Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 1 пользователь и 9 гостей.

Қолданушы сатта

  • carlotamus

2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы

   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «қабылданған бағдарламаға сәйкес білім саласын жаңғыртуды жалғастыру – әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы» деп атап көрсеткен еді.

    Сондықтан, жыл ішінде Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

    2016 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті.

   Тәуелсіздік алғалы бері облыста 137 білім нысаны салынып пайдалануға берілсе, өткен жылы 6 мектеп, 5 балабақша, 1 мектеп пен 1 балабақшаға қосымша ғимарат соғылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен салынды.

    Өткен жылы білім саласының бюджеті 1,2 есеге өсіп, 92 млрд теңгені құрап, бюджет қаржысы 100%-ға игерілді.

   Мемлекеттік бағдарламада көзделген 4 индикатор мен 25 көрсеткішке қол жеткізілді. Жаңа құрылыс есебінен 2 апатты, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі өз шешімін тапты. 42 білім нысаны күрделі жөндеуден, 118 білім нысаны ағымдағы жөндеуден өткізілді (4,9 млрд теңге).

    Білім нысандарын материалдық-техникалық жабдықтау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету жұмыстары да өз жалғасын тапты.

    Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында білім саласындағы қызмет сапасын арттыру мақсатындағы 5 нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

   Білім беру жүйесіне жасалған жағдайлар нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері арта түсті.

  Дарынды оқушыларымыз халықаралық, дүниежүзілік олимпиадаларда 68 медальді иеленсе, республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 5-ші жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша 4-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанып, командалық 1-ші орынды иеленді.

  ҰБТ көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырғанда жоғарылады. «Алтын белгі» орта білім туралы аттестатына үміткерлердің (59,1%) басым бөлігі өз білімдерін дәлелдесе, 120-дан жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны артты.

   Жыл ішінде жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде төмен нәтиже көрсеткен мектептер саны кеміді.

   Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» белгіленген орта және кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы  4 қадамды жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді. 

76 қадамға сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшу мақсатында  өткен оқу жылында облыстағы 2 мектепте жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері, оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілді. Бүгінгі күні аталған сынақ 2 сыныптарда (271 оқушы) жалғасуда.

   2016-2017 оқу жылынан бастап еліміздің 1-сынып оқушылары (25767 оқушы) жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшті. Облыс бойынша 1-сыныпқа сабақ беретін 4116 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

    «...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмаға сәйкес   ең үздік білім беру ұйымына «Орта білім беретін үздік ұйым» атағын беру дәстүрге айналды.  2016 жылы облыстық үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке (18 млн 287 мың 200) ең төменгі жалақының 800 еселенген мөлшері көлемінде облыс әкімінің гранты берілді.

    77-ші қадам бойынша елімізде жүзеге асырылатын инновациялық  жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енді.

   Аталған колледждің 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық  даму жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес өңір экономикасының басым бағыттары - химия саласы үшін «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша германдық білім беру бағдарламасы бойынша, құрылыс саласы үшін «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша австралиялық білім беру бағдарламасы бойынша 50  білімгер мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде білім алуда. Колледждің 44 қызметкері «Кәсіпқор» Холдингі» ұйымдастырған біліктілікті арттырудың үш деңгейлі модульдік бағдарламалары бойынша Беларусь мемлекетінің Минск және Астана қалаларында арнайы курстардан өтті.

   2016-2017 оқу жылынан бастап аталған колледжде «Кәсіпқор» Холдингінің серіктес колледжі ретінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша сингапурлық модель негізінде оқу ресурстық орталығы құрылды. Аталған орталықта құрылыс саласына қажетті мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жүргізілмек. Орталықтың жұмысы - құрылыс материалдары өндірісі бойынша жетекші қазақстандық «Кнауф» және «Алина» компанияларымен жасалған келісім-шартқа сәйкес ұйымдастырылатын болады.

    79-шы қадамға сәйкес жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда.

Облыста «Үш тілде білім берудің 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.  

  Облыста 4 мамандандырылған мектепте жаратылыстану–математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізілсе, Байзақ ауданындағы Көктал және Сарыкемер орта мектептерінде, Тараз қаласындағы №45 гимназияда ағылшын тілінде  оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар, ал №1 гимназияда 7 сыныпта физика пәні сабағында физикалық терминдер ағылшын тілінде оқытылуда.

   Ағымдағы жылы 1500 бала жазғы тіл үйрену мектебінде  ағылшын тілін үйрену курстарынан өтті. Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағымдағы жылдың тамыз айында физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған жазғы ағылшын тілін үйрену курстары өткізіліп, оған 100 педагог қамтылды.

   Облыстық білім басқармасы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың  қазан-қараша айларында  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген химия, физика, биология, информатика   пәні мұғалімдері  жаратылыстану пәндерінің 14 мұғаліміне ағылшын тілін үйрету тренингтерін өткізді. Тренингке қатысу үшін 60 педагогтың ішінен ағылшын тілінің  elementary/pre-intermediate деңгейін  меңгерген 14 педагог іріктеліп алынды .

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім  беру саласында үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу аясында ТарМПИ-нің базасында ағымдағы жылдың 14 қарашасы мен  15 желтоқсаны аралығында 45 жаратылыстану пәнінің мұғалімдері ағылшын тілінде оқыту курстарынан өтті. Оның ішінде Тараз қаласының 6 мұғалімі Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында, Корея Республикасының Сеул қаласында шетелдік серіктестер базасында оқыту курсының 4-ші модуліне қатысты.

         Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына       89-шы қадамға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел»  патриоттық актісіндегі Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын  жастардың бойына сіңіру мақсатында  облыста жүйелі  жұмыстар  жүргізілуде.

2015-2016 оқу жылында оқу үрдісіне 6 сыныптарға арналған «Мәңгілік ел», 7 сыныптарға «Көшбасшылық мектебі» бағдарламалары енгізілді. 7 ауданда мектеп жанынан «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылды.

Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тарихи ой-өрісі жетілген жаңа буынды тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мұрасын жан-жақты насихаттау арқылы тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған 155 іс-шара өткізіліп,  оған 25 107 оқушы қамтылды.

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру бағытындағы жұмыстар «2016-2019 жылдарға арналған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негіздерін білім беру және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес жүргізілуде.

Білім сапасын арттыру - ұстаздарымыздың білімі мен біліктілігіне байланысты десек, осы мақсатта өткен жылы 324 іс-шара өткізіліп, оған 24041 мұғалімнің  94,6%-ы (22753) қамтылды.

Оның 69-ы оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетуге, 46-ы оқу үрдісінде сыни ойлауды дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін қамтамасыз етуге, 52-і оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, 47-і ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін шындауға, 30-ы оқушыларды пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау барысында педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеруге, 31-і үштілді оқытуды енгізу бойынша, 49-ы жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің тиімді әдістерін тәжірибеде қолдануға бағытталды.

Инновациялық идеяларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу барысында облыс бойынша 2016 жылы 102 педагогтің оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендері шығарылды.

2016 жылы 14-15 сәуір аралығында «Үш тілде білім беретін мектептердегі дарынды балалармен жұмыстың заманауи әдістері: жаңашылдық пен тәжірибе», 16-17 маусым күндері «Заманауи колледж кітапханасы: мамандар көзімен» атты республикалық семинарлар өткізіліп, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің, колледж кітапханаларының іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылды.

    2016 жылы біліктілікті арттыру курстарынан барлығы 7763 (32,2%) педагог өтсе, оның 5949-ы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттырды

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Педагогтардың 67,3%-ы (16184) өз сабақтарында 20-дан астам инновациялық технологияларды қолданады.

   Оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі  тиімді  әдістерінің  бірі - эксперименталдық - тәжірибелік  жұмыс.  Облыстың білім мекемелерінде 56 эксперименттік алаң жұмыс жасауда.  Оның    3-і  мектепке  дейінгі,  26-ы жалпы білім беретін орта мектептерде,  27-і техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында.   2016 жылы 12 білім беру ұйымы мен 74 педагогтың іс-тәжірибелері облыс көлемінде таратылды.

    2016 жылы облыс бойынша 4289 педагог түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, 881-і жеңімпаз атанды.

    Облыстың 1846 педагогі республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен байқауларға қатысты. Оның 259-ы жеңімпаз атанды.

   Жамбыл ауданы Б.Беспаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үсенбаева Зухра Алтынбекқызы, Шу ауданы М.Мақатаев  атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Баетова Анар Ермекқызы, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Асанова Нұрхат Оңласынқызы  республикалық байқауда «Үздік педагог-2016» атағын иеленіп, облыс абыройын асқақтатты.

   Мектепке дейінгі тәрбиемен  қамтылған балалар үлесін арттыру  мақсатында нақты жұмыстар жүргізілді.

   2016 жылы 1805 орын ашу жоспарланса, 4250 орындық 36 балабақша, 1 шағын орталық ашылып, жоспар 2445 орынға немесе 235%-ға артық орындалды.

   2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 3,6%-ға, 3-6 жас аралығында 5,2%-ға артты.

   2016 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында жасалған түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу меморандумында белгіленген 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 80%-ға қамту жөніндегі индикатор 80,2% орындалды.

   Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2016 жылы 2555 орындық 29 мектепке дейінгі білім мекемелері ашылды.

   Бүгінгі күні 67 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде мектеп жасына дейінгі балалардың 12,7%-ы (6030 бала) қамтылып отыр.

   Дегенмен,  1-6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі облыстық көрсеткіштен Меркі (39,8%), Шу (45,3%), Т.Рысқұлов (46%),  Қордай (48,7%) аудандарында төмен болса, 3-6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі облыстық көрсеткіштен  Меркі (52%), Шу (69,9%), Қордай (74,6%)Т.Рысқұлов (77,4%),  аудандарында төмен болып отыр.

   Аталған аудандарда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-6 жастағы балалар үлесін 2017 жылы 82%-ға жеткізу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізу керек.

   Техникалық және кәсіптік  білім беру сапасын арттыру, Елбасы жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби білім» жобасын жүзеге асыру – негізгі міндеттеріміздің бірі.

   Өткен жылы өңір қажеттілігіне сай мамандар дайындау, колледждерде даярланатын мамандықтарды белгілі бір салаға бағыттау, яғни мамандандыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні типтік жастағы (14-24) жастардың 16,8%-ы техникалық және кәсіптік біліммен қамтылып отыр.

   2015 жылға қарағанда техникалық кәсіптік білімді мамандар дайындауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 383-ке артып, 4123-ті құрады.

   Өңір экономикасын дамытудың басым бағыттары – химия, ауылшаруашылығы саласын дамыту десек, 2015 жылға қарағанда химия саласына бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 13,5%-дан 13,9%-ға (504-тен 575-ке), ауыл шаруашылығы саласына бөлінген тапсырыс көлемі 17,7%-дан 17,8%-ға (665-тен 735-ке) өсті.

  Дуальды оқыту жүйесіне қамтылған колледждер саны 4-ке артып, бүгінгі күні 31 колледжде 28 мамандық бойынша 2530 білімгер қамтылып отыр. Осы мақсатта әлеуметтік серіктестермен 547 келісімшарттар жасалған.

   Әлеуметтік серіктестікті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білімгерлерді өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 2429 келісімшарттар мен меморандумдар жасап, әлеуметтік серіктестер тарапынан 15 100 орын қарастырылды.

    Техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі – бітіруші түлектерді алғашқы жылы жұмысқа орналастыру.

    Бүгінгі күні түлектердің 61%-ы жұмыспен қамтылған және жайластырылған, олардың 63,2%-ы – мемлекеттік тапсырыспен оқығандар.

   Өткен жылы жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оурдскилс» әлемдік қозғалысының өңірлік чемпионаты 5 мамандық бойынша өткізілсе, жұмысшы мамандығын насихаттау мақсатында әлеуметтік серіктес, Еңбек Ері, «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры М.З.Ескендіровтің еңбек жолын үлгі ету мақсатында «Еңбек адамы» арнайы бейнеролигі әзірленіп, білім мекемелеріне таратылды, еңбек адамдарымен кездесулер ұйымдастырылды.

    «Серпін» әлеуметтік жобасы – мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау десек, өткен жылы 262 жас осы жоба аясында оқуға түсті.

   Білім басқармалары мен жоғары оқу орындарының мәліметтеріне сәйкес «Серпін» жобасына Мойынқұм, Сарысу, Қордай, Шу аудандары жастарының белсенділігі төмен болса, Байзақ, Жуалы аудандары мен Тараз қаласы жастарының белсенділігі жоғары.

    Аудан әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімдері алдағы уақытта осы мәселеге ерекше назар аударғандары жөн.

   Даярланатын мамандықтарды белгілі бір салаға бағыттау мақсатында өткен жылы №1 колледждің  атауы Тараз сервис және қызмет көрсету колледжі болып өзгертіліп, тек қызмет көрсету саласына мамандар дайындауға көшсе, биылғы жылы Қаратау гуманитарлық-техникалық, Жаңатас көпсалалы колледждері атауларын өзгертіп, өңір қажеттілігіне сәйкес мамандар дайындаумен айналысатын болады.

    Мамандандыру, оңтайландыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі тарапынан «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын жүзеге асыруға қатысты нормативтік құжаттар әзірленуде.

   Өңірде аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысын өткен жылмен салыстырғанда 870  орынға (оның ішінде 100 ЖБ, 770 орын РБ) арттыру көзделіп отыр.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуларына жағдай жасау – ең өзекті мәселелердің бірі.

    Ерекше білім беруді қажет ететін 7750 баланың 7208 оқумен және тәрбиемен қамтылған. Ал310 орта мектепте 1977 бала  инклюзивті білім алуда.

    199 мектепте,  10 балабақшада   инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.

   Өткен жылы Тараз қаласында 100 балаға психологиялық-педагогикалық түзету орталығы «DARA»  және «SAMRUK KAZYNA ТRUST» қайрымдылық қорларының қолдауымен ашылса, жыл соңында Меркі, Қордай, Талас аудандарынан ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларын ашуға облыстық бюджеттен 47 млн. 595 мың теңге бөлінді. Мұның бәрі – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесіп, балалардың жеке шығармашылық әлеуетін ашуға көмек көрсетуде.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде.

    Өткен жылы республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваліне 12 бала қатысып, «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығында демалуға жолдама алды.

   Дегенмен, инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған мектептер үлесі Байзақ (22,2%), Жамбыл (29%), Сарысу (33,3%) аудандары мен Тараз қаласында (28,8%) төмен болса, Шу (3,8%), Жуалы (3,7%), Талас (5,2%), Т.Рысқұлов (6,6%), Қордай (8,1%) аудандарындағы инклюзивті білім мен тәрбие алуға жағдай жасалған мектепке дейінгі ұйымдар үлесі төмен.

    2017 жылы барлық аудандар мен Тараз қаласы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептер үлесін 55%-ға, мектепке дейінгі ұйымдар үлесін 15%-ға жеткізу мақсатында нақты жұмыстар жүргізулері қажет.

    Облыста жетім және ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

  Отбасылық үлгідегі балалар үйінің желісі ұлғайып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қорғаншылық пен қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге беру үрдісі дамып келеді. Нәтижесінде, балалар үйіндегі балалар саны 2015 жылғы 335-тен  2016 жылы 253-ке азайды.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімдігі арасында 2014-2016 жылдарға арналған білім саласында жасалған меморандумда белгіленген көрсеткіштер артығымен орындалып, жыл қорытындысы бойынша балалар үйінің     75 тәрбиеленушісі отбасылық тәрбиеге беріліп, 14 жетім балаға Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласынан тұрғын үй берілді.  522 балаға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен білім депозиттері ашылды. Облыс бойынша 2016 жылы 138 бала асырап алынды.

    Өткен жылдың 20 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында «Әрбір бала өз отбасымен бірге тұруы тиіс», 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында «Бала құқығын қорғау» акциялары өткізіліп, заңды өкілдеріне қатысты құжаттары заңдастырылмаған 597 бала, ата-аналарымен бірге тұрмайтын 2284 (1041 - қыздар) бала, туыстарымен тұрып жатқан, құжаттары заңдастырылмаған 884 (418 - қыздар) бала, өз ата-аналарымен бірге тұрып жатса да туу туралы куәліктері жоқ 8 бала, мемлекеттік көмекке мұқтаж 1844 бала анықталып, аталған акциялар аясында 52 баланың туу туралы куәліктерін, ЖСН-ін алуға, 310 баланың жанұяларына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, 70 баланың жанұясына тұрғын үй көмегін алуға, 125 баланың ата-анасына жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін тағайындауға көмек көрсетілді, 57 баланың ата-аналарынан алимент өндірілді, 1349 балаға демеушілік көрсетіліп,  1919 баланың ата-анасына жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес берілді.

   Оқушылардың  сабақтан тыс уақыттарында  қосымша біліммен қамтылуын ұйымдастыру және бұқаралық спортқа тарту –  салауатты өмір салтын насихаттау әрі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты  болдырмаудың алдын алу шараларының бірі.

    Облыстық білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен 2016 жылы «Мектеп лигалары», «Алтын сақа», «Былғары доп», «Шұбар доп» сияқты жарыстар мен 2 жылда 1 рет өткізілетін мектеп пен колледж білімгерлері арасындағы 8-ші  жазғы спартакиада өткізілді.

     55 мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық көлемде өткен жарыстарға 165 747 оқушы қамтылды (2015 жылы – 46 жарыс – 164 997 оқушы).

    Республикалық VIII жазғы спартакиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 171 алтын, 137 күміс, 182 қола медальдармен марапатталып, командалық 3-ші орынды иеленді.

Мектеп оқушыларының 30-ы ҚР спорт шебері, 648-і ҚР спорт шеберлігіне кандидат болса, соның 406-ы атақтарын 2016 жылы алғанын мақтанышпен айтуға болады (2015 жылы - 134).

   Дегенмен, спорт залы жоқ мектептер мәселесін жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізу керек  (Байзақ – 17, Жамбыл – 13, Жуалы – 10, Қордай – 7, Т.Рысқұлов – 13, Меркі – 11, Мойынқұм – 3, Сарысу – 8, Талас – 12, Шу – 11, Тараз қаласы - 3).

Мектеп оқушыларының қосымша біліммен қамтылуына да ерекше көңіл бөлінуде.

    Бүгінгі күні барлық оқушылардың 94,3% өздерінің қызығушылықтарына байланысты түрлі үйірмелерге қамтылды  (2015 жылы – 47,1%).

   Әсіресе, туристік-өлкетану, техникалық шығармашылық бағытындағы үйірмелердің ашылуына ерекше назар аударылып, туристік-өлкетану бағытындағы үйірмелер саны 83-тен 278-ге, ондағы қамтылған балалар саны  2182-ден 5013-ке өсіп, мектеп және коллледж оқушылары арасында туризм мен өлкетану жұмыстарын дамыту мақсатында тиісті органдармен 4 жақты меморандум  жасалды.

   Техникалық бағыттағы үйірмелерге қамтылған балалар үлесі де артып (3%-дан 3,9%-ға, яғни 5946-дан 8371-ге),  8 оқушы өткен жылдың қыркүйек айында техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың республикалық жарысына қатысып, сертификаттарға ие болды.

     Дегенмен, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас аудандары мен Тараз қаласында әлі де болса қосымша біліммен қамту үлесін  жоғарылату қажет.

    Алда  облыстағы жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталықтарының материалдық-техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жақсартып, қосымша білім беретін мекемелер желісін ұлғайту міндеті тұр.

     Сондай-ақ, тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатында  білім басқармасы тарапынан 2-ші жыл үкіметтік емес ұйымдарға  әлеуметтік тапсырыстар  берілуде.

    Өткен жылдың 26 шілде – 26 қазан аралығында «Жаңа шабыт» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы мен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» жобасы бойынша оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға арналған жадынамалар дайындалып, таратылса, 1000-ға жуық оқушылар мен ата-аналардың, педагогтардың қатысуымен облыстық ғылыми- практикалық конференция өткізіліп, белгілі дәрігерлер, танымал ғалымдар дәрістер оқыды.

    «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық ұйымы «Өмірлік дағдыны қалыптастыру» жобасы бойынша девиантты мінез-құлықты мектепішілік, ішкі істер бөлімдерінің есептерінде тұрған 50 балаға 6 күндік тренингтер ұйымдастырды. Тренинг барысында республиканың жетекші, танымал психологтары балалармен түзету жұмыстарын жүргізіп, балалардың мінез-құлықтарындағы өзгерістер сараланды.

    Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептер мен колледждерде 6 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, оған 200 мыңнан  астам жасөспірім қамтылды.

   Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2016 жылдың 12 айында алдыңғы жылмен салыстарғанда мектеп оқушыларымен жасалған қылмыс 37-ге азайса, ішкі істер бөлімдерінің есептерінде тұратын жасөспірімдер саны 159-ға, 12 білімгерге азайды.

   Суицидтің алдын алу мақсатында білім басқармасы тарапынан оқыту-тренингтік жұмыстарға 8 млн. 160 мың теңге бөлініп, республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері 3 кезеңнен тұратын 100 психологқа арналған оқыту семинарларын ұйымдастырып, жоғары сынып оқушыларына арналған онлайн конференциялар мен құқық қорғау, заң органдары өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

    Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басым бағыты, ал мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы жемқорлықты тудыратын негізгі себептерге қарсы бағытталған жүйе.

   Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген 4 мақсатты индикатордың бірі - «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» болып табылады. Бүгінгі күні облыстың білім саласында 32 мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

     Олардың:

17-і қызмет берушінің кеңсесі арқылы (қағаз жүзінде);

6-ы қызмет берушінің кеңсесі және портал арқылы;

2-і қызмет берушінің кеңсесі және мемлекеттік корпорация (ХҚКО)арқылы;

4-і мемлекеттік корпорация және портал арқылы;

3-і қызмет берушінің кеңсесі, мемлекеттік корпорация (ХҚКО) және портал арқылы көрсетіледі.

    Қызмет көрсетудің айқындылығы мен жемқорлық қаупін туғызу факторларын азайтуды қамтамасыз ету үшін аталған қызметтердің  13-і портал арқылы, 9-ы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі.

    2016 жылдың 12 айында облыс бойынша білім саласында 182325 қызмет көрсетілген, оның: 160525 (88%)-қағаз түрінде, 1376 (0,8%)-«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО), 20424 (11,2%)- «электронды үкімет» веб порталы арқылы көрсетілген. Әсіресе, Жуалы (2,4%), Талас (4,8%) аудандарында электронды түрде көрсетілетін қызмет үлесі  төмен болып отыр.

     Сондықтан,  білім беру ұйымдары электронды түрде көрсетілетін қызметтің үлесін арттыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізулері керек.

   Облыстың білім беру ұйымдары  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. 246 іс-шара өткізілді. Аталған іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып отырды.

     Білім саласының ардагері, облыстық білім басқармасын басқарған Ә.С.Мамашевтің «Облыстың құрметті азаматы» атанып, «Құрмет» орденін иемденуі де – білім саласына көрсетілген құрмет деп қабылдауымыз керек.

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуде облыс оқушыларының 41,1%-ын құрайтын «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарының рөлі ерекше болғанын атап өткен жөн.

   Мектеп түлектерінің табысты өмір жолын үлгі ету, мектебіне қолдау көрсету мақсатында өткен жылдың қазан айынан басталған «Туған мектепке тағзым» акциясы шеңберінде тағылымы мол тәрбиелік іс-шаралар өткізілді және оқу жылының соңына дейін жалғаспақ.

    Облыстық білім басқармасы жылына 2 рет есеп беретін болғандықтан, білім қызмтекерлерінің тамыз кеңесінде салада атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер жеткілікті айтылып, облыс әкімі нақты тапсырмалар берген болатын.

     Сондықтан, атқарылған жұмыстар көп, ал алда атқарылатын міндеттер  одан да ауқымды.

   Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту, мектебі жоқ және тиісі мектебі жоқ елдімекендерден оқушыларды тасымалдау, жазғы демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, отбасы құндылықтарын насихаттау, келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында тәрбиелік мәні зор роликтер мен фильмдерді жиі көрсетіп, қыз балаларды ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу, оқушылардың сабаққа себепсіз келмеуінің алдын алу, мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ге дайындау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылатын жұмыстардың тиімділігі мен құқықтық сауаттылықты арттыру, кадрларды сапалы іріктеу, азаматтардың арыз-шағымдарына сауатты жауап беру, білім мекемелерінде температуралық режимнің сақталуы мен жылыту маусымын ойдағыдай өткізуді  күнделікті бақылауда  ұстауымыз  қажет.

    

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары