Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 4 гостя.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

ЖОБА

 

Тараз қаласы

 

Техникалық   және  кәсіптік,   орта білімнен

кейінгі  білімі  бар  мамандарды даярлаудың

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік

білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1.  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім  беру тапсырысы 1, 2  қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) белгіленген тәртіппен мемлекеттік  білім беру тапсырысын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына  орналастырсын.

3.  Бекітілген  білім беру тапсырысы шегінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысымен белгіленген квота  қолданылады.

4. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап  күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                     К.Көкрекбаев

 

 

 

Қаулысына  1-қосымша (Қарау және файлды жүктеу)

 

Қаулысына  2-қосымша (Қарау және файлды жүктеу)

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі