасында мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің мәртебелері мен даярлығы туралы хабарлау мәселелері бойынша  Бірыңғай Call-орталығы құрылатын болады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен заңды және жеке тұлғалардың ресми ақпараттық өзара іс-қимылы, дербес деректерді пайдалану үшін арналған Азаматтың бірыңғай жеке кабинеті құрылады және енгізілетін болады, ол сондай-ақ мемлекеттік органдармен азаматтардың өзара іс-қимылының бірыңғай нүктесі болады.
Қоғамда электронды-сандық қол (бұдан әрі - ЭСҚ) кеңінен пайдалануға бағытталған жаңа үлгідегі жеке куәліктерге электрондық-цифрлық қолтаңбаларды жазудың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.
Электрондық қызметтерге қоғамдық қолжетімділік пункттерінің саны нақты артылатын болады, сонымен қатар қолданыстағы пункттердің құрал-жабдықтары жаңартылады.

 

1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру механизмінің бірі «бұлыңғыр есептеу», АКТ-аутсорсингі және тапсырыстарды шоғырландыруды пайдалануға көшуге негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің технологиялары кеңінен қолданылады.
Осы технологияларды енгізудің нәтижелері бюджеттік қаражатты шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес үдерістерінің тиімділігі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді «виртуализациялау» және «бұлыңғыр есептеу» технологияларын енгізу басталды.
2010 жылы Мемлекетттік органдардың серверлік орталығы пайдалануға ісуе қосылған болатын, оның базасында 2011 жылдан бастап есептеу ресурстарын орталықтандырылған беру үшін виртуалдау технологиясын қолданумен шоғырландырылған есептеу алаңы көбейтумен collocation (серверлік құрал-жабдықтар үшін бағана-орынды жалға алу) қызметтері беріледі.
«Бұлыңғыр» есептеу базасында «Қазақстан Республикасы мемлекетттік органдарының бірыңғай пошталық жүйесі» жобасын іске асыру және Павлодар қаласындағы Деректерді өңдеу орталығын құру басталды.
Міндет: мемлекетттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың шығындарын оңтайландыру.

Нысаналы индикаторлар:

1.    мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтары, серверлік бөлмелері, серверлік құрал-жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%, 2020 жылы – 50% қысқаруы тиіс;

2.    меншікті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуін, меншікті ақпараттық жүйелерін құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға мемлекеттік органдардың шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%, 2020 жылы – 50% құрауы тиіс.

Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару ақпараттандырудың жаңа моделін құру және енгізу арқылы АКТ-сервистеріне тапсырыс беру және тұтынуға АКТ-өнімдерін сатып алудан жоспарланған кезең-кезеңімен ауысу жүзеге асатын болады.
АКТ-аутсорсингіне берілетін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесі анықталатын болады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-тапсырысын шоғырландыру механизмі қалыптасатын болады.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай бұлыңғыр платформасын (бұдан әрі - G-Cloud) қолдануға негізделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік моделі іске асырылады.
G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және G-Cloud-та мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін көшіруге жауапты, ақпараттандыру саласындағы оператор анықталатын болады.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер мен серверлік құрал-жабдықтардың ревизиясын жүргізетін және оларды жоюдың және/немесе G-Cloud-қа ауыстырылуы тіртібін анықтайтын болады.
АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару жөніндегі қосалқы функцияларды олармен өзіне тән емес қысқартатын мемлекеттік органдармен жалға алу жалпы сервистерін G-Cloud жинақтау жүргізілетін болады.
G-Cloud инфрақұрылымына жауапты, ақпараттандыру саласындағы оператор, оператордың жұмысы үшін қажетті байланыс арналарына, қауіпсіздікке және басқадай бағыттарға жауап беретін даму жоспарын үйлестіру мен шоғырландырады және органдардың жұмысын біріктіреді.
Ақпараттандырудың жаңа моделдерінің бастамаларын қамтамасыз ету үшін АКТ-жобаларының қатынасында бюджеттендіру және мемлекеттік сатып алу үрдістерінде өзгерістер жүргізілетін болады.

1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты міндет табиғи және антропогендік сипаттағы шұғыл жағдайлар мен дүлей күштерде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды ескертудің, алдын алудың және қабылдаудың жылдам өзара іс-қимылына құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің жоғарғы даярлығы болып табылады.
Құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы бірінші кезекте халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті төндіретін жағдайлар кезінде олардың барлық құрылымдарының ақпарат алмасуын және ұйымдасқан жұмысын өзіне қосады. Осындай жағдайларда, жедел деректерді алмасуға және болатын қауіп қатерлер туралы халықты уақытылы хабардар ету мен құлақтандыру үшін құрал ретінде іске кірісуге мүмкіндік беретін АКТ маңызды рөлін атап өту қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны (бұдан әрі - ТЖ) 2012 жылғы 8 айда 10328 жағдайларды құрайды (ТЖ жалпы санынан 81,7 % ), оның ішінде 94,4% (9751) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2011 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 1127 жағдайға немесе12,2% артты. Зардап шеккендердің саны  1413 адамды құрады (2011 жылғы ұқсас мерзіммен 13,1% көп).
Құқық тәртібіндегі органдармен қоғамдық тәртіпті қорғау және көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру жөніндегі қажетті шаралар қолданылуда. 
Қылмысты жедел елеу мақсатында нақты нарядтың орналасқан жерін қадағалау ауданының картасында нақты уақыт режимінде және жақын арадағы полиция нарядына оқиға болған жерге жөнелтуге мүмкіндік беретін  «GPS»  навигацииясы жүйесі парулдік машиналарда енгізілді және жұмыс жасайды, осы жүйемен жаяу жүретін патрулдік нарядтарды жабдықтау мәселесі пысықталуда.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде жедел басқару орталығы (бұдан әрі - ЖБО) жұмыс істейді, ол қылмысқа әрекет етудің жеделдігін артыруға, сондай-ақ облыстық орталықтардың көбіне криминогендік аудандарын бейне бақылаумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ситуациялық Орталығы пайдалануға енгізілді, ол бірыңғай жүйеге облыстың жедел басқару орталығын біріктіреді, өңірлерде жедел жағдайларды бақылауға және олармен селекторлық бейне байланысты жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.
Бүгін жалпы ел бойынша 606 – қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері және 153 – тікелей учаскелік пукттеріне ЖБО қосылған 1300 аса бейнебақылау құрылғылары пайдаланылады. Олардың көмегімен 570 қылмыстар ашылды және 110 мыңнан аса құқық бұзушылықтар анықталды.
Міндет: АКТ кеңінен енгізу жолымен құқықтық тәртіп және шұғыл қызметтер органдарының қоғамдық қауіпсіздігі және жұмыстарының тиімділігі деңгейін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1.    шұғыл қызметтер жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы - 100%;

2.    ТЖ әрекет ету уақытын қысқарту - 2017 жылы – 10,75%, 2020 жылы - 31%;

3.    ТЖ туралы халықты жаппай хабарландырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған елді-мекендердің үлесі 2017 жылы - 95%;

Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу жолымен құқық тәртібі және шұғыл қызметтер органдары жұмыстарының қоғамдық қауіпсіздігі және тиімділігі деңгейі бойынша міндетттерді іске асыру келесі шараларды қабылдау жолымен шешілетін болады:
орындалатын жұмыстардың тиімділігін және сапасын арттыру үшін шұғыл қызметтердің операциялық және өндірістік қызметі автоматтандырылатын болады;
оқиғалар туралы, оның ішінде геоақпараттық жүйелерді пайдаланумен оқиға болған орындар туралы деректерді берумен шұғыл қызметке хабарлау бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының ТЖМ   әрекет етудің 112бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі құрылатын болады;
әрбір қалада күмән келтіретін тұлғаларды, оқиғаларды, жол-көлік және өзге де оқиғаларды анықтау мәніне азаматтар көп жиналатын көшелер және орындарға тұрақты мониторинг үшін бейне бақылау орталығы құрылатын болады;
АКТ қызметтінің ісінде қолданатынды зерделеуге акцентімен шұғыл қызметтер жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру курсынан өтетін болады;
мобильдік құрылғыны қосқанда барлық байланыс құралдары арқылы уақытылы хабарлау үшін ТЖ ескерту мен жоюды қамтамасыз ететін жүйе дамытылатын болады.

 

2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

Негізгі міндеттер

1.    Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі;

2.    АКТ-нарықты ынталандыру.

 

2.1  Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі

 

Бүгінде ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым экономикалық дамудың аса маңызды элементіне айналып отыр. Уақтылы қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке енуі мүмкін болып табылмайды. АКТ-ның қолжетімділігі ақпараттық қоғамды құруға арналған тұғырнама болып табылады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау 
2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,3%-ға, көлік қызметінің 7,2%-ға, байланыс қызметінің 12,8%-ға өсуінен көруімізге болады.
Телекоммуникация қызметтерінің дамуы келесі индикаторлармен сипатталады:

1.    жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі  95,6%;

2.    Интернет желісін пайдаланушылар саны 8,8 миллион адамға жетті (53,5 %);

3.    тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4,2 миллионнан астам абонентті құрады (26%);

4.    ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,2 млн. құрады (158,3 %).

Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің тұрғындар арасындағы сұранысы артуда, бұл абоненттер санының тұрақты артуын білдіреді.
Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары Интернет және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ұялы байланыс операторларының желі ішінде қоңырау шалуға жұмсалатын ең төменгі құны 30%-ға, мобильді интернетке ең жоғарғы тариф 50%-ға дейін төмендеді.
Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжетімділік тарифтері бойынша жарияланған IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар бойынша 19-орын).
Міндет: Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтары  ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі
Нысаналы индикаторлар:  

1.    Интернет желісіне қолжетімді үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 65%; 2020 жылы - 80%;

2.    Тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;

3.    Мобильді телефоны бар үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;

4.    Теледидары бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы – 100%; 2020 жылы - 100%;

Қол жеткізу жолдары
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамыту келесі бағыттар бойынша қамтамасыз етіледі:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі «цифрлық теңсіздікті» қысқарту (ірі қалалар, моноқалалар, ауылдар).
Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін дамыту мақсатымен қолданушыларға жоғары жылдамдықпен үлкен көлемді мәліметтерді жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолдану қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, қолданушыларды Интернет желісіне КЖҚ мақсатында Министрлік байланыс операторлармен бірлесіп 4G еңгізу және FTTH, CDMA 450/EVDO, 3G технологияларды әрі қарай дамыту туралы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
2013 жылы CDMA 450/EVDO  технологиялары бойынша Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен тұрғындар саны 50 және одан да көп елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.
FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне КЖҚ барлық қалалар мен облыс орталықтарында 2015 жылға дейін аяқталады.
3G үшінші буынның мобильді байланысымен 2013 жылдың басында тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын елді-мекендердің тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін тұрғындар саны 10 мың және одан да көп адамды құрайтын аудан орталықтары мен елді-мекендердің тұрғындарын қамтамасыз ету жоспарланады.
2013 жылдың басына 4G төртінші буын стандарты Астана, Алматы қалаларында, 2014 жылыдың басына – республиканың барлық облыстық орталықтарында, 2015 жылдың басында -  тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын барлық елді-мекендерде, ал 2018 жылдың басында – Қазақстан Республикасының бүткіл райондық орталықтарында енгізіледі.
Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (сондай-ақ, мобильді Интернет) ұялы байланыстың басым операторларының трафигіне қосылу және оларды жіберу қызметтерінің тарифтерін төмендету іске асырылады (жыл сайын 2015 жылға дейін 10% төмен емес).
Қазақстанның барлық аумағында халықтың 95% эфирлік хабарларды таратумен және 100% спутниктік хабарларды таратумен қамтуды қамтамасыз ететін эфирлік цифрлық желі құрылады.

2.2 АКТ-нарықты ынталандыру

АКТсаласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.
АКТ-ны кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының ірі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруге қатысты кеудемсоқ мақсаттары елде білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша үлкен күш жұмсауды талап етеді, қазіргі таңда бұл тек АКТ-ны дамыту және енгізу арқылы мүмкін.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Дүниежүзі банкінің мәліметтері бойынша, әлемде АКТ нарығының жалпы көлемі 2011 жылы  3 280 миллиард АҚШ доллорын құрады және жыл сайын 4%-ға артуда. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни Қазақстанның ЖІӨ-ның 3,02 %.
IDC бағалауы бойынша, барлық ІТ-нарықтың көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім - 19,2%. Осы ретте нарықтың 88,6%-ы жабдықтарға, 5,2%-ы БҚ-ға, 6,2%-ы ІТ-қыметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің дамымағандығын көрсетеді. Бұл, ең алдымен, ғғылыми-зерттеу қызметі қауіп-қатерінің жоғары болуы мен елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты.
Сонымен қатар, аталған саладағы негізгі проблемалар АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім берудің халықаралық стандарттары мен жаңа білім беру технологияларының трансферті мақсатында отандық ЖОО-лардың шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамытудың төмен деңгейі.
Міндеті: Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру.
Нысаналы индикаторлар:

1.    ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы - 3,8 %, 2020 жылы - 4%;

2.    АКТ саласындағы инновацияларға жұмсалатын шығындардың үлесі 2017 жылы - ЖІӨ 0,5%, 2020 жылы - ЖІӨ  0,9 %;

3.    Елдегі АКТ саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділіг 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10%;

4.    АКТ-парктердің саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;

5.    АКТ саласында МЖӘ сызбасы бойынша бизнес-инкубаторлардың саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;

6.    МЖӘ сызбасы бойынша ортақ қолданыстағы зерттеу зертханаларының саны – 8;

7.    PhD дәрежесіндегі АКТ мамандарының саны 2017 жылы 200, 2020 жылы 300.

Қол жеткізу жолдары
Қазақстанның АКТ нарығын дамытудың мемлекеттік саясаты келесі шараларды қолдана отыра отандық АКТ кәсіпорындарды қолдау мен АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталады:
өңірлік АТ- және технопарктермен инновациялық зерттеу орталығы ретінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
бизнес инкубациялау механизмі бар шағын инновациялық және стартап компанияларды егістік және венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту;
өзекті бағыттар бойынша салалық кәсіпорындарға арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымы бар ортақ пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларды құру: роботты құру, мобильду технологиялар, бұлыңғыр және Grid есептеулер, жасанды зияткерлік, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, мультимедиа технологиялары және басқалары;
АКТ қызметтерді коммерцияландыру орталықтарын құру;
ноу-хау  технологиялық және зияткерлік трансфертін қамтамасыз ету мақсатында білімнің ғаламдық банкін па          йдалану үшін шетелдік зерттеу және көп ұлтты корпорациялармен ынтымақтастық жасау;
өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім ордалары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын қолданбалы зерттеу қызметіне белменді түрде тарту арқылы ғылым – білім – индустрияның тығыз ынтымақтастығын орнату;
меншікті әзірлемелерін ілгерілету бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында маркетингтік және коммерциялық қызмет машықтарын дамыту;
АКТ саласындағы отандық кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығаруға ықпалдастық жасау;
еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдана отыра бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығын дамыту.
Акцияларының елу және одан көп акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компанияларға жататын мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, концессионерлер, жүйелерді қалыптастырушы ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу кезінде тұрақты негізде АКТ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуды мониторингілеу және талдауды жүргізу.
Нарықты білікті АКТ мамандармен қамтамасыз ету үшін білім бағдарламаларын АКТ саласындағы мамандарды даярлаудың әлемдік стандарттарына сәйкес жетілдіру жоспарланады.

 

3. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру

Негізгі міндеттері

1.    Адами капиталды дамыту.

2.    Электрондық денсаулық сақтауды дамыту.

3.    Электрондық коммерцияны дамыту.

4.    Электрондық экономиканы қалыптастыру.

 

3.1 Адами капиталды дамыту

3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылық және білім деңгейін арттыру

 

Бүгінгі таңда АКТ-ны енгізу көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық және әлеуметтік саланы дамытуды анықтайды, еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар, қызметтердің сапасын, мемлекеттік билік органдарының жұмысының тиімділігін және олардың қоғаммен өзара әрекеттестігін арттыруға ықпалдастық жасайды. Алайда, жоғары білім деңгейінсіз, жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды, жаңа технологияларды пайдаланатын қандай да бір саланың қызметкерлері енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдалануға, және сәйкесінше олармен ұсынылатын қызметтер мен орындалатын функцияларының сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру кезіндегі негізгі мәселе халықтың жалпы компьютерлік сауаттылығын арттырумен қатар экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызмеркерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің профильді бағыттар бойынша компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру болады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ АКТ таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономика, мемлекеттік басқару, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда, тар мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға көше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және т.с.с.
АТ-мамандарды даярлаудың кері факторлары даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды даярлауға арналған білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бейімдеу, заманауи АТ-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жүйелері жеткілікті деңгейде дамымаған, бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның қажеттіліктеріне адекваттылығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Қызмет етудің қашықтықты нысандарын дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына қызметтің қашықтықты нысанын заңнамалық бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді. Алайда, жұмыстың аталған нысанын кеңінен қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ, дегенмен де қашықтықты жұмысбастылық көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы, жол кептелістерінің азаюы, экологияға келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің әлеуметтік тұсы (мысалы, мүгедектер немесе кішкентай балалары бар әйелдердің жұмыс істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және т.с.с.
Міндеті: Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде адами капиталды дамыту жағдайларын жасау.
Нысаналы индикаторлар:

1.    адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы - 0,764, 2020 жылы - 0,781;

2.    электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;

3.    халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылы - 65  %,  2020 жылы - 80 %;

4.    қашықтықтан жұмысбастылар саны 100 тұрғынға шаққанда 2017 жылы  - 7 адам, 2020 жылы – 20 адам.

Қол жеткізу жолдары
Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін аталған бағдарламаның шеңберінде мынадай шаралар іске асырылады:
қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында қолданылатын АКТ біліктілігінің қажетті дейгейіне дейін арттыру үшін біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстары ашылады;
қашықтықты қолжетімділікті дамыту шеңберінде мынадай шараларды іске асыру жоспарланады:
қашықтықта қолжетімділік нарығын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
қашықтықты қолжетімділік жүйелерін енгізетін және шалғайдан еңбек ету  мүмкіндігін беретін жұмыс берушілерді ынталандыру;
халықтың және бизнестің ақпараттық қоғам мүмкіндіктеріне дайындығын арттыру мақсатында мынадай шаралар іске асырылады:
компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері (өз бетінше жұмысбасты), жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар  қарттар мен әлеуметтік-қорғалмаған сатысындағы өзге де санатқа жататын адамдарды үшін электрондық формада мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша курс өткізіледі;
АКТ саласындағы мамандардың деңгейін және жаңа технологиялардың жоғары өсуін ескере отыра, олардың біліктілігін арттыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
АКТ мамандықтар бойынша біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
АКТ мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарды құру;
АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

 

3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында

 

Заманауи АКТ дамуы білім беруді дамытудың қарқыны мее бағытын анықтайды: әдістемелер вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге жақын болуы керек, және әдістемелік, өндірістік ретіндегә өзінің біліктілігінен асып түсуі тиіс. Теріс жағдайда АКТ-ның адами капиталды қалыптастыруға жасайтын ықпалы теріс болып шығады.
Болашақ білім – бұл аралас білім, яғни оқу процессіне күндізгі және желілік бағына енгіділуінің түрлі деңгейінен тұратын күндізгі және желілік бағдарламалардың симбиозы. Қазіргі таңда аралас оқыту тәжірибеден өткізілуде (дәстүрлі және электрондық оқыту). Халықаралық зерттеулерге сәйкес (Watson, John, 2008) болашақта аралас оқу формасы орта білім беру саласында басымдыққа ие болмақ.
Білім беру саласында АКТ дамытудың барлық жаңа үрдістерін ескеру және оларды білім беру процессінде пайдалану елдегі білім беру деңгейін жаңа деңгейге шығаруға көмек береді.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін ғаламдық енгізу мақсатында   2011 жылы мектептер мен техникалық және кәсіби білім беруге (бұдан әрі – ТжКБ) электрондық оқудың ақпараттық жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы басталды. Алайда, аталған жоба цифрлық білім беру контентін стандарттау, білім ордаларын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ қамтамасыз ету, оқушылар мен оқытушыларды жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету тәрізді бірқатар ілеспелі тапсырмаларды шешуді талап етеді.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы Қазақстанның білім беру және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету.
Нысаналы индикаторлар:

1.    барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын электрондық оқу жүйелерімен 2017 жылы 50 %, 2020 жылы 100% дейін қамту;

2.    Ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету – 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы - 50%.

3.    Мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017 жылы 60 %, 2020 жылы – 90%;

4.    Ғылыми және ғылыми-техникалық электрондық мерзімді басылымдардың саны 2017 жылы– 2,  2020 жылы - 4.

Қол жеткізу жолдары
Білім беру саласына АКТ-ны толыққанды енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылады:
мультимедиа-технологияны қолдану арқылы цифрлық ғылым және білім ресурстары жүйелі түрде дамытылады;
білім беру саласындағы стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестіріледі;
мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік ету әрекеттерін мониторингілеу және басқару бойынша ресурстар қарастырылады;
Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
білім беру барысында АКТ-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.
Жоғары оқу орындарының оқу процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларды ашу;
Білім беру процесстерін электрондық форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас жасауы;
білім беру процессіне мамандықтар бойынша нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына оқытуды енгізу (мысалы, экономика факультетінің студенттеріне экономика саласындағы заманауи бағдарламалық шешімдерді).

 

3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

 

АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық жәрдем көрсетудің сапасын жаңа бір деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету және қамтамасыз етуде аса маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емделушілерді қашықтықтан мониторингілеуді жүргізу, емделушілер арасында ақпаратты жақсы тарату, әсіресе адыс жерлерде, мүгедектер мен егде тартқан адамдар үшін мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске қосылып отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Емханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлы емделушілердің электрондық тіркелімі»), Дәрігерлік-санитарлы көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары жұмыс істейді.
Алайда, шектен тыс бюрократизация проблемасы қалып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді. Жыл санап емделушілердің дәрігердің кабинетіне кезегінің артуы байқалады, емделушілер дәрігерді таңдау кезінде кең альтернативаға ие емес, сондай-ақ, оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған проблемаларды АКТ-ны кеңінен қолдану, «электрондық денсаулық сақтауға» көшу арқылы жоюға болады, бұл медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыруға, емделушіні тексеру және емдеудің жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз ету, қағаздарды толтыруға кететін уақытты қысқарту, және сәйкесінше оны емделушіге қызмет көрсетуге жұмсауға болады.
Міндеті: АКТ-ны барынша қолдану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Нысаналы индикаторлар: 

1.    денсаулық сақтау ұйымын бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосу – 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %;

2.    «Электрондық медициналық картамен қамтамасыз етілген тұрғындардың саны 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %;

3.    денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастыру тұғырнамасымен ықпалдастыру 2017 жылы 40 %, 2020 жылы -  100 %;

4.    100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны 2017 жылы - 60, 2020 жылы - 100.

Қол жеткізу жолдары 
АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады:
елдегі барлық медицина мекемелерін ақпарат алмасу және қолжетімділігі үшін ДСБАЖ-ға қосу;
барлық бастапқы медициналық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру (осы ретте барлық медициналық құжаттаа үшін бірыңғай формат қамтамасыз етіледі);
қажет болған жағдайларда телемосттарды, консилиумдарды және саланың жетекші мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың бірыңғай қорғалған желісін құру;
мекеме қызметі, мамандар, емделушілерді қабылдау кестесі туралы қажетті ақпараттан тұратын бірыңғай ықпалдастырылған платформаны әзірлеу, енгізу және оған медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін және деректер қорын қосу, Интернет желісі немесе мобильді телефония деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету,
сондай-ақ Интернет арқылы жедел қолжетімділік мүмкіндігімен дәрігерге бару, диспансеризация, диагностикалық зерттеулер, амбулаториялық және стационарлы емдеулер туралы ақпараттан тұратын, қорғалған емделушінің электрондық (мобильді) картасы арқылы шынайы уақыт режимінде деректерді емделушінің электрондық картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін емделушінің денсаулық жағдайын мониторингілеу құрылғыларын енгізу;
эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар, олардың алдын алу және емдеу туралы мәліметтер, жарияланымдар, есептер, зерттеу жұмыстарынан тұратын ғылыми және медициналық деректер қорын құру;
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектің жалпыға қолжетімді бірыңғай деректер қорын құру, олардың дәріханалар желісінде болуы;
емделушілердің тағайындау мұрағатына жедел қолжетімділікті алуға мүмкіндік беретін электрондық медициналық тағайындаулар мен рецептердің жүйесін құру;
егде тартқан және жалғыз басты азаматтардың (60 жастан асқан) денсаулық жағдайын мониторингілеудің телемедициналық браслетін енгізу;
жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;
АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін құру.

 

3.3 Электрондық коммерцияны дамыту

 

Электрондық коммерция – бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық қаржылық және сауда транзакцияларынан, осындай транзакцияларды жүргізумен байланысты бизнес-процесстерден тұрады. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде неғұрлым қарқынды дамуын соңғы екі жылда бастады, бұл интернет-пайдаланушылардың санының артуымен, әлеуметтік желілердің ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен, және жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық платформадан Web 2.0 платформасына көшуімен түсіндіріледі.
Ағымдағы жағдайды талдау
Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлем мемлекеттерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар  немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4% құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шеткі салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі. Әлемдік саясат көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санынан 20% артық болатын индустрияға айналып отыр және бұл 2-3 жылдай жалғасады (ондайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт).
Проблеманың екінші бөлімі – карточка бойынша төлемдерді іске асыру мәдениетінің жетіспеушілігі және e-commerce банк карталары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде бас тартудың аса жоғары деңгейі. Қазіргі таңда барлық транзакцияның тек 21% - төлем карталарының көмегімен қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізу, ал қалғаны банкамат арқылы карточкамен ақша алу (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы мәліметтері бойынша елімізде 11 млн карточкаға қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн транзакция сәйкес келеді және картадан 3,4 млн төлем транзакциялары). Интернетте картамен төлемдерді жүзеге асыру туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың үлкен санымен тереңге бойлайды (нарықтың түрлі ойыншыларының карталар бойынша төлемдерді іске асыруы кезінде бас тарту деңгейі 37-ден 48%-ға дейін құрайды). Бұл көптеген қазақстандық екінші дәрежелі банктердің интернет-транзакциялар үшін төлем карталарын жабу және негізінен жасанды кедергі болып табылатын интернет-транзакциялар үшін арнайы рәсімдерді орнату салдары болып табылады.
Міндеті: Электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:

1.    тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы – 7 %, 2020 жылы - 10%;

2.    электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендеріндегі айналым үлесі 2017 жылы -  30 %, 2017 жылы – 40%.  

Қол жеткізу жолдары 
Электрондық коммерцияны дамыту мақсатында келесі шаралар қабылданады:
салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірленеді;
Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті қалыптастыру туралы мәселе қарастырылады;
интернет-коммерсанттарды салықтық және кедендік преференциялармен және технопарктерге қатысу арқылы ынталандыру жүзеге асырылады;
электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі;
жалпы интернет-ортаны және негізінен интенет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын жүргізу іске асырылады.  

 

3.4 Электрондық экономиканы қаржыландыру 

3.4.1 АКТ өнеркәсіп саласында

 

Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда, отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен  деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және күшті өсуді көрсетпейді. Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар түсімді қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл ретте аса көлемді шығындарды жұмсауды қаламайды.
Заманауи ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарастыруы және барлық ішкі процесстерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7% - ға жоғарлады.
Бүгінгі таңда ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс саны 1 848 құрайды.
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң өсіңкілігіне қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің төмен деңгейін атап өту қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы әлеуметтік біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процесстерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті, кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
Міндеті: Қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикаторлар:

1.    Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру бойынша оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлерінің үлесі 2017 жылы –  70%, 2020 жылы – 100%;

2.    өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірілген өнім көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындарды арттыру 2017 жылы - на 30%, 2020 жылы – 50% (2012 жылға қатысты);

3.    кәсіпорынның үлесті АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы  30%, 2020 жылы 50% (2012 жылға қатысты);

4.    инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы – 15%,  2020 жылы – 10%;

5.    өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы – 10%, 2020 жылы – 20%.

Қол жеткізу жолдары
Қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру үшін жағдай жасау міндеті мынадай шараларды қабылдау арқылы іске асырылады:
өнеркәсіп кәсіпорындарының АКТ инфрақұрылымын дамыту;
адам өміріне және денсаулығына аса қауіп төндіретін барлық өндіріс процесстерін роботтандыру;
өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық және ішкі процесстерін басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу;
отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара әрекеттестік жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және салықтық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау көрсету құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процессте энерго-, қорларды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру;
жаңа өткізу нарығын ашу арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының өнірістік өнімдерін Интернет арқылы сатудың жаңа сызбаларын дамыту және енгізу;
қойма қорларын теркеу процессін оңтайландыру, радио жиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және  ERP  жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және өойма инфрақұрылымын дамыту;
апатты және басқа да төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу үшін өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын мониторингілеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.

 

3.4.2 АКТ көлік жүйесінде

 

Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру мәселесін шешудің негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі – ЗКЖ) – көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингілеу және басқару, жол жүруді басқару, аумақта көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды ақпараттандыру мәселелерін шешу үшін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік, мобильділік.
ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық спутниктік жүйесі (бұдан әрі – НСЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, темір жол саласында белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.с.с.
ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін жағымды жағдай жасау.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Әлемдік сауда соңғы он жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі таңда шамамен 400 миллиардты құрайды, 2015 жылы 1 триллион доллорға жетеді деп болжануда. Осыған байланысты, Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін пайдалану мақсатқа сай болып табылады, бұл көлік компаниялары бюджеті мен Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісінің артуына ықпалдастық жасайды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүктердің транзитінің көлемі 25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлайды, ал транзиттің ортақ кірісі 1,5 миллиард доллорды құрайды.
Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында көлікте ескірген технологиялар мен көлік қызметтерінің сервистерінің төмен деңгейін пайдаланатын тасымалдауды қанағаттандырарлықсыз ұйымдастыруды атап өтуге болады. Дамыған мемлекеттерде көлік лектерін рационалдандыру, олардың оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде.
Осы жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз ететін заманауи көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ, дамыған мемлекеттердің көліктік ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын қалыптастыруы қажет.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы халыққа көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру.
Нысаналы индикаторлар: 

1.    көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы -  30 %, 2020 жылы 100 %;

2.    НСЖ жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы – 100 %;

3.    билеттерді сату электрондық форматта іске асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) үлесі 2017 жылы – 40 %,  2020 жылы - 100%.

 Қол жеткізу жолдары
Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушысының тиімділігі мен ықпалдастығын арттыру болады: темір жол, автомобиль, әуе және су.
Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мынадай шешімдерді іске асыру қарастырылады:
НСЖ енгізу мыналарды қамтамасыз етеді:

1.    Көліктің әртүрлі түрлерін мониторингілеу және басқару;

2.    Аймақта көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде азаматтар мен ұйымдарға уақыттың нақты көлемінде ақпаратты ұсыну;

3.    Көлікте қылмыстық және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда ден қою қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну;

мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ енгізіледі:

1.    көлік лектерінің параметрлерін мониторингілеу;

2.    жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;

3.    жол жүру ережелерін бұзушылықты фотобейне тіркеу;

4.    әлеуметтік көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және басқалары);

5.    заттектердің шығарылуын бақылайды (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді басқарады);

6.    логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);

7.    ақпараттық порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдастықты қамтамасыз ету (жол жүру қатысушыларын қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ, Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;

8.    парковкаларды басқару (тегін және ақылы парковкаларды басқару, тарифтерді дайындау, парковкалар бойынша көлік құралдарын бөлу (бұдан әрі - КҚ) және бос орындардың болуы туралы хабарландыру);

9.    көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды есепке ала отыра);

10.  КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтап тұру, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

11.  коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда барлық маршрут бойынша көлік құралдарын сүйемелдеу);

12.  коммерциялық көлікті басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, жүргізушіні аутентификация және басқалары, коммерциялық КҚ борттық жүйелерін біріктіреді);

13.  жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақты және аумақты параметрлерін сақтауды бақылау;

14.   бірыңғай деректер қорына т/ж, су және автомобиль көліктері саласында жедел ақпарат алу;

15.  техникалық тексерістен өткен автокөлік құралдарының бірыңғай ортасы;

 «Ақылды аялдама» мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың қажеттілігін есепке алатын және келесіні қамтамасыз ететін кешенді ақпараттық жүйесі енгізіледі: 

1.    көліктің аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты туралы жолаушыларды шынайы уақыт режимінде ақпараттандыру;

2.    жолаушыларды маршрут нөмірлері мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері туралы ақпараттандыру;

3.    жолаушыларды қоғамдық көлік жұмысы туралы ақпараттандыру:

жол жүру кестелеріндегі өзгерістер;
жол жүру маршруттарындағы өзгерістер;
жол жүру төлемдері тарифтерін өзгерту;
қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы;
дабыл түймесін басу арқылы ситуациялық орталық және төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерін шақыру мүмкіндігі бар, қоғамдық көлік және аялдамада бейнебақылау жүйелерін енгізеді;
мобильді құрылғылар арқылы билеттерді брондау, жол жүру төлемдері жүйелерін енгізу (билеттер штрих-кодтармен және бар-кодтармен жарақтандырылады, бұл билеттерді электрондық түрде мобильді телефонда ұсыну мүмкіндігін береді, ал контроллерлер немесе жол серіктер билеттерді арнайы есептеуіштерді тексереді).

 

3.4.3 АКТ агроөнеркәсіп кешенінде

 

Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – АӨК)  қоғам үшін аса маңызды өнім өндірілетін және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Аграрлы саласы дамыған жетекші мемлекеттердің тәжірибесі барлығының «технологиялық революциядан» өткендігін көрсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығы нақтымен (прецизионды) ығыстырылады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылық агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен қолданылады.
АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауа-райы болжамы, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамсыздандыру, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар жөнінде хабарландыру аса маңызды рөлге ие.
Тиімді әрі бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық қорларды үнемдеуші АКТ енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға, өнділетін өнімдердің меншікті құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Ауыл шаруашылығының неғұрлым үлкен проблемасы жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Аgriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық  қолхат жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметін автоматтандыру мен 4 лицензияны беру жүргізіледі.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.   Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат қағазын береді, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 милионнан асты.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында мониторингілеу және сәйкестендірудің бірыңғай жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа түрлі нақтылық бойынша, түрлі әдістермен, үйлесім бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеу республикалық және жергілікті деңгейдегі түрлі мекемелермен жүргізіледі. Тіркеу жұмыстары деректердің бір ғана түрі бойынша түрлі органдармен жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізеді.
Міндеті: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру.
Нысаналы индикаторлар:

1.    интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 80 %, 2020 жылы - 100 %;

2.    прецизионды жер шаруашылығын пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 15 %, 2020 жылы – 60 %;

3.    геоақпараттық технологияларды пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы 20 %, 2020 жылы – 80 %.

Қол жеткізу жолдары
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.
ауыл шаруашылық және су ресурстарын алдын ала қашықтықтан тексеру жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Прецизионды (нақты) жер шаруашылығын мониторингідеу және дамыту үшін әрі қарай келесі міндеттерді шешуге бағытталған бірыңғай геоақпараттық жүйелерді құру бойынша ұсыныстар әзірленеді:
АӨК бірыңғай цифрлық картаны құру бойынша ұсыныстарды пысықтау;
әртүрлі мемлекеттік органдармен қолданылатын жер қоры туралы ақпаратты бірегейлендіру;
мемлекеттік органдардың деректерімен өзара байланысты топография нысандарының бірыңғай жіктеуішін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
Топырақтың жағдайын мониторингілеу үшін телеметрия технологиясын пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Делдалдық қызметтерді және АӨК тауарларын сату бағаларын негізсіз көтеруді жою үшін электрондық сауда жүйелері арқылы іске асырылады.
АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақапараттық-телекоммуникациялық желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылады (АӨК-платформа).
Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау процессін автоматандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

 

3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  үшін  зияткерлік жүйелері

 

Қазіргі уақытта  энергия тұтынушы азайту және  өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың  энергетикалық тиімділігін арттыру  проблемасы бірінші кезекке шығуда.  Заманауи АТК  деңгейінің жоғары екенін және шетелдік тәжірибені ескере отырып  оларды халықтың  тұрмысында тұрғын үй-коммуналдық жүйелерінің жұмысы мен  энергиямен жабдықтауда  қолданудағы  зор маңызын атап өткен жөн.
Заманауи  тиімді  тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін жасаудағы басты бағыт  коммуналдық ресурстарды тұтыну деректер өлшемі мен оларды берудің зияткерлік жүйесін  жасау болуы тиіс.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту   (бұдан әрі – ТКШ) бағдарламасының шеңберінде  күрделі қорды жаңғыртуға  көп көңіл бөлінуге, алайда  салада  АТК қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.
ТКШ объектілерінде  объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен,  инженерлік жүйелер  тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әр түрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде  жедел ден қою проблемасы да жоқ.
Коммуналдық төлемдерді  жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі бар жүйесі  ашық емес,  бұл ең бастысы энергия- және ресурс үнемдеудің  жоқтығы өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады.
Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде  энергия сыйымдылығы бойынша  Еуро одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары.  Мемлекеттік мекемелердің  көп бөлігі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер  тиімсіз энергия жүйелерімен жарақтандырылған және  жаңартуды талап етеді.
Мақсаты: ТКШ саласында  қызметтер көрсету сапасы мен  АКТ енгізу  есебінен  энергия үнемдеу тиімділігін  арттыру.
Нысаналы индикатор:

1.    технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі:

o    сумен қамтамасыз ету және су бұрғыштау 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;

o    жылумен қамтамасыз ету 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;

o    газбен қамтамасыз ету 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы - 50 %;

2.    электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген, электр қуатымен жабдықтау саласындағы табиғи монополялардың үлесі 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы – 90%.

Қол жеткізу жолдары
ТКШ саласында қызметтер көрсету және АТК есебінен энергия тиімділігі сапасын  арттыру мақсатына қол жеткізу үшін  мынадай шаралар іске асырылатын болады.
Мынадай міндеттерді шешу үшін, сумен қамтамасыз ету, су бұрғыштау, газбен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу:
суды бұрғыштау, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру;
жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;
техникалық қамтамасыз ету шығындарын төмендету;
энергияны тұтынуды төмендету;
коммуналдық шығындарды пайдалану және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды шынайы уақыт режимінде пайдаланушылардың бақылауы;
сумен қамтамасыз ету, буды бұрғыштау және жылумен қаматамасыз ету желілеріне оұқсатсыз қосылуды болдырмау;
инженерлік желілердің жағдайын мониторингілеу және шынайы уақыт режимінде ағынды жерлерді анықтау;
Ғимаратты, құрылымдарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде заманауи энерго- және ресурстарды үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін ғылыми-техникалық құжаттар әзірленеді (өзектіленеді).
Заманауи энергияны үнемдеуші технологияларды өндіріс процессіне енгізу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.
Республиканың барлық қалаларында  сыртқы жарықтандыруды  басқарудың автоматты жүйесі енгізілетін болады.

 

3.4.5 АКТ экологияда және гидрометеорологияда

 

Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және  қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін өнеркәсіпті дамыту  қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту бойынша  барынша прогрессивті тетіктер қолдануды талап етеді.  Қазіргі уақытта осындай  механизмдердің бірі  қоршаған ортаны «электронды» күзету деп аталатын  ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.
Экономиканың барлық дерлік саласы тікелей немесе жанама түрде ауа-райының жағымсыз жағдайлары мен қауіпті гидрометрологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Осы ретте, гидрометрологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен технологиялық процесстердің, сондай-ақ, қолданылатын құралдар мен шаралардың сипаттамасына қарай ерекшеленеді.
АКТ  үш бағыт бойынша экология және  гидрометеорология саласында да қолданылады:  АКТ жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен  АКТ секторының өзінде  энергия тұтыну мен зиянды қалдықтарды қысқарту,   өндірістік процестерді жедел басқарудың  бағдарламалық-техникалық кешендері, енгізу және  орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы қалдықтарға және  экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін  бақылауды қамтамасыз ету және  қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға  газ және қатты түрдегі улылығы жоғары заттар көптен шығарылуда. Әр түрлі стационарлық көздерден шыққан  қалдықтарының санын салыстыратын болсақ, оның  шамамен 50 % жылуэнергия көздері, ал 33 % - тау-кен және түрлі-түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын  ластайтындардың тағы  бірі – автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды қалдықтар, әсіресе, қалаларда,  25-тен 50 %-ға дейінді құрайды.
Су да қарқынды ластану нысанына жатады. Судың негізгі ластаушысы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы болып табылады. Антропогенді әсердің салдарынан елдегі барлық дерлік өзендер мен су қоймаларының гидрохимиялық, гидрологиялық және санитарлы режимі өзгеріске ұшырады.
Әрбір климаттық аймақ үшін жүргізілген есептеулердің негізінде: орманды дала, далалық, жартылай дала, шөлді, сондай-ақ тау бөктері және таулы аймақтар, Қазақстан Республикасы аумағының метеорологиялық әлсіздік көрсеткіші «біршама жоғары» деп анықталды.
Қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың арасындағы экологиялық ақпаратты жүйелік алмасуды іске асыруға жол бермейді.
Міндет: Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ  жаңа АТК енгізу есебінен  қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
Нысаналы индикаторлар: 

1.    Республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторингілеу жүйесімен қамту 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70%;

2.    шынайы уақыт «online» режимінде деректерді қашықтықтан жіберу орнатылған І санатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70%;

3.    атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту 2017 жылы - 3%, 2020 жылы - 5%, 2013 жылы сәйкесінше;

4.    зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына лақтырудың мемлекеттік кадастрын толтыру деңгейі 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70 %;

5.    болжамдардың ақталуын арттыру:

агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 83%, 2020 жылы - 85%;
ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар 2017 жылы - 83%, 2020 жылы - 85%;
ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 91%, 2020 жыл – 94%.
Қол жеткізу жолдары
Жаңа АКТ енгізу есебінен Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоршаған ортаның сапасын арттыру және тұрақтандыру мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін Қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі құру мәселесі пысықталады.
Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі тапсырмаларды шешуді көздейтін «Қазақстан Республикасында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингілеудің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру мәселесі пысықталады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мемлекеттік қадағалау желісін Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйыммен ұсынылған параметрлерге дейін дамыту, МҚЖ тиісті инфрақұрылымын құру мәселесін қарастыру;
қажетті ақпаратты бөлінген жинауды қамтамасыз ету, оны орталықты өңдеу және әрі қарай сақтау процесстерін автоматтандыру;
геоақпараттық технологиялардың негізінде үздіксіз гидрологиялық мониторинг және ауа-райын болжау, сондай-ақ экологиялық мониторинг, ықтимал қауіпті табиғи, оның ішінде экологиялық  құбылыстар жөнінде  алдын-ала ескерту.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингілеу жобасының шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған орта жағдайы және адамзаттың өнеркәсіптік қызметімен байланысты жағымсыз факторлар әсері туралы жедел деректерді алуды қамтамасыз ету үшін АКТ кеңінен қолданылады.
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына лақтыру процесстерін басқару бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Қалдықтармен айналысу саласында стандарттан әзірленеді.
Өндірістік экологиялық мониторингілеу және бақылауды жүргізу үшін шынайы уақыт «online» режимінде қадағалауды іске асыратын заманауи технологиялық шешімдерді пайдалану қарастырылатын болады.
Автокөлік құралдарымен пайдаланылған газдардың улылығы мен түтіні нормаларын төмендету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп желіге шығару кезінде улылық нормаларын бақылау үшін автокөлік кәсіпорындарын жабдықтармен жарақтандыруды бақылау жұмыстары жүргізіледі.

 

3.4.6  Туризмдегі АКТ

 

АКТ саласындағы заманауи жетістіктер  туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік  ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, орналастыру,  көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және  осындай қызметтерді белсенді бақылау жүзеге асырылады.
           Ағымдағы жағдайға қысқаша талдау
2007-2010 жылдар бойы  саланы дамыту Қазақстан Республикасында  туристік саланы дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасына негізделді.
Осы кезеңде  нормативтік  құқықтық базаны  жетілдіру жұмысы жүргізілді.  2008 жылы   бірқатар заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша  өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде  шетелдерде Қазақстанның имиджін,  оның ішінде ақпараттық насихатты қалыптастыру жұмысы  жүргізілгенін атап өткен жөн.  Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында  жарнамалық бейне роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға  Астанада 2009 жылғы  қазан айында  Дүниежүзілік туристік ұйымдардың  (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен  700 астам делегат,  ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ  әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.
Міндеті: Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен  АКТ енгізу арқылы  Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығын  арттыру.
Нысаналы индикатор:

1.    интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы 100%;

2.    интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы – 65%; 2020 жылы - 100%;

3.    меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100 %;

4.    ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандырған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100%.

Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және  Қазақстанның туристік  бағыт ретіндегі тартымдылығын  арттыру үшін  мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
Интернет арқылы Қазақстанның туристік  бағыт ретіндегі тартымдылығы имиджін жылжыту, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды  іске асыру;
Интернет желісіне  жедел қол жеткізе отырып  туристік инфрақұрылым объектілерін  қамтамасыз ету;
Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер)  интернет-брондтаудың  танымал халықаралық жүйесіне  біріктіру
мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде  туризм саласындағы  сервистер мен қызметтерге  қол жеткізуді арттыру үшін  ұтқыр ұсыныстар  әзірлеу;
туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану.
туризм объектілерінің орналасқан жерлерін,  тарихи және ескерткішті орындарды,  санаторийлерді, курорттық аймақтар мен  өзге де көрікті жерлерді  көрсете отырып геоақпараттық технологиялар базасында  Қазақстан, Республикасының бірыңғай цифрлық  картасын жасау;
жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда  өңірлердегі бар туризм объектілері туралы  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария ету;
Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін жасау және өзектендіру.

 

3.4.7  АКТ дене тәрбиесі және спорт саласында 

 

АТК пайдалану төмендегі салаларда спорт саласын басқару үдерісін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді: әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық, заң шығарушылық, кадрлық және бақылау қызметі, спортшылар мен мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттықтырушылық үдерістер, барлық деңгейдегі спорт жарыстарын және басқа да спорт іс-шараларын жүргізу. 

АКТ спорт саласын басқару тиімділігін арттыруға, әртүрлі спорт ұйымдарының, оның ішінде халықаралық ұйымдардың арасында өзара байланыс жасауға және үйлестіруге ықпал етеді. 
          Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Халықаралық стандарттардың талаптарына жақындау және елдегі жаппай спортты дамыту мақсатында Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік спорт инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға және Республика спортының материалды-техникалық қорын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары іске асырылды.
Сондай-ақ, саланың нормативтік құқықтық қорын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Елде дене тәрбиесі мен спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады: 2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен айналысатындардың саны 2,3 млн.адамды құрады (15%), 2008 жылы 2,35 млн.адам, 2009 жылы 2,4 млн.адам, 2010 жылы 2,8 млн.адам (17,7%), 2011 жылы 3,3 млн адам немесе 20,0%.
Бүгінгі таңда елімізде өткізіліп жатқан спорттық-жаппай және дене тәрбиесі – сауықтандыру іс-шараларының саны артып жатыр, 2011 жылы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, мұнда 4,1 млн.астам адам қатысты.
Бүгінгі таңда 208,4 мыңнан астам айналысатын ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда (2010 жылы – 166 мың адам). Аталған жағдайға жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, сондай-ақ, тоғызқұмалақ бойынша әлемдегі бірінші чемпионат, бірінші Жастар ойындары, «қазақ күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне үлттық спорт ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашуықпал жасады.
Лондонда өткен 30-олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медалді жеңіп алып, 12-орынды иеленді.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спорттың дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалар да бар, атап айтқанда материалды-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі, заманауи талаптарға сай келетін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы.

Міндеті: Жаттықтырушылық құрамды, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттықтырушылық үдерістерге АКТ енгізу арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Нысаналы индикаторлар:

1.    интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы нысандардың үлесі 2017 жылы - 100%;

2.    дене тәрбиесі және спорт саласындағы нысандардың оқу-жаттықтыру процесстерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылы – 75%, 2020 жылы - 100%;

3.    жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру 2017 жылы – 70%, 2020 жылы – 100%.

Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай шараларды іске асыру қарастырылады:
спортшылардың оқу-жаттықтыру процесстері үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын, командалардын құру үшін виртуалды шындық технологияларын қолдану;
Интернет желіге қолжетімділікпен барлық спорт нысандарын қамтамасыз ету;
Халықтың спортпен айналысуының белсенділігін арттыру мақсатында жаттықтырушы бейнероликтерді әзірлеу және Интернет желісінде орналастыру;
Интернет, телерадио хабарларды тарату спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және дәріптеу;
жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін артыру;
дене тәрбиесі және спорт нысандарының әкімшілік-шаруашылық қызметін және басқару, тіркеудің ішкі үрдістерін автоматтандыру.

 

4. Отандық ақпараттық кеңістіктің дамуы

Негізгі міндеттер

1.    Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту.

2.    Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту.

3.    Отандық ақпараттық контент өндірісін ынталандыру.

4.    Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу.

 

4.1 Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту

 

Ақпараттық қоғамды қалыптастыру – елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен өзге де мәдениет ошақтарында шоғырланған ақпараттық материалдар аталған үдерісте маңызды рөлге ие.
Халықаралық тәжірибеден көріп отырғанымыздай, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТнегізінде мәдени мекемелердің жаңа қызметтерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру және оған ашық қолжетімділікті ұсыну, электрондық кітапханаларды құруға баса назар аударылуда.
Осыған байланысты, жуық арада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау 
Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 республикалық және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени ұйымдар қызмет етеді.
Бүгінгі күнгі жай-күйі бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық және демалыс парктері қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан бастап көлемі мен тарихи диапазоны бойынша аналогы жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.
2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен байытқан және ұлттық тарих туралы түсінік беретін 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы «Мәдени мұра – Культурное наследие» ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосу жүргізілді (www.madenimura.kz).
Ресурс жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын Қазақстанның мәдени мұрасы жөнінде кең ақпарттан тұрады. Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.
Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат – елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық координаттарына сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.
Міндет: азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту.
Нысаналы индикаторлар:

1.    Халықтың мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 2017 жылы 61%, 2020 жылы 65% құрайды;

2.    Халықтың «Мәдени мұра» жобалары жөнінде ақпараттану деңгейі 2017 жылы 82%, 2020 жылы - 85% құрайды.

3.    «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы 55 мың бірлікті, 2020 жылы 57 мың бірлікті құрайды.

Қол жеткізу жолдары
Азаматтардың мәдени мекемелердің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту бірқатар шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі, атап айтсақ:
«Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау:
ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ кітапханалардың еркін электрондық тізбесін құру мәселесін пысықтау;
мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру мәселесін пысықтау;
мәдени ескерткіштер, мәдени мұра нысандары туралы 3D-суреттер жиыны бар кітапхана құруды пысықтау;
Қазақстан республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тізбесін және мәдени ескерткіштер мен нысандар бойынша деректер қорын құру мәселесін пысықтау;
құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасынң мемлекеттік мұрағат құжаттарын автоматтандырылған тіркеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесін пысықтау;
мемлекеттік кітапханаларды Интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингілеу;
«Ұлттық электрондық құжаттар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру мәселелерін пысықтау;
Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру мәселесін пысықтау.

 

4.2 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту

 

Жаһандық ақпараттық дәуірдегі қоғамдық қатынастар өзгерісінің үдерісінде ашылатын мүмкіндіктер Қазақстанның орнықты дамуына қызмет ететін, ақпараттық-мәдени ортаның құрылуына қолданылуы қажет. Соған орай, жаңа дәуірдің шақырулары лайықты жауапқа ие болуы тиіс. Бұл істе отандық бұқаралық ақпараттық құралдардың (бұдан әрі – БАҚ) жаңғыруына негізгі рөл жүктеледі.
           Ағымдағы жағдайға қысқаша талдау
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары ашық ақпараттық кеңістікте қызмет етіп, шетелдік БАҚ-тармен арада аудиторияның назарын аудару үшін күресуге мәжбүр.  Қазақстан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін әкімшілік тұрғыда шектеулерге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелестік күресте табысқа жету мақсатында Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.
Мемлекет тарапынан отандық бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық қорын жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың желтоқсанында DVB-S2 сандық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық серіктік желісі іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 180 мыңнан астам абонент қосылды.
Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына айналған заманауи телерадиокешен іске қосылды.
Міндет: отандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының сапасын арттыру
          Нысаналы индикаторлар:

1.    2017 жылға республиканың аумағын сандық телерадиотаратумен 100%-ға қамтамасыз ету;

2.    ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер санын 2017 жыл – 700 мың абонент, 2020 жыл – 1 миллион абонентке жеткізу;

3.    2017 жылға бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 45-ке жеткізу.

4.    қазақстандық телевизиялық арналардың тарату географиясын 2017 жылға – 100 шет елге, 2020 жылға - 110 шет елге дейін кеңейту.

5.    баспа және электрондық БАҚ-тың Интернеттегі нұсқасының ұсынылуын 2017 жылға 70% -ға, 2020 жылға – 95%- ға жеткізу.

6.    мобильдік қосымшалар арқылы қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдары 2017 жылға – 50% -ға, 2020 жылға 80%- ға жеткізу;

7.    негізгі ақпараттық мұқтаждықтарын отандық БАҚ арқылы қанағаттандыратын тұрғындардың бөлігі (әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша) 2017 жылға - 64% -ға, 2020 жылға – 70%- ға жеткізу;

8.    мемлекеттік БАҚ-тармен тартылатын жарнама нарығының көлемін 2017 жылға - 35% -ға, 2020 жылға – 50%- ға арттыру (2012 жылға қатысты).

Қол жеткізу жолдары
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңартудың техникалық қоры келесі бағыттар арқылы іске асырылады:
телерадио хабарларды тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлі сандық телевизияны енгізу;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегіндегі өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
отандық телеарналармен  өнімді өндірудің қазіргі заманға сай технологияларын қолданудың фрагменттігін төмендету;
телевизия бағдарламаларының лентасыз өндірісін пайдалану бөлігінде мемлекеттік телеарналардың әлеуетін дамыту;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені негізінде мемлекеттік телеарналардың алтын қорының сандық мұрағатын құру;
елдің медиа инфрақұрылымын дамыту;
Қазақстан аумағында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын тарату географиясын кеңейту үшін:
ұлттық жерсеріктік телехабарлар тарату желісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
шалғай аудандарда республикалық арналардың көрсетілімін қамтамасыз ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимылын кеңейту;
мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне енуін қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу,
халық арасында неғұрлым кең таралған ақпарат құралдарында жұмыс істеуге бейімделген мемлекеттік БАҚ-тың мобильдік нұсқаларын әзірлеу мәселесін қарастыру,
дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет жүйесіне шығуына жағдай жасау. Оларға мобильдік қосымшалар жасауға қолдау көрсету.
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің өндірісін ынталандыру арқылы көтеру межеленуде, сондай-ақ:
мемлекеттік телеарналардың біреуін эксклюзивті материалдарды (мемлекет өміріндегі кең көлемді оқиғалар туралы, жаһандық деңгейдегі маңызды жаңалықтар және шетелдік әріптестерден алынған бірегей бейнематериалдар) эфирге шығаруды жеткізуші ретінде белгілеу,
өндірістік процесті НD форматына аудару арқылы мемлекеттік телеарналар мен олардың өңірлік филиалдары бейнематериалдарының сапасын арттыру,
мультимедиалық өнімдерді ең соңғы форматтарда (анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер) өңдейтін орталық ашу мәселесін пысықтау,
баспасөз БАҚ-ты басу, беттеу және таратудың жаңа технологияларын талдау және Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газет-журналдарды жеделдік, мультимедиалық, аудиториямен байланыс секілді бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы өлшемдерінің жетістіктеріне жеткізу,
Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын елдер мен өңірлерде республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер қосынының географиясын кеңейту,
мамандандырылған интернет-редакцияларды бөлу мақсатында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының штаттық кестесі мен құрылымын қайта қарау.
мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы мен қол жетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен телевизорлардың (Интернетке шығуы), автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуының тұжырымдамасын қайта қарау.
Дайын медиа-өнімдерді ілгерлету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады:
бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті практика болмақ,
жаңа материалдар туралы хабарландырулар әлеуметтік желілер, тақырыптық қызығушылықтары бойынша электронды пошталар, мобильдік телефондар арқылы жедел жаңалықтар мен маңызды жарияланымдар туралы хабарландырулар жолдау сияқты әдістер қолданатын болады.
қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет жүйесінде белсенді түрде алға жылжымақ,
мемлекеттік БАҚ тоғыспалы технологияларды қолданатын болады.
Ақпарат кеңістігін басқару халықтың барлық санаттарын есепке алатын БАҚ аудиториясының объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделмек. Көрермендер қажеттілігін талдау нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары жалғасын табуда. Көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтар мысалы бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.
Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолдана бермек. Сондай-ақ, мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік телеарналар және газеттердің басшыларымен келісімдер нақты нәтижелерге негізделетін болады. Атап айтсақ, олар: көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту, сайттардың оқырмандарын арттыру және т.с.с.
Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес, барлық мүдделі жақтар тартыла отырып, БАҚ саласы бойынша заңнамалар жетілдірілетін болады.
Бағдарламаның қолданылу барысында баспасөз БАҚ өз маңыздылығын сақтап қалмақ, сондықтан мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші кезектегі мәнге ие болады. Интернет жүйесінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделмек. Жарияланымдарға маңыздылықты арттыру БАҚ нұсқаларын мобильдік байланыс құралдарына қолжетімді етеді. Тұтастай алғанда, барлық негізгі бұқаралық ақпарат құралдары Интернетке көшіріліп, Интернет масс-медиа үшін бірегей тұғырнамаға айналатын болады.
Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жаңа мамандарды оқыту бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
жергілікті еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг, талдау және болжау жүргізу жоғары оқу орындары мен еліміздегі жетекші бұқаралық коммуникациялық құралдарының бірлесіп жоспарлауының міндетті элементі болады;
жоғары оқу орындарының медиа саладағы мамандарды оқыту бойынша бағдарламалары қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады. Оларды көкейкесті етуіне бұқаралық ақпарат құралдары саласының жетекші мамандары тартылады,
еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының негізінде инженер-техникалық кадрлер, медиалық интернет-техологиялар және баспасөз ісі саласының мамандарынан басқа, тарбейінді мамандарды даярлау ұйымдастырылады,
масс-медианың кәсіби мамандарын даярлауды жүзеге асыратын ұлттық университеттердің оқытушылары шет елдерде біліктілігін арттырудан өтеді, тәжірибе алмасу олардың ұдайы практикасына айналады,
«Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясын тағайындауға арналған басым бағыттағы мамандықтар тізбесіне заманауи медиа-технологиялармен жұмыс істей білетін кәсіби мамандар тапшылығын қысқартуға мүмкіндік беретін мамандықтар қосылатын болады,
журналистерді даярлайтын еліміздің негізгі жоғарғы оқу орындарымен келісім-шарт негізінде еліміздің жетекші телеарналары, газеттері, ақпараттық агенттіктерінде әрі қарай біліктілігін арттырудан өту және жұмысқа орналасу үшін ұдайы негізде мамандарды іріктеу көзделеді.
Ерекше назар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға аударылатын болады:
ақпараттық саланы басқару саласының мамандары, мемлекеттік телеарналар, газеттер, ақпараттық агенттіктер қызметкерлері үшін ұдайы негізде шет елдерде оқу және біліктілік арттырудан өту ұйымдастырылатын болады,
Астана және Алматы қалаларында масс-медиа мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі орталықтарды ашу мәселелері қарастырылады,
Астана қаласындағы телерадиокешеннің мүмкіндіктері медиа-нарықтың инжинерлік-техникалық және өзге де заманауи мамандарын практикалық оқытуға барынша қолданылатын болады,
БАҚ саласындағы тәжірибе алмасу және әріптестік орнату үшін алаң ретінде халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның медиа-қауымдастығы өкілдерінің халықаралық көрмелер, форумдар, конференциялар мен сыйлықтарына белсенді қатысу басымдыққа ие болуы тиіс.
Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның сенімі баспа және электронды БАҚ, Интернет-ресурстың неғұрлым қажеттілік сапасы болып табылады. Сондықтан, журналистік қақоғамдастықтың өзін өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың ұсыныстары қолданатын болады. Мұндай жалпы мойындалған құндылықтарды қорғау тетігі бір уақытта мемлекеттің қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынасқа араласу қажеттілігін төмендете отырып, отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.
Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін нығайту және Қазақстан туралы ғаламдық ақпаратты алға жылжыту үшін қазақстандық телеарналардың шетелдік аудиторияны қамтуы көмектесе алады:
Қазақстанның таяу көршілері тұрғындарына қазақстандық мәдени-білім беру арналарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі,
Қазақстанның стратегиялық әріптестері аумағында үш тілде хабар тарататын ақпараттық және мәдени-білім беру телеарналарына қолжетімділік ұйымдастырылатын болады.
Елді мекен ауқымында ақпараттық-коммуникациялық желілерінің дамуымен, көлік құралдары және қоғамдық орындарда қазақстандық радио мен телеарналарға қолжетімділік мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын техникалық дамыту ақпаратты пайдалану және таратудың бүкіләлемдік бағыттарына сәйкестендіріледі. Ultra HDTV сияқты жоғары айқындығынан тұратын телевизия, голографиялық немесе бейнені үш өлшемді үлгімен беретін стереоскопиялық ТВ (3D) су жаңа технологиялар енгізілмек.
Болашақта газеттер, журналдар, телевизиялық бағдарламаларды тарату құрылымы БАҚ-тың мазмұнын үй шаруашылығының ақпараттық инфрақұрылымымен біріктіру мүмкіншілігімен толықтырылады. Осы ретте аудиторияның БАҚ материалдарын ақпаратқа қолжетімділік орнынан бағалау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

 

4.2 Отандық ақпараттық контентті өндіруді ынталандыру

 

Ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрі қазіргі заманға сай ақпараттық-идеологиялық отандық өндірістің өнімдерін маркетингілік жылжыту және өндірістің жаңа мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Мемлекет тарапынан тиімді ақпараттық саясатты жүргізу үшін нәтижелері мазмұнды индустриялық даму деңгейіне тәуелді мамандандырылған коммуникативтік стратегияны жетілдіру және іске асыру қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2012 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 2 752 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқарады, оның ішінде: мемлекеттік – 439 (16%), жеке меншік – 2 313 (84%). БАҚ-тың барлық санына 1 664 газет, 837 – журнал, 238 электронды БАҚ (51 телекомпания, 48 радиокомпания, 133 кабельді телевизия және 6 жерсеріктік таралымның операторлары), 13 – ақпараттық агенттіктер.
Тұрақты түрде жұмыс және жеке қажеттіліктері үшін Интернеттің мүмкіншілігін пайдаланатын тұрғындардың саны 8,9 млн. шамасын құрайды.
Сонымен қатар, қызықты, танымдық және тартымды отандық өнімде шетелдік өнімнің бағасымен сай келетін материалдар жеткіліксіз екендігі байқалады. Нәтижесінде, қазақстандықтар шетелдік ойын-сауық және интерактивті ресурстарға қызығушылық танытады.
Міндет: онандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:

1.    отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі эфирлік уақыттан 2017 жылы - 53%, 2020 жылға - 60%;

2.    прокаттағы  отандық көркем фильмдердің саны 2017 жылы - 8%, 2020 жылы - 10%;

3.    интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің  арасалмағы- 2017 жылға 0,7:1-ге, 2020 жылға – 1:1-ге;

4.    «KZ», «ҚАЗ» домендеріндегі Интернет-сайттардың  өсу саны 2017 жылға- 35%-ға, 2020 жылға - 50% - ға жеткізу;

5.    қосалқы қаржыландыру шартының негізінде  жекеменшік телеарналар арасында  тапсырыс беру тәсілімен  телевизиялық өнімнің  көлемі   2017 жылға-10 жобаға, 2020 жылға15-тен кем емес жобаға;

6.    қазақстандық сайттарға орташа кіруді арттыруды -2017 жылы - 40%-ға, 2020 жылы - 50% - ға жеткізу;

7.    қазақстандық блогжүйе көлемін – 2017 жылы 1 дербес Интернет-блогқа100 интернет пайдаланушы, 2020 жылы 2 дербес Интернет-блогқа100 интернет пайдаланушы;

8.    2017 жылы –10, 2020 жылы - 20 отандық телесериал түсіру;

9.    мемлекеттік телеарналар  контенті өндірісінің  2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 60% аутсорсингке беру.

      Қол жеткізу жолдары
Отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі  бірқатар ауқымды ынталандыру шараларын  жүзеге асыру  арқылы қамтамасыз етілетін болады және олардың ішінде:
жаппай коммуникация  технологиясы дамуының соңынан ілесе келе жатқан  қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеу үшін БАҚ саласындағы  заңнамаларды одан әрі жетілдіру,
қолда бар ақпаратты  ресми сайттарға орналастыруға  мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы  шаралар қолдану,
отандық ақпараттық контентті дамыту үшін салықтық және өзге де жеңілдіктерді  қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру,
контент өндірудің  ашық нарығын  дамыту мақсатында  мемлекеттік телеарналар өнімдерін әзірлеуді аутсорсинге беру саясатын жалғастыру,
тиісті қауіпсіздік, сенімділік және қол жеткізу жылдамдығы  қамтамасыз етілген  жағдайда  Интернет-ресурстардың меншік  иелерінің сайттарды техникалық ұстау  шығындарын төмендету,
қазақ тілі синтездеу және тану, автоматтық аудару жүйесін, онтологиясын, электрондық тезарустарды құру арқылы отандық компьютерлік лингвистика жөнінде жұмысты белсенді жүргізу,
жекеменшік телеарналармен  бірлесіп, ортақ  қаржыландыру шарты  бойынша әзірленетін сериалдарды, деректі драмаларды, ток-шоу, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламалар  көлемін ұлғайту,
мемлекеттік телевизиялық студияларды  жекеменшік контент әзірлеушілерге беру,
әлеуеттеріне жасалған талдау нәтижелерінің мәліметтері  негізінде  іріктелген продакшн-студияларға қолдау көрсету,   әлеуметтік жобаларды іске асыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру,   
ата-аналар мен провайдерлер арасындағы  ерікті  келісім шарт негізінде  балаларды  құқыққа қарсы әрекеттерден және әлеуметтік қауіпті контенттен қорғау  тетіктерін енгізу,
телефон және интернеттегі –«жылдам желі» көмегі арқылы  құқыққа қарсы контенттерді таратуға  қарсы тұрудағы  азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын  ұйымдық, қаржылық қолдау.
Мемлекеттің барлық ауқымында  медиа саланы жеткілікті қаржыландыруды қолдауға  ұзақ мерзімді уақыт талап етіледі. Бұл  салаға қажетті инвестицияларды тартуға және білікті мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Бұл үшін дамудың қоғамдық институттарды  құру мақсатқа сай келеді. Оның міндеті Интернет желісіне орналастыруға арналған отандық киноөнімдерді, сериалдарды және авторлық телебағдарламаларды, қызықты  мәтіндік және мультимедиалық материалдар сияқты  жеке контенттік өндірісі саласын дамыту және қолдау  болатын болады.
Елімізде контент-өндіріс қалыптасу процесі аяқталғаннан кейін мемлекет сұранымды  ынталандырудан бас тартады.  Болжам бойынша  бұған  10 жыл  шамасында уақыт қажет болады.
Білікті мамандардың, әсіресе  Интернет-контент әзірлеу саласында жетіспеушілігін шешу үшін мына шаралар жүзеге асырылатын болады:
Интернет желісінде таратуға бейімделген баспасөз, телевизиялық өнім және медиалық контент саласында  берік білім алуға  назар аударылатын болады,
медиа саласындағы студенттерді оқытуға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі процесті белсендіру,  студенттермен алмасу  оқу бағдарламалары  кең қолдану табады,
қазақстандық жобалар шеңберіндегі шетелдік мамандардың  жұмысы  барлық категориядағы жергілікті мамандарға міндетті түрде тәжірибесін үйрету қамтылатын болады.
Шығармашылық студиялар мен авторларды  танытуды  арттыру жөнінде  мыналар қамтитын жұмыстар жүргізілетін болады:
Халықаралық конкурстарға белсенді қатысу және кино, телевидение саласында бірыңғай  ұлттық премияны тағайындау,
Оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-әзірлеушілер арасында  конкурстар өткізу  жөніндегі қоғамдық бастамаларды ақпараттық қолдау көрсету, 
Азаматтық журналистика өкілдеріне баспа басылымдарының интернет нұсқаларында, телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялауға кең мүмкіндік туады.
Контенттік индустрияны белсендендіруге қажетті әдістемелік процестерді қолдау үшін объетивті көрсеткіштер серпінділігі және медиа-өнімдердің рейтингттеу жүйесі әзірленетін болады. Бұл телевизиялық бағдарламаларды және интернет-ресурстарды қолданушылардың танымалдылығын анықтау үшін кең көлемде техникалық бағдарламалық өлшемдерді енгізуді талап етеді.
Мемлекеттік органдардың  біртұтас ақпараттық  интеграциялық кеңістіктің инфроқұрылымында, біліми-танымдық мекемелерде, коммерциялық салаларда, денсаулық саласында және басқа да қоғамдық өмірдің салаларында  дәстүрлі контентті қарастыруға әкеледі. Кез келген мекеменің немесе жеке тұлғаның  ақпараттық өнім жасауға және оны бұқараға тарату мүкіндігі болады. Тұлғалардың құқығын қорғау мақсатында, азаматтарды дәйекті ақпараттар мен қамтамасыз ету қажетті заңнамалық регламенттеумен жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет авторлардың тәжірбиелік деңгейімен, әлеуетті сапалы сегментпен жаңа ақпарат көздерінің салалық құрылымдалуына  мүмкіндік туғызады. Осы орайда, қоғамдық маңызды контентті әзірлешілерге ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Отандық мәдениет, денсаулық сақтау, білім, инженерия салаларындағы мамандардың үлкен ақпараттық ағымда қажеттілігі артады.  Казақстандық қолданушылар маңызды ақпаратты жедел алуға мүмкіндік туады.
Жаңа кезеңде тұрғындарды ақпаратпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді оқыту жұмыстары жүргізіледі. Барлық деңгейдегі оқыту  мекемелеріндегі бағдарламалар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандықтар бейнематериалдар әзірлеу әдісімен және графикалық контентпен, мәтіндік материалдарды тиімді ұйымдастыру  жұмыстары жөнінде біле алады.

4.3 Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша

Ақпараттық қоғамға өту кезінде  мемлекеттің өміріне  әр азаматтың қатыстылығы, қоғамның билікке деген сенімділігі  мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы ахуалға қысқаша талдау
Қазіргі уақытта мемлекеттің қызметін ақпарттық сүйемелдеудің негізгі функциялары ақпарат саласындағы құзіретті органға жүктелген. Алайда бұл тәжірибе бірқатар кемшіліктерге ие, олардың қатарында түпкілікті ақпараттық өнімнің сапасына деген жауапкершіліктен бас тарту, уақытша және нақты  атқаратын қызметтерінен және БАҚ-тағы ақпараттық көрінісінен алшақ жатуы.
Мемлекеттік органдар арасында және PR-сүйемелдеуді бөлу мемлекеттің имиджін жақсарту мақсаттарының тиімділігін төмендетеді. Ақпарат саласындағы құзыретті орган үнемі толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі деп айтуға болмайды, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелердің ақпарат саласында өздері көздеген мақсаттарын іске асыру үшін тиісті бюджеті мен құзыреті  жоқ.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелермен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда толықтай игерілмейді, соның салдарынан қарапайым азаматтар мемлекеттің жұмысы жайында ақпаратты толықтай ала алмайды.
Міндет: мемлекеттің қызметін айқындау және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және үйлестіру жүйелерін жетілдіру.
Нысаналы индикаторлар:

1.    мемлекеттің негізі әлеуметтік және басты бағыттары жөнінде тұрғындардың ақпаратпен қамтылған деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша)  2017 жылы 65%-ға, 2020 жылы - 75%-ға.

2.    мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың  тиісті кәсіби білімі бар баспасөз-қызметкерлерінің құрамын 2017 жылы - 100%-ға жеткізу.

           Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттің ақпараттық жұмыстары қайта қаралып, азаматтарға толық, уақытылы және дәл ақпаратты жеткізуіне басты назар аударылады.
Ол үшін мемлекеттің ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарының белсенділігін бірыңғай PR-стратегиясы  аясында біріктіру қажет. Ол мемлекет қызметінің бір саланың аясында қамтылатын және мемлекеттік ақпараттық саясатқа қол жеткізбейтін көптеген салалы медиа-жоспарлардың орнын ауыстыруы қажет. PR-стратегия тұрғындардың өмір сүру аспектілерінің барлық жағынан қамтитын болады: білім беру, еңбек, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтар және т.б. Бірыңғай орталықтан барлық мемлекеттік мекемелердің әртүрлі телекоммуникация арналарын қолдануы мен ақпаратты беру форматы жағынан реттеліп отырады.
Біртұтас стратегия іскерлік қауымдастық пен барлық санаттағы азаматтарға  ақпараттық сұраныс пен қалаулы арналарды таңдауларын ескереді. Айрықша назар мемлекеттік органдардың Ғаламтор желісіндегі әлеуметтік алаңдардағы ұсыныстарына аударылатын болады.  
Ақпараттық кеңістікті басқарудың тетіктерін оның нақты шектеулі жауапкершілікті салаларын, өкілдіктер мен жеке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атқаратын қызметтерінің біртұтас басқару орталығын мемлекеттің стратегиясын айқындаушы есебінен қайта қарау қажет болады. Жаңа тетік ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін көрсететін, қайталауды болдырмайтын және де  мемлекеттің ақпараттық жұмысын еліміздегі маңызды оқиғалары кезінде назарға алатын болады. Ұйымдастырушылық кезінде мынадай өзгерістерге әкеледі:
мемлекеттік органдарының баспасөз-қызметтері толық PR-бөлімшелеріне ауыстырылуда, өздерінің салалары бойынша қорытынды  ақпаратқа жауапкершілік танытады, ол қоғамдастықтың негізгі ақпараттық  сұраныстарын мемлекеттің көзқарасын баспа бетінде жарияланған сұрақтар бойынша туындайтын мәселелер мен сындарлы ескертпелерін дер кезінде анықтай алады,
мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың PR-құралдары арқылы сүйемелденуі олардың өздерінің бюджеттерінің шеңберінде қарастырылған, бұл орайда негізгі көңіл жаңа технологияларды қолдануға, оның ішінде әлеуметтік медиаға бөлінетін болады, мемлекеттік тапсырыс еліміздегі ең маңызды оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталады, ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу арқылы жалпыұлттық маңыздағы әлеуметтік, мәдени және білім беру міндеттері шешіледі.
Тұтастай алғанда, мемлекетке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарын негізгі рөлін нығайту бойынша бағдар белгілеу қажет, оған жоспарлы әдістемелік жұмыс арқылы қол жеткізуге болады:
бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің тез арада назар аударуларын арттыру,
мемлекеттік баспасөз-қызметтерінің мамандарын орталықтандыру арқылы жаңа әдістемелер мен технологиялы жұмыстарын, Интернет желісіндегі қоғаммен тиімді байланыстарымен қоса оқытуды ұйымдастыру,
халықтың Интернет желісі мен байланыс құралдарына  қолжетімділігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қайта қарау,      
мемлекеттік сайттардың ақпараттық және қолданбалы сервистерінің сапасын жақсарту,
жаңалықтарды верификациялау және ақпараттық оқиғаларды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлендіретін мемлекеттік емес қызметтердің дамуына ықпал ету,
халықтың мемлекеттің қызметі туралы  ақпараттануы мемлекеттік органдардың БАҚ аудиториясымен тікелей байланыс арқылы, Краудсорсинг тренингін қоса қамтамасыз етілетін болады.
Барлық кезеңде құнды ақпараттық-талдау жүзеге асырылғанда жоғарыда жазылған ақпараттық қызметтің ауқымдығын қайта құру мемлекеттік органдарға қажет болады. Қазақстандық әлеуметке ақпараттық қоғамға біртіндеп өткенінше бұл міндеттерді шешу ахуалдық және формальды қадамдарды жоятын болады.  Негізі осы қызмет байланыс жүйесі келесі бағытта  жүзеге асырылатын болады:
республикалық және өңірлік деңгейде ақпараттық талдау алаңы мен  мониторинг өткізіледі,
түпкілікті жұмыстың ұйымын байқауға, бейімделуге және енгізу бойынша шарттарын құру және ақпараттық саясаттың құзырлығын табысты шетелдік тәжірибесінің Қазақстанның, тиімді медиа технологиялардың, соның ішінде Интернет саласында,
әлеуметтік зерттеу жасау  ақпараттық қажеттілік пен проблемалық  және жанрлық халықтың форматын бағалау мен  ұсыныстарды мемлекеттік ақпараттық саясатына қарап  түзету, 
негізі аталмыш республикалық және өңірлік БАҚ пен талдау зерттеу  масс-медиа саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың сұранысын әдістемелік қамсыздандыруы керек.
Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процесстерді тиісті технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды заманауи телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио-, бейне деректерді өңдеу жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі пысықталады.
Сонымен қатар, осы міндеттер аясында ақпараттық кеңістікке мониторниг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл түрлі мәліметтердің біртұтас алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адами мүмкіндіктердің шектеулігімен сипатталатын дәстүрлі әдіс қолдана алмайтын деректердің үлкен легін жедел өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкелмек.

 

5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - 2013-2017 жылдар;
2 кезең - 2018-2020 жылдар.
Аталған Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленеді.
Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттаушы көрсеткіштерді өзгерту және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсер етуі жоспарланады.
Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады.
Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау, АТ мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ, барлық салалардағы профильді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады.
Ақпараттық салада БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық мас-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады.
Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.
Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.

 

6. Қажетті ресурстар

 

Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік секторының қаржылық қорлары шоғырландырылады, осы ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторальді қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады.
Бағдарламаның нысаналық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі:
жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлар;
мемлекеттің қатысуымен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қаражаты;
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторальді және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет.

 

7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

 

Бағдарламаны іске асыруды басқару мәселелерін үйлестіру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық комиссиясымен іске асырылады.
Бағдарламаны орындауды мониторингілеу және бағалау тетіктері әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы халықтың бағдарламаны іске асыру нәтижелері жөнінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі