Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

"Үздік педагог- 2015" байқауы

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы   16 қаңтардағы №12 «Үздік педагог» атағын беру» туралы бұйрығын   басшылыққа ала отырып, педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында  2015 жылдың   мамыр айында  облысымызда «Үздік педагог-2015» байқауы өткізілді.

Байқау үш кезеңде өтті:

Байқаудың  I іріктеу кезеңі – 2015 жылдың 18 мамыр күні;

         II кезең:  (байқаудың негізгі кезеңі) – 2015 ж. 19-23 мамыр күндері;

III кезең: (виртуалды дауыс беру) – 2015 жылдың 27 мамыр - 7 маусым күндері  аралығында.

Байқауға аудандық(қалалық), облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 153 педагог қатысса, облыстық байқауға 17 педагог өтініш беріп, іріктеу кезеңінен 13 педагог негізгі кезеңге өтті.

 

Ауданы

Аты-жөні

Жұмыс орны, қызметі,

байланыс телефоны

1.

Байзақ  ауданы,

Көктал ауылы

Ералиева Назым Есалиевна

Көктал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2.

Жамбыл

Шайқорық ауылы

Айнабекова Мейрамкуль Сейдилдаевна

Шайқорық  орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

3.

Жуалы ауданы,

Қоңыртөбе ауылы

Дусчанова Алия Уринбековна

№21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің физика пәнінің  мұғалімі

4.

Жуалы ауданы,

Түктібай ауылы

Абдалиев Акаш

№12 М.Әуезов атындағы орта мектебінің физика пәнінің  мұғалімі

5.

Қордай ауданы,

Қордай ауылы

Бахрамова Сауле Амангельдиевна

№4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектебінің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

6.

Т.Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылы

Тлебалдиев Бактияр Шахтыбаевич

№1 мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі

7.

Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы

Скребец Светлана Николаевна

Б.Момышұлы  атындағы орта мектептің физика  пәнінің мұғалімі

8.

Сарысу ауданы, Жайылма ауылы

Стахантегі Сандуғаш Құрманбекқызы

Әйтеке би орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 

9.

Шу ауданы Шу қаласы

Қайрақбаева Айнура Сериковна

№40 орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі

10.

Тараз қаласы

Мулдыева Джамиля Набиевна

№7 мектеп-гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі

11.

Тараз қаласы

Вааг Марина Александровна

№41 А.Пушкин атындағы көп салалы гимназияның математика  пәнінің мұғалімі

12.

Тараз қаласы

Радюкова Наталья Федоровна

№40 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

13.

Тараз қаласы

Отегенова Гулшат Избасаровна

Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі

 

Байқаудың іріктеу және негізгі кезеңдерінің қорытындысы бойынша барлық 13 үміткер байқаудың қорытынды кезеңіне, яғни  2015 жылдың 27 мамыр - 7 маусым күндері виртуалды дауыс беру кезеңіне өтті. Байқаудың  виртуалды дауыс беру кезеңінде үміткерлер өздерінің шығармашылық жұмыстарын облыстық білім басқармасының сайтына  орналастырды.

«Үздік педагог - 2015» байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласы Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі Отегенова Гулшат Избасаровна, І орынды Тараз қаласы №40 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Радюкова Наталья Федоровна, ІІ орынды Қордай ауданы №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бахрамова Сауле Амангелдіқызы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің физика  пәнінің мұғалімі Скребец Светлана Николаевна, ІІІ орынды  Тараз қаласы №7 мектеп-гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі Мулдыева Джамиля Набиевна, Тараз қаласы №41 А.Пушкин атындағы көп салалы гимназияның математика пәнінің мұғалімі Вааг Марина Александровна, Байзақ  ауданы, Көктал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ералиева Назым Есалиевна иеленді.

Еліміздің әр өңірінен үздік деп танылған 48 мұғалімнің ішінде біздің облысымыздан Тараз қаласы Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі Отегенова Гулшат Избасаровна, Қордай ауданы, №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектебінің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бахрамова Сауле Амангелдіқызы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы  атындағы орта мектептің физика  пәнінің мұғалімі Скребец Светлана Николаевна Мұғалімдер күніне орай Астана қаласында өткен салтанатты жиынға қатысып,  республикалық  «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы атанып,  «Үздік педагог» төсбелгісін және 1 миллион 980 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Ал Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі арнайы технологиялық пәндерінің оқытушысы Шүленбаева Әлия Нұрғалиқызы Республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы атанды. «Үздік педагог» төс белгісін және 1 миллион 980 мың теңге көлеміндегі сертификатты иемденді.

Сондай-ақ, Шүленбаева Әлия Нұрғалиқызы Ғимараттар мен имараттар салу және пайдалану» мамандығы бойынша дуальді оқытудың модульдік бағдарламасын құрастырушы, Облыстық «Үздік педагог» байқауының ІІ орын жүлдегері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Besucherzahler
счетчик посещений

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі