Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары 

ИНФОГРАФИКА: «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары

100 нақты қадам: Қазақстандағы білім және ғылым саласын одан әрі дамыту бойынша міндеттер

ИНФОГРАФИКА: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. 76-қадам

«Ұлт жоспары 100 нақты қадам – жаңару мен дамудың негізгі кепілі»

 

«Ұлт жоспары 100 нақты қадам – жаңару мен дамудың

негізгі кепілі». Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар  

 

«100 нақты қадам» - ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген 100 міндетті іс-қимыл, ол - ХХІ ғасырдағы тиімді реформалардың орасан зор бағдарламасы.

Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» белгіленген орта және кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы  4 қадамды жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

76 қадамда берілген жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу тапсырмасына сәйкес өткен оқу жылында облыстағы 2 мектепте жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері, оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілді. Бүгінгі күні аталған сынақ 2 сыныптарда (271 оқушы) жалғасуда.

Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің 1-сынып оқушылары (25767 оқушы) жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшті. Облыс бойынша 1-сыныпқа сабақ беретін 3756 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 «...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмаға сәйкес   2014 жылдан бастап ең үздік білім беру ұйымына «Орта білім беретін үздік ұйым» атағын беру дәстүрге айналған.  Осы грантты иеленген 3 білім мекемесіне – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатына (15 млн 973 мың), Тараз қаласындағы №40 гимназияға (17 млн 091 мың 200),  облыстық үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке (18 млн 287 мың 200) ең төменгі жалақының 800 еселенген мөлшері көлемінде облыс әкімінің гранттары берілді.

77-ші қадам бойынша елімізде жүзеге асырылатын инновациялық  жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енді.

Аталған колледждің 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық  даму жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес өңір экономикасының басым бағыттары - химия саласы үшін «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша германдық білім беру бағдарламасы, құрылыс саласы үшін «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша австралиялық білім беру бағдарламасы негізінде 50  білімгер мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес білім алуда. Колледждің 44 қызметкері «Кәсіпқор» Холдингі» ұйымдастырған біліктілікті арттырудың үш деңгейлі модульдік бағдарламалары бойынша Беларусь мемлекетінің Минск және Астана қалаларында арнайы курстардан өтті.

2016-2017 оқу жылынан бастап «Кәсіпқор» Холдингтің серіктес колледжі ретінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша сингапурлық модель негізінде оқу ресурстық орталығы құрылды. Аталған орталықта құрылыс саласына қажетті мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жүргізілмек. Орталықтың жұмысы - құрылыс материалдары өндірісі бойынша жетекші қазақстандық «Кнауф» және «Алина» компанияларымен жасалған келісім-шартқа сәйкес ұйымдастырылатын болады.

79-шы қадамға сәйкес жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда.

Облыста «Үш тілде білім берудің 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.  

Облыста 4 мамандандырылған мектепте жаратылыстану–математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізілсе, 4 мектепте үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 1500 бала жазғы тіл үйрену мектебінде  ағылшын тілін үйрену курстарынан өтті. Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағымдағы жылдың тамыз айында физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған жазғы ағылшын тілін үйрену курстары өткізіліп, оған 100 педагог қамтылды.

Облыстық білім басқармасы мен Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесе отырып, ағымдағы жылдың ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген мұғалімдерінің қатысуымен әр сенбі сайын физика химия, биология, информатика пәнінің мұғалімдері үшін ағылшын тілінде үйрету тренингтері өткізілуде.

Тренингке  ағылшын тілінің ең бастапқы деңгейін (elementary/pre-intermediate) меңгерген 14 педагог (физика-2, химия-4, биология - 5, информатика-3) қатысуда.

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім  беру саласында үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу аясында ТарМПИ-нің базасында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің және Назарбаев Университетінің оқытушылары ағымдағы жылдың 14 қарашасы мен  15 желтоқсаны аралығында «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінен сабақ беретін  45 педагогты ағылшын тілінде оқытып, біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

         Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына 89-шы қадамға сәйкес  2015-2016 оқу жылында оқу үрдісіне 6 сыныптарға арналған «Мәңгілік ел», 7 сыныптарға «Көшбасшылық мектебі» бағдарламалары енгізілді. 7 ауданда мектеп жанынан «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылды.

Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында  мектеп жанынан  ашылған  «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталықтарының ұйымдастыруымен 124 іс-шара өткізіліп, 22561 мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері қамтылды.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаевпен бекітілген «2016-2019 жылдарға арналған ««Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негіздерін білім беру және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына»  сәйкес облыста нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі