Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 25 гостей.

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау емтихан материалдарын қолдану нұсқаулығы

 

  •  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры

______________ Ш. Каринова

«____» ___________ 2018 жыл

 

  •  

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығының

  •  

______________ Р. Әлімқұлов

«____» ___________ 2018 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау емтихан материалдарын қолдану нұсқаулығы

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (2018 жылғы 9 ақпандағы №47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» негізінде әзірленді.

2. Осы Нұсқаулық қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын ашу және қолдану тәртібін сипаттайды.

          3. Қорытынды аттестаттау 5 пән бойынша өткізіледі:

1) Ана тілі және әдебиет (оқыту тілі) – эссе нысанында жазбаша емтихан;

        2) Алгебра және анализ бастамалары – жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихы – ауызша емтихан;

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі/қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі – тестілеу;

        5) Таңдау бойынша пән (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) – тестілеу.

          4. 11(12)-сынып білім алушылардың қорытынды аттестаттауына арналған емтихан материалдары келесі заттардан тұрады:

        1) Қап;

        2) Қорап;

        3) Сейф-пакет (интервоид);

        4) Ауызша және жазбаша емтихан тапсырмалары, емтихан тестілері;

        5) CD-диск;

        6) Конверт;

         7) Дұрыс жауаптар коды;

         8) Емтихан материалдарын сыныпта ашу туралы акт;

         9) Жауап парағы.

5. Ауызша және жазбаша емтихан тапсырмалары 4 міндетті пән бойынша, емтихан тестілері білім беру ұйымы (бұдан әрі – мектеп) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) деректер базасына енгізген мәліметтерге сәйкес таңдау пәндері бойынша жіберіледі.

 

  1. Емтихан материалдарының буып-түйілуі және жеткізілуі

 

6. Емтихан материалдары қапқа салынады. Бір қапта бір немесе бірнеше мектепке арналған А4 көлеміндегі қорап және сейф-пакет болады.;

7. Қорап келесі материалдарды қамтиды: емтихан тестілеріемтихан материалдарын сыныпта ашу туралы акт. Қорапқа пломба салынады;

8. CD-дискі келесі материалдарды қамтиды: орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі; қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі; ағылшын, француз, неміс тілдері бойынша тыңдалым; информатика пәні бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету;

9. Сейф-пакет келесі материалдарды қамтиды: «Ана тілі және әдебиет», «Алгебра және анализ бастамалары» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша бағыттар және тапсыру тілдеріне сәйкес салынған емтихан тапсырмалары бар конверттер. Әр пән бойынша 2 конверт салынады (біріншісі – негізгі, екіншісі – қосалқы).

10. Қаптар толтырылғаннан кейін оларға пломба салынады.

11. Емтихан материалдары салынған арнайы қаптар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, республикалық мектептерге жеткізіледі.

12. Орталық және білім басқармалары/республикалық мектептер арасында емтихан материалдарын тапсыру-қабылдау актісі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

13. Тестілеудің жауап парағының электронды нұсқасы Орталық филиалдарының, білім басқармалары және республикалық мектептердің электронды пошталарына жіберіледі. Жауап парақтары мектептерде қорытынды аттестаттауға қатысатын бітіруші санына сәйкес көбейтіледі.

 

  1. Емтихан материалдарын ашу тәртібі

 

14. Емтихан материалдары салынған қаптар тек аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде ашылады.

15. Білім бөлімімен белгіленген мерзімде қораптар мен сейф-пакеттер мектептерге таратылады.

16. Барлық емтихан материалдары тек емтихан өткізілетін күні ашылады.

17. Эссе тақырыптары салынған конверттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

18. Алгебра және анализ бастамалары материалдары салынған конверттер ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

19. Қазақстан тарихы бойынша билеттер салынған конверттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Ескерту: Қосалқы конверттер емтиханға дәлелді себептермен қатыса алмаған бітірушілер үшін емтихан күні ауыстырылған жағдайда ашылады.

20. Жазбаша емтихандардың материалдары 1 данада берілетіндіктен, қажет болған жағдайда материалдар аудитория немесе білім алушылар санына қарай білім беру ұйымында көбейтіледі.

21. Қорап тестілеу болатын күні білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен тестілеу басталудан 15 минут бұрын ашылады.

22. Емтихан материалдарын сыныпта ашу туралы акт осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

23. Қораптағы қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, информатика пәндері бойынша тест тапсырмалары жазылған CD-дискідегі материал аудитория санына қарай техникалық құрылғыларға көшіріледі және тестілеу барысында ойнатылады.

24. Информатика пәні бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету тапсыратын білім алушы санына сәйкес компьютерлерге орнатылады. Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуде беріледі.

Ескерту. Информатика пәні бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату үшін компьютерге арналған техникалық талаптар:

1) Жедел жад көлемі кемінде 2 гб;

2) Экранның ажыратымдылығы кемінде 1440 / 900;

3) Администратор режимінде орнату;

4) Қатқыл дисктің көлемі кемінде 1 гб.

25. Жазбаша емтихан және тестілеу (ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес) аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстары Комиссия мүшелерімен мектеп ғимаратында тексеріледі.

 

 

 

 

  1. Жауап парағын толтыру тәртібі

 

26. Қорытынды аттестаттауды жауап парағы тестілеудің жауаптарын белгілеу үшін беріледі.

27. Жауап парағы көк немесе қара түсті автоқаламмен толтырылады.

28. Жауап парағын былғауға, бүктеуге, жыртуға және корректор сұйықтығымен өзгертуге қатаң тыйым салынады.

29. Жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан шығаруға болмайды.

30. Жауап парағы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес келесі тәртіппен толтырылады:

«Тегі, аты, әкесінің аты» секторы. Білім алушының аты-жөні баспа әріптермен жазылады;

«Мектептің атауы» секторы. Білім алушының оқып жатқан мектебінің атауы баспа әріптермен жазылады;

«Сынып литері» секторы. Сынып литері жазылады;

«Нұсқа» секторы. Емтихан тестінің кітапшасындағы нұсқа нөмірі кітапша таратылған соң торкөздерге көшіріледі;

«Қазақ/орыс тілі» секторы. Міндетті пән Қазақ немесе орыс тілі бойынша жауаптар сәйкес дөңгелекшелерге боялады;

«Таңдау бойынша пән» секторы. Бұл секторды таңдау пәні ретінде шетел тілін таңдаған білім алушылар толтырады. Шетел тілі атауының дөңгелекшесі және сол пән бойынша жауаптар сәйкес дөңгелекшелерге боялады;

«Таңдау бойынша пән» секторы. Бұл секторды таңдау пәні ретінде физика, химия, биология, география, дүниежүзі тарихы, геометрия немесе әдебиет пәнін таңдаған білім алушылар толтырады. Пән атауының дөңгелекшесі және сол пән бойынша жауаптар сәйкес дөңгелекшелерге боялады;

«Мектеп бітірушінің қолы» секторы. Білім алушының қолы қойылады.

«Пәндер бойынша тест нәтижесі» секторы. Тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушының жұмысын Комиссия мүшелері ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес тексереді. Осы секторға екі пән бойынша тест нәтижесі жазылады;

«Тексерушінің тегі, аты-жөні және қолы» секторы. Тестілеу жұмысын тексерген Комиссия мүшесінің аты-жөні және қолы жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау емтихан

материалдарын қолдану нұсқаулығына 1-қосымша

 

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау үшін емтихан материалдарын тапсыру-қабылдау

  •  

 

 

Берген күні: _____________

 

 

Ұлттық тестілеу орталығы 11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдары салынған қапшықтарды ____________ (________________________________________________________________)

  1.  

берді, _____________________________________________________________

(облыстық білім басқармасы/респуб. білім беру ұйымының атауы)

қабылап алды.

Қапшықтар бүлінбеген, Ұлттық тестілеу орталығының пломбасы мен облыс, аудан және білім беру ұйымының атауы көрсетілген жапсырлмалар бар.

Осы акт екі данада жасалған.

 

 

  •  

ҰТО қызметкері: _________________

  1.  
  2.  
  3.  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

 

 

       
  Овал: ҰТО мөрі орны   Овал: ББ/РББ мөрі орны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау емтихан

материалдарын қолдану нұсқаулығына 2-қосымша

 

 

Емтихан материалдарын сыныпта ашу туралы

  •  

 

Облыс ________________________________________________________________

                                                                   (атауы)

Аудан (қала) __________________________________________________________

                                                                   (атауы)

 

Білім беру ұйымы ______________________________________________________

                                                                   (атауы)

Сынып  _______________

 

Күні  _________________

 

Біз, төменде қол қоюшылар, емтихан материалдары салынған қорапты аштық, емтихан материалдарына санау жүргіздік. Санау нәтижесі төмендегі кестенің «Нақты саны» бағанында көрсетілді.

 

р/н

Материал атауы

Жоспар бойынша саны

Нақты саны

Таратылды

Қалғаны

Ескерту

1

Дискілер

 

 

 

 

 

2

Емтихан тестері

 

 

 

 

 

3

Дұрыс жауаптар коды

 

 

 

 

 

 

1-оқушы: _________________  __________________________________________

                        (қолы)                                                  (аты-жөні)

 

2-оқушы: _________________  __________________________________________

                        (қолы)                                                  (аты-жөні)

 

3-оқушы: _________________  __________________________________________

                        (қолы)                                                  (аты-жөні)

 

Емтихандық комиссия төрағасы мен мүшелері:

          

                         __________________________________________    _________________ 

                                                       (аты-жөні)                                               (қолы)         

                                        

                         __________________________________________    _________________ 

                                                       (аты-жөні)                                               (қолы)         

 

Білім беру ұйымының директоры: ________________________________    _______________ 

                                                                         (аты-жөні)                                 (қолы)

 

 
  Овал: Білім беру ұйымының мөрі

 

 

 



 

11(12)-сынып білім алушыларын

қорытынды аттестаттау емтихан

материалдарын қолдану нұсқаулығына

 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары