Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Танымал түлектер

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев

 

Талас ауданы, Үшарал ауылы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің 1980 жылғы түлегі.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымының кандидаты.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары — ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалған. 

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған бірқатар ғылыми жұмыстың авторы.

Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаев

 

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленин (бұрынғы Гайдар) атындағы орта мектебінің 1975 жылғы түлегі.

 

1957 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында туылған. 1983 жылы Алматы темір жол транспорты институтын бітірді, мамандығы - темір жолдарды пайдалану инженері. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Шу станциясы локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастады. Алматы темір жол басқармасында әртүрлі қызметтерде жұмыс атқарды. 1983-1984 жылдары Шу станциясы локомотив депосының Комсомол комитетінің хатшысы, 1986-1987 жылдары Сарыөзек станциясы бастығының орынбасары, 1987 – 1991 жылдары Алматы-2 станциясында бастықтың орынбасары, бас инженер, станция бастығы қызметтерін атқарды.

1993-1995 жылдары ҚР көлік министрлігінің темір жол көлігі департаментінің тасуды үйлестіру және ТМД-мен өзара байланыс жөніндегі бөлімнің бастығы, 1997 жылы «Алматыжелдорэкспедиция» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 1998 жылы «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бас директоры қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының әкімі, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрКазахстанТур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақстан темір жолы» компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры, бас инженері қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 4 бала тәрбиелеуде.

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин

 

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин 1952 жылы 26 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, Еуразиялық нарық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры. Бас зоотехник, кеңшар директоры, Приозер аудандық және Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру - бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған. Жамбыл облысының әкімі болды. 2010 жылдан бастап ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Гүлмира Истайбекқызы Исімбаева

 

Талас ауданы, Үшарал ауылы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің 1974 жылғы түлегі.

1957 жылы 23 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған.

1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша) бітірген.

12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастап, директордың орынбасары болды.

1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылымды дамыту және халыққа білім беру комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары.

1993 жылы Алматы қаласы білім беру департаментінің бастығы.

2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-ші шақырылымының депутаттыққа үміткері.

Марапаттары:

«Құрмет» орденімен (2009 ж.); «Ерен еңбегі үшін» (2001ж.),  А.С. Пушкин атындағы медальмен (2003ж.), Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған (2007ж.). Алматы қаласы және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының, төс белгісінің иегері, М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың иегері. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері. 

Бақытжан Ертайұлы Ертаев 

 

Жуалы ауданы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің түлегі (бұрынғы Кеңес орта мектебі)

 

1952 жылы 25 маусымда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1985 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын тәмамдаған. 1996 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында оқыған.

1992 жылдары - Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Казақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызмет өткерген.

2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Халық қаһарманы» құрмет атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқа да жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған.

Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов

Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов (10.9.1949 жылы туылған, Мойынқұм ауданы  Жамбыл ауылы) –  Меркі ауданының  әкімі.  Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1979). 1968 – 79 жылы Жамбыл атында5ы кеңшарда құрылысшы, 1979 – 84 жылдары Фурманов ауылындағы жылжымалы механикаландырылған колоннаның бас инженері, бастығы, 1984 – 85 жылы Мойынқұм аудан атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1985 – 92 жылдары Қуанышбаев атынд. кеңшардың директоры, 1992 – 95 жылдары Мойынқұм аудан әкімшілігінің басшысы, 1995 – 97 жылы аудан әкімі, 1997 –2001 жылы Жамбыл облысы тәртіп сақтау кеңесінің төрағасы, 2001 жылы сәуірден Меркі аудан әкімі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

 

Аягүл Төреқызы Миразова

 

Жуалы ауданы, Берікқара ауылының Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің (бұрынғы Билікөл орта мектебі) 1966 жылғы түлегі.

Аягүл Төреқызы Миразова 1948 жылы 15 желтоқсанда Жуалы ауданы  Берікқара ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Жамбыл педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау аулындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін директордың орынбасары болып қызмет етті.

Өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаз 1991 жылдан қазіргі күнге дейін Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқаруда.

Қазақстанның Еңбек Ері, Алтын жұлдыз орденінің иегері.

Жабағиев Қожахан Көкірекбайұлы

 

1960 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы, Чкалов атындағы колхозда дүниеге келген. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін, Рессей Басқару Академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар совхозының экономисі, бас экономисі болып жұмыс істеген.

1984-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шу аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

1990-1993 жылдары - СОКП ОК-нің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының, Рессей басқару Академиясының аспиранты.

1993-1998 жылдары – «АД и К» ШК-ның коммерциялық директоры, Жамбыл құс фабрикасының директоры, «Әулие ата құсы» АҚ-ның бас директоры.

1998-2002 жылдары – Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфоқұрылым бөлімінің меңгерушісі.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының Мемлекеттік инспекторы.

2005-2008 жылдары – Алматы қалалық жер басқармасының бастығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының іс басқарушысы.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Транспорт және коммуникация министрінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары - «Фирма Казинтерсервис» ЖШС-нің президенті.

2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.

2012 – 2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

2016 жылдың 20 наурызынан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

«Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдары, мемлекеттік марапат: «Ерен еңбегі үшін» медалімен мараптталған. Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері және «Жамбыл облысы Байзақ және Шу аудандарының Құрметті азаматы» атақтары берілген.

   

 

 

Дрозденко Александр Юрьевич

 

Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің түлегі (бұрынғы Буденовка орта мектебі)

 

1964 жылдың 1 қарашасында Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округіне қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Александр Дрозденко Ленинград облысы, Всеволожск ауданы, Разметелево ауылына қоныс аударады. Ол Ленинградтағы ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетіне оқуға түседі.

Еңбек жолын Кингисепп ауданында бастап, кейіннен «Агро-Балт» агроөнеркәсіптік бірлестігінде қызмет етеді. Білікті, білімді, ұйымдастырушылық қабілеті мол маман осы кезден бастап басшылық назарына ілігіп, Кингисепп қалалық халық советіне 22 жасында-ақ депутат болып сайланады. Бес жылдан кейін аудан орталығының вице-мэрі, одан кейін мэр қызметінде жұмыс істейді. 1996 жылдан бастап Кингисепп аудандық муниципальді білім бөлімінің басшысы, 2002 жылы Ленинград облысының вице-губернаторы және тағы да басқа жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтерді атқарады.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Александр Дрозденко Ленинград облысының губернаторы.

 

Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген

 

Талас ауданы, Үшарал ауылы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің 1974 жылғы түлегі.

Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген 1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Сағасында Таластың бір ауыл бар» (1995), «Қаһарман Бақтыораз» (2000), «Ақиқат алдында» (2002), «Ұлбике» (2002), «Шоқыр» (2003) деген кітаптардың авторы. Сегіз жинаққа таңдаулы очерктері енген. Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1999), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2000), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Алматы облысының «Балқаш ауданының құрметті азаматы».

Еңбек жолын Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Тоғызкент совхозында құрылысшы болып бастаған. Ал университетті бітірген соң Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, «Халық кеңесі» газетінде бөлім редакторы, «Егемен Қазақстан» газеті Алматы филиалының басшысы, бөлім бастығы және саяси шолушысы болды. Кейін «Қазақстан теміржолдары» ҰҚ» акционерлік қоғамының жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры, «Қазақ газеттері» ЖШС Алматы, Жамбыл облыстары бойынша өкілі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды. 2012 жылдың 3 мамырынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры.

Алмас Мұсабеков 

 

Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының түлегі

 

1958 жылы қазіргі Байзақ ауданы Кеңес ауылында туылған. Белгілі спортшы, палуан. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1981 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген. 1981 – 1985 жылдары институттың дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, 1985 – 1987 жылдары «Қайрат» ерікті спорт қоғамының жаттықтырушысы, 1987 – 1989 жылдары Байзақ ауданы тұтынушылар қоғамының спорт жөніндегі нұсқаушысы, 1989 жылдан «Азия-спорт» серіктестіктерінің директоры. Әлем Кубогінің жеңімпазы , Еуропа чемпионы, КСРО чемпионы, КСРО кубогінің жеңімпазы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. КСРО құрама командасының 13 жыл қатарынан мүшесі болды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен екі рет марапатталған.

Бекназаров Бектас Әбдіханұлы 

 

Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының түлегі

1956 жылы  12 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетін тәмамдаған, 1978-1981 жылдары аралығында Жамбыл қаласы Орталық ауданының халық сотының сот орындаушысы, 1981-1983 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің Әділет бөлімінің кеңесшісі, 2000-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2006-2009 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы болып қызмет атқарған. 
Сот саласында ұзақ жыл жасаған адал еңбегі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградаларымен және құрмет грамоталарымен марапатталды: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Сот жүйесінің Құрметті қызметкері». 2010 жылы «Үш би» белгісімен марапатталды. 

 

 

 

 

 

Асқар Абдуалы

 

Байзақ ауданы, Дихан тірек мектебінің түлегі

 

1953 жылы Байзақ ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. 
1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
1979-2003 жылдары аралығында Жамбыл педагогикалық институтында «Тарих және саясаттану» кафедрасының оқытушысы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер-ізденуші, аспиранты,
1988 жылы тарих ғылымының кандидаты дәрежесін корғап, 1992 жылы доцент ғылыми атағын алған.
1989-1996 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.
2003-2010 жыддары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының директоры қызметін атқарған.
2006 жылы «XVIII ғасырдың 2-ші жартысы және XIX ғасырдың 60 жылдар аралығындағы Хиуа хандығы мен Қазақстанның карым-қатынасы» атты тақырып бойынша тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
2010 жылы профессор ғылыми атағын алған.
2010-2013 ж.ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
2013 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметін атқаруда.

Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев

 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылының Түймекент орта мектебінің (бұрынғы Буденовка орта мектебі) 1969 жылғы түлегі.

Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев 1953 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1974 жылы ІІМ органдарында учаскелік инспектор болып бастады.  Бұдан кейін Жамбыл қаласында Зауыт ауданы ІІБ СМҰКБ-ін басқарды.

1981-1985 жылдары  Жамбыл АІІБ бастығының орынбасары, 1985-1989 жылдары - АІІБ бастығы.

Криминалдық полиция бөлімдерінде, экономикалық қылмыстармен күресте тәжірибесі бар. 1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойнша МТК басқармасын басқарды. ҚР ІІМ аппаратында қызмет етті.            2 жылдан астам уақыт Ақтөбе облысында көліктегі Батыс ІІБ басқармасының бастығы болды. 2012-2013 жылдар аралығында Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы

 

Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 1970 жылғы түлегі.

Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы – 1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген. Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік степендиат атанып, факультетте комсомол комитетінің хатшысы болып, сол кезде партия қатарына өткен.

Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған. 1979-1982 жылдары К.Маркс атындағы орта мектептің директоры, 1982-1985 жылдары  Сарыағаш қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы №10 мектеп-интернаттың директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылы Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы, 1987 жылы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1988 жылы халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды. 1990-1992 жылдары  идеология бөлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы,    1992-1993 ж.ж. Сарыағаш ауданының әкімі, 1993-1995 жылдары  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

1995 жылдары  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995-1996 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі,           1997 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 1998-2006 жылдары  Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2006-2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы болған.

 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 

Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов

 

Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов 1954 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1980). Әскери қайраткер, генерал-майор (2003).

КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік (МҚК) Мәскеу және Алматы қалаларындағы Жоғары курстарында арнайы дайындықтан өткен. 1981-1992 жылы МҚК Жамбыл облысы басқармасында оперативтік қызметтерде болды.

1995-1999 жылы Қазақстан республикасының Ұлттық қауіпсіздік кадетінің (ҰҚК) орталық аппаратында бөлім бастығы, Қарсы барлау бас басқармасының бастығы, Қазақстан республикасының ҰҚК Шығыс Қазақстан басқармасы бастығының орынбасары, 1999-2002 жылы Қазақстан республикасының ҰҚ Маңғыстау облысы департаменті бастығы болды. 2002 жылдан Қазақстан республикасының ҰҚК “Арыстан” қауіпсіздік қызметінің бастығы.

Сейітхан Жошыбаев

Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылы Ақыртөбе орта мектебінің 1957 жылғы түлегі.

Сейітхан Жошыбаев 1939 жылы 9 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының академигі, Тараз қаласының құрметті азаматы.

1970-1984 жылдары - Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі. 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. 2006 жылдан бастап Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқарды.

С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. 1 ғылым докторын, 9 ғылым кандидатын дайындап шығарған. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолияның, Венгрияның, Германияның, Үндістанның, АҚШ-тың, Англияның, Канаданың, Польшаның, Чехияның және тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды. Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева

 

Жамбыл облысы, Қордай ауданының Е. Қашағанов атындағы №42 орта мектебінің 1994 жылғы түлегі.

1994 - 1998 жылдар арасында Алматы қаласынында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжінде қызмет істеген.    2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі және 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне түскен.

Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді.

2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды. 2015 жылы Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері  атағын алған.

Арғынбай Бекбосын

 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінің (бұрынғы Буденовка) 1954 жылғы түлегі.

1937 жылы 17 маусымда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы (бұрынғы Свердлов ауданы) Қарасу ауылында диниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, Алматы жоғары партия мектебінде, КПСС Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген.

1985-1994 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Ақ жол» (1990 жылға дейін), «Еңбек туы» газетінің  редакторы болып қызмет етті.

1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парла­менті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқарды. Депутаттық қызметімен қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды.

1999-2003 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

2003 жылдан бастап зейнеткер. Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің профессоры.

«Қазақстан Республикасының еңбек ciңipгeн мәдениет қызметкері» (1991 жыл), «Парасат» орденінің иeгepi (1998 жыл), Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының (1986 жыл) және ТМД елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығының лауреаты.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов

 

Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Ленин атындағы негізгі мектебінің   1953 жылғы  түлегі.

1937 жылы  Жамбыл облысы  Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келеген. «Қазақфильм» киностудиясының және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген. Консерваторияның актерлік факультетін бітірген соң, «Қазақфильм» киностудиясында Мұрат («Менің ұлым», 1962), Ескендір («Торап», 1963), Тұрар («Тұлпардың ізі», 1964) сияқты әр алуан бейнелер жасады. 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 — 1988 жылы осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С.Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов,          Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алған.

1990 жылдан бері «Елім-ай» киностудиясының президенті. «Парасат» орденінің иегері. 

Бағдат Сәмидинова

 

Жамбыл облысы, Меркі ауданы Сыпатай атындағы №16 орта мектебінің 1971 жылғы түлегі

1954 жылы  5 ақпанда  Меркі ауданы Ақарал ауылында дүниеге келген.

1975 жылы Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген .

1989 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген . 1976 жылдан бері  Қазақконцертте әнші.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әншісі, әртісі.

2011 жылы Президент жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.

Көсемәлі Сәттібайұлы

 

Жамбыл облысы, Талас ауданы,  Амангелді орта мектебінің 1977 жылғы түлегі.

1959 жылы  Жамбыл облысы, Талас ауданындағы Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болған. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы  меншікті тілшісі.

Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988 ж.) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007–2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995 ж.), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000 ж.) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001 ж.), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын...», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана қаласына – 10 жыл», «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Тұрмаханбетова  Рахия Сейтбекқызы

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,  Т. Рысқұлов атындағы №24 орта мектебінің (бұрынғы Братский орта мектебі) 1968 жылғы түлегі

1962 жылы  туылған, қазақ, білімі жоғары.

1983 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983-1986 ж.ж. Жуалы ауданы Т.Рысқұлов атындағы кешкі мектептің математика пәнінің мұғалімінен бастаған.

1987-1992 ж.ж. Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі.

1992-1994 ж.ж. облыстық комитеттің жастар ісі жөніндегі бөлімнің бас маманы, жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі.

1998-2003 ж.ж. облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бөлімінің бас маманы.

2004-2007 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.

2007 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы.

 

 

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза

 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің (бұрынғы Талапты жеті жылдық мектебі) 1948 жылғы түлегі.

 

1932 жылы 28 қыркүйекте  Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.  «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болған.

1963-1970 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің, және «Жазушы», «Жұлдыз» журналдарының редакторы. 

1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді.

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы.

«Құрмет белгісі», «Отан» (1999) т.б. ордендерімен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев

 

Тараз қаласы, №44 Шона Смаханұлы атындағы орта мектебінің 2000 жылғы түлегі.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, құқықтану, менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайының директоры.

Бейбіт Ыстыбаев

 

Бейбіт Ыстыбаев Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 2003 жылғы түлегі.

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы  Талас ауданының  Бөлтірік ауылында 1985 жылы дүниеге келген.

 2012 жылғы  Қазақстан барысындағы чемпион. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.  Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.                                                         Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері. Астанада қазақ күресінен үш рет «Қазақстан барысы» сайысында бас жүлдені иеленді. 

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов

 

1978 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1989 жылы Тараз қаласындағы Макаренко орта мектебін бітіріп шықты.

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов 1972 жылы 1 қаңтарда Т.Рысқұлов ауданы, Тельман атындағы ауылында дүниеге келген. Боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген заңгер. Халықаралық класстағы спорт шебері. Қазақстан Республикасы бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері және бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы.

Қазіргі кезде Алматы қаласында олимпиада резервтерін дайындайтын мектептің директоры.

Марапаттары:

I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).

 

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров

 

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров Сарыбарақ орта мектебінде бастауыш сыныпта оқыса, 1968 жылы Диқан тірек мектебін бітіріп шықты.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Байзақ ауданы Тегістік ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.

Марат Кененбайұлы Мәзімбаев

 

Марат Кененбайұлы Мәзімбаев  №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектебінің 1990 жылғы түлегі.

1974 жылы 12 сәуірде Марат Кененбайұлы Мәзімбаев Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, IBАчемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).

   
   
   
   

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі