Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 18 гостей.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

«Жамбыл өлкем - мақтанышым!» тақырыбында онлайн сабақ өтті

2018 жылдың 11 мамыр күні Достық үйінің «Ақпарат толқыны» алаңшасында «Жамбыл өлкем - мақтанышым!» тақырыбында онлайн сабақ өтті. 

Онлайн сабаққа облыс бойынша 48 мектептен  1400  оқушы, 700 педагог қатысты. (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы). Сабақты  Жамбыл ауданы,  Б.Бесбаев  атындағы орта мектептің тарих  пәні  мұғалімі  С.Бахытов өткізді.
Сабақ барысында  Аса ауылының тарихы мен Жетітөбедегі сақ қорғандары, Бектөбе,Тастөбе қалашықтары, Ақбұлым петроглифтері мен пиктограммалары, Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенелері, Қаракемер ауылындағы Төрткүл, туралы танымдық деректер, мәліметтер беріліп, бейнефильмдер көрсетілді. Сонымен қатар  тарих ғылымдарының докторы, профессор Серікхан Абдоллаұлы Байтілен  Қарасай,  Қамыстыбұлақ  шатқалдары  бойынша   тың  деректермен бөлісті.

«Мерейлі Меркі тарихы» тақырыбында онлайн сабақ өтті

2018 жылдың 3 мамыр  күні Достық үйінің «Ақпарат толқыны» алаңшасында  «Мерейлі Меркі тарихы» тақырыбында онлайн сабақ өтті. 

Онлайн сабаққа  облыс бойынша   52 мектептен  1040  оқушы, 980 педагог қатысты. (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қалалық).  Сабақты  Меркі ауданы,  № 4 орта мектептің тарих  пәні  мұғалімі  А.Оңалбаева өткізді.

Сабақ барысында Меркі тарихы мен  Меркі қалашығы, Аспара қаласы, Меркі - Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Сыпатай батыр кесенесі туралы танымдық деректер, мәліметтер беріліп, бейнефильмдер көрсетілді.

 

«Менің Отаным – Қазақстан!» атты туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 19-20 сәуір күндері Шу ауданы Жайсан ғұрыптық кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан!» атты туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді. Іс-шараға 130 оқушы (11 жасақ) қамтылды. Слеттің салтанатты ашылуы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде болды. Облыстық слеттің мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, білім алушылардың тарихи-өлкетанулық құзыреттіліктерін қалыптастыру, туристік экспедициялық жасақтардың қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҒЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА КӨРМЕСІ

Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 сәуірінде «Достық үйі» ғимаратында жас өнерпаздардың бірегей экспонаттары қойылған робототехника көрмесі өтті.

 

 

"ОТАНЫМА ДЕГЕН - МЕНІҢ БАСТАМАМ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2018 жылдың 20 сәуір күні «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Н.Тлендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының базасында "Отаныма деген  менің  бастамам" тақырыбында облыстық шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. Байқауға  білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары, барлығы 50 оқушы қатысты.

 
 
 
 
 
 

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» таңдау курстары бойынша жүргізілген он-лайн сабақтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 13 сәуір күні облыстық «Дарын» мектеп-интернатының базасында «Туған өлке тарихы» курсынан 8 сыныпқа «Туристтік  маршруттар»  тақырыбында  он-лайн сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар тарихи орындар мен мәдениет ошақтарымен танысты.

Он-лайн сабаққа облыс бойынша 150 тарих пәндерінің мұғалімдері ,531 оқушы  қатысты.

 

 

Жаңғыру кабинеті ашылды

Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп –интернатында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Білім бәйгесіндегі үздіктердің қатарындағы білім мекемесінің оқушылары енді осы жерде туған жердің тарихымен терең танысып, қазақ халқының рухани құндылықтары жайында толыққанды мәлімет алады.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі облыстық көрме залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның өркендеуі» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды. 

 
 
 
 
 
 
 

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» АТТЫ ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 5 сәуір күні облыс орталығында туған өлкесін сүйетін және зерттейтін жас жеткіншектер арасында сайыс өтті.
 
 

АЙША БИБІ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДАҒЫ "AYSHA BIBI.FM" МЕКТЕП РАДИОСЫ АШЫЛЫП, ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында  Айша  бибі  атындағы  дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-интернатында "AYSHA BIBI.FM" мектеп  радиосы өз жұмысын бастады. 
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында жасалған «BILIM FM мектеп радиосы» жобасын жүзеге асыру мақсатында іске қосылды. "AYSHA BIBI.FM" мектеп  радиосының  негізгі мақсаты –  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттыру, тілшілік қабілеттерін арттыру, ұлттық мәдени танымдарын қалыптастастыру және мектеп өміріндегі жаңалықтармен хабардар ету.

ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТЕ «SSGC.FM» РАДИОСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында  ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте «SSGC.FM» радиосы өз жұмысын бастады. Радионың өзгешелігі - үш тілде жүргізілетін болады.
Мектеп қабырғасындағы радио Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында жасалған «BILIM FM мектеп радиосы» жобасын жүзеге асыру мақсатында іске қосылды.  «SSGC.FM» мектеп  радиосының  негізгі мақсаты – оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттыру, сөз өнеріне баулу, мектеп өмірінен жаңалықтарды хабардар ету және болашақ тілді құрметтейтін ұрпақты тәрбиелеу.

«DARYN FM» МЕКТЕП РАДИОСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында  ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында  «Daryn FM» мектеп радиосы ашылды. 
Мектеп қабырғасындағы радио Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында жасалған «BILIM FM мектеп радиосы» жобасын жүзеге асыру мақсатында іске қосылды. «Daryn FM» мектеп  радиосының  негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық мәдени танымдарын қалыптастастыру, функционалдық  сауаттылықтары  мен  сөздік  қорларын  дамыту  және шешендік өнерге, журналистика мамандығына баулу, тілшілік қабілеттерін дамыту.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған «Туған жер- Туған ел» атты интерактивті сабақтар өткізілді

2017 жылдың 1-16 желтоқсан аралығында облыстың білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласына арналған «Туған жер- Туған ел» атты интерактивті сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

3d музей. Школы Жамбылской области