Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Облыстың білім саласында 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 3 ақпан күні «Облыстың білім саласында 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын алда атқарылатын міндеттер туралы» кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Іс-шараның мақсаты – облыстық білім басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау, 2016 жылы атқарылатын міндеттерді айқындау. Алқа мәжілісінің жұмысына облыстық басқармалар мен республикалық бағыныстығы мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, барлығы 200 білім қызметкері қатысты.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында облыста нақты жұмыстар жүргізілді. Білім саласына бөлінген қаржының жылдан-жылға артуы, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығаюы – білім деңгейінің өсуіне әсер етті. Әлемдік дағдарыстарға қарамастан, білім саласына бөлінген қаржы көлемі 75,5 млрд теңгені құрап, бюджет қаражаты 100%-ға игерілді.

Жыл басында 24 білім нысанының құрылысы жүргізіліп,  9 мектеп пен 4 балабақша, 100 орындық 1 жатақхана салынып, пайдалануға берілді.

Апатты жағдайдағы 9 мектептің мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешімін тапты. 11 білім нысаны күрделі жөндеуден,  175 білім нысаны ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Облыста мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. 425 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында - 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында - 75,0%-ды құрап отыр.  2014 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 2,8%-ға, 3-6 жас аралығында - 4,3%-ға артқан.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 10 мектепке дейінгі білім мекемесі ашылып, бүгінгі күні 38 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде мектеп жасына дейінгі балалардың 7,7%-ы (3513 бала) қамтылды.

Облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша 2015 жылғы республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша командалық 1-ші орындарды иеленді.

Республикалық, халықаралық, дүниежүзілік пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға облыстан қатысқан 263 оқушының 138-і (52,5%) жеңімпаз атанды. 56 оқушы халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 9 алтын, 22 күміс, 25 қола медальдарды иеленді.

            Облыс командасы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 4-ші жыл, республикалық ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша 3-ші жыл қатарынан командалық 1-ші орындарды иеленіп, «Ең үздік команда» атағын иеленді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған  «100  нақты  қадам» атты  Ұлт Жоспарының 76-қадамындағы ...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмасына сәйкес облыстағы          білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім беру сапасын арттыруды ынталандыру  мақсатында  31 критерий бойынша рейтинг жүргізілді. Рейтингтің нәтижесі бойынша инновация, өзін-өзі дамыту, даму, функционалдық, кризистік, тоқырау режиміндегі  мектептер анықталды. «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» бойынша жүргізілген рейтингтің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның үздік педагогтарына 500 000 теңгенің сертификаты тапсырылды.

2014 жылмен салыстырғанда ҰБТ –ның сапалық көрсеткіштері, «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің үлесі, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша мектеп бітірушілердің білім сапалары артты.

Облыста 3 мамандандырылған мектептерде – дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатында, ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында, үш тілде оқытатын мамандандырылған мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы  пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесін трансляциялайтын 4 эксперименталды алаңдарда  үштілді  оқытудың элементтерін енгізу  бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың білім мекемелерінде 56 эксперименттік алаңдар жұмыс істейді, оның 3-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 26-ы орта білім беру ұйымдарында, 27-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында.   Аталмыш эксперименталды-тәжірибелік алаңдардың ғылыми жетекшілері - республикалық «Кәсіби өсу мен даму» орталығының және EDTECH-KZ Халықаралық білім орталығының, ТарМПИ-нің, ТарМУ-нің ғалымдары, профессорлары. 

Білім саласындағы  маңызды және өзекті мәселенің бірі - оқыту сапасының деңгейін арттыру. Осы мақсатта біліктілікті арттыру курстарынан 2015 жылы 4012 (17,6) педагог өтті. 654 педагог 3 айлық деңгейлік курстарда, 33 мектеп директоры 9 айлық біліктілікті арттыру курстарында, 3325 педагог 2 апталық қысқа мерзімді курстарда білімдерін жетілдірді.

Ұстаздардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылы 244 түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған барлық мұғалімдердің 84,7%-ы (19979) қамтылды. Республикалық, халықаралық  деңгейде өткізілген олимпиадалар мен байқауларда 294 педагог жеңімпаз атанды. 4 педагог республика көлемінде «Үздік педагог-2015» атағын иеленіп, олардың әрқайсысына 1 млн. 980 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. «Орта білім беретін үздік ұйым» болып танылған Тараз қаласындағы №40 гимназияға  17  091 200 теңге көлемінде грант берілді.

2015 жылы  Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»  байқауында 11 педагог, республикалық «Үздік психолог» байқауында 5 педагог жеңімпаз атанып, облыс педагогтары командалық есепте І орынды иеленді.

Үздік дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсында «Облыстық үш тілде білім беретін мамандандырылған  мектеп» бас жүлдеге ие болды. Республикалық  «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты байқауда облыстық әдістемелік кабинет 2-ші, «Жылдың үздік кітапханашысы» республикалық байқауында Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Г.Танысходжаева 3-ші, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» халықаралық педагогикалық олимпиадасында 8 ұстаз 1,2,3-ші  орындарды, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы ұйымдастырған республикалық «Үздік директор» байқауында облыстық дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының директоры Ахмет Гази Чолақ пен және «Үздік директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары» байқауында  Т.Рысқұлов ауданы №2 орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сүлейменова Анар  бас жүлделерді, республикалық физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық олимпиадасында дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Асқар Әлжан ІІІ орынды. Шу ауданы М.Мақатаев атындағы тірек мектебі «Үздік тірек мектебі» номинациясын иеленді.

Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің директоры Невзат Бекар KATEV халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік басшы» сырттай байқауына қатысып, І орынды иеленсе,  Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Д.Мәселбеков Швецариядағы Женева қаласында өткен  ХІҮ халықаралық конкурстың «Халықаралық жоғары және орта кәсіптік білім беруді дамытудағы жетістіктер» атты номинациясында сапа үшін Еуропалық бас жүлдені иеленіп, «Алтын Үкі» -«Үздік білім мекемесі» сыйлығын алды. Сонымен қатар, №12 Тараз (директоры М.Әшімов) және Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледждері (директоры Ф.Нақыш)  де Швейцариядағы Женева қаласында өткен ХҮ халықаралық конкурсында «Алтын Үкі – Үздік білім мекемесі» сыйлығын иемденді.

15047 педагог (63,8%) өз тәжірибелерінде инновациялық педагогикалық технологияларды жүйелі енгізді. (2014 жылы – 11688 (51,4%))

Облыстағы 6 білім мекемесі мен 57 педагогтың озық іс-тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. 2015 жылдың 30 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмысы республика деңгейінде таратылып, Министрлік тарапынан жоғары бағасын алды.

2015 жылы оқушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын зерделейтін PISA-2015, TIMSS-2015 халықаралық негізгі зерттеулері өткізіліп, оған 26 мектеп пен 3 колледжден 1120 оқушы қатысты. Ағымдағы жылы өткізілетін PIRLS -2016 халықаралық  негізгі зерттеуіне 9 мектептің 4 сынып оқушылары қатысады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасауда-ең өзекті мәселелердің бірі. Облыста  ерекше білім беруді қажет ететін 7474 баланың 6464-і (86,4 %-ы) оқумен қамтылған. (2014 -5889 (78,8%) 300 орта мектепте 1870 бала (25%) инклюзивті білім алуда. (2014 ж-1495; 20%) 154 мектепте  (34,21%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. (2014 ж - 90 мектепте, 20%).

Отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің желісі 2-ден 12-ге артып, 10 отбасылық үлгідегі балалар үйлері ашылды.(Тараз қаласынан-5, Меркі ауданынан-4, Жамбыл ауданынан-1).

Бүгінгі күні 436 мектеп кең арналы Интернет желісіне қосылған. Облыс бойынша 1 компьютерге 10 оқушыдан келеді. Білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 76 білім нысанында e-learning электрондық оқыту жүйесі енгізілген (73 мектеп, 3 колледж).

2015-2016 оқу жылында 27 колледжде 26 мамандық бойынша оқытудың дуальды жүйесі енгізіліп, оған 1951 білімгер қамтылды.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестермен 132 келісімшарт жасалса, әлеуметтік серіктестікті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ірі өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен, басқа да мүдделі мекемелермен білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 1361 келісімшарттар мен меморандумдар жасалды. Соның нәтижесінде білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу үшін әлеуметтік серіктестер тарапынан  14813  орын қарастырылды.

Химия саласына бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 5,6%-дан 13,5%-ға, ауыл шаруашылығы саласына бөлінген тапсырыс көлемі 16,8%-дан 17,8% -ға, құрылыс саласына бөлінген тапсырыс көлемі 2,3%-дан 7,9%-ға, техникалық мамандықтарға бөлінген тапсырыс көлемі 30,4%-дан 32,6%-ға өсті.

2014-2015 оқу жылында химия саласына қажетті 2 мамандық ашылса, 2015-2016 оқу жылында 10 мамандық ашылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мамандар даярлануда. Техникалық кәсіптік білім беру жүйесін оңтайландыру, оларды корпоративті басқаруға беру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілді.  2 кәсіптік  колледж оңтайландырылып, Тараз  химия-технология колледжі корпоративті басқаруға, ал Жамбыл  политехникалық  колледжі мен Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі өндіріс орындарына қамқорлыққа берілді

Биылғы жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер, сондай-ақ, Германияның Трир қаласының Қолөнер палаталарымен бірлескен жоба әзірленіп, келісімшарт бойынша Жамбыл политехникалық колледжі дуальды оқытудың эксперименттік алаңы  болып бекітілді. Республикада іс-тәжірибесі таратылатын 10 үздік колледждер қатарына Жамбыл политехникалық колледжі енгізіліп, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ 10 серіктес колледждердің тізіміне енді. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде бүгінгі күні 2465 педагог жұмыс атқарса, соның 919-ы 2015 жылы  біліктілік арттыру курстарынан өтті. Оның 120-ы кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті, 28 педагог Туркия, Германия, Франция, Финляндия, Ресей, Беларусия сияқты шет елдерде біліктіліктерін арттырды.

Кәсіби мамандар даярлау-ең басты міндет десек, білімгерлердің дайындық деңгейіне тәуелсіз бағалау нәтижелері де алдыңғы жылға қарағанда  жоғарылап, 5218 бітірушінің 4913-і (94,2%) сертификатталды. (2014 ж.-84,2%).

Кеңейтілген алқа мәжілісінің қорытынды бөлімінде облыстың білім саласында 2016 жылы атқарылатын негізгі міндеттері жарияланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Besucherzahler
счетчик посещений

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі