Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жанында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

жанында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

№ 1

 

 

Тараз қаласы                                                               2016 жылғы 22 маусым

 

                                                                           

Төрағалық еткен:  

Г.Орынбаева  –  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрайымы, облыстық әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары

 

Қатысқандар:

5 кеңес мүшелері  және аудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің басшылары, білім басқармасына қарасты мекемелердің басшылары

 

 

Күн тәртібі:

 

Облыстың білім беру ұйымдарында  сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың  алдын-алу  жұмыстарының жағдайы туралы

_________________________________________________________________

 

(С.Құрманбекова)

 

 

         1. Аудандық,  Тараз  қалалық  білім бөлімдерінің басшылары мен басқармаға қарасты білім мекемелерінің басшыларына:

  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жұмыстарын жандандырсын;
  2. Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізсін, нәтижелері бойынша оларды оларды жою жөніндегі шаралар қабылдасын;
  3. Қазақстан Республикасы  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  талаптарына  сәйкес  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, соның ішінде сенім телефоны арқылы, жеке қабылдаудан түскен өтініштердің уақтылы және объективті түрде тексерілуін  бақылау,  өтініштерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша тексеру  нәтижелері туралы  өтініш иелерін  мерзімінде  хабардар етсін.
  4. Жаңа оқу жылында педагог қызметкерлерге берілетін жүктемені Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңының талаптарына  сәйкес  болуын  бақылауда ұстасын; 
  5. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы еліміздің қолданыстағы Заңнамасын насихаттау және құқықтық сауаттылықты көтеру мақсатында барлық білім мекемелерінде құқық қорғау, әділет және сот органдары, облыстық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуларымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, лекциялар белгіленген кестеге сәйкес  өткізсін, өткізілген іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияласын;
  6. Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және «Бюджет кодексі»  талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, осы саладағы мамандардың біліктілігін көтеру шараларын  қамтамасыз етсін;
  7. Педагог қызметкерлерді  жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңының және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 бұйрығымен  бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ережесін басшылыққа алсын;
  8. Осы хаттаманың орындалуы туралы бір ай мерзім ішінде білім басқармасын хабардар етсін.

 

 

 

Кеңесте төрағалық еткен                                                   Г.Орынбаева

 

 

 

 

Хаттамалаған: У. Мусина

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі