Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 13 гостей.

Жамбыл облысының білім саласында 32 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігіің білім басқармасы басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды "Zhambylnews" ақпараттық агенттігі.
Брифинг барысында, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыста 182 іс-шара өткізіліп, оған 17 282 оқушы, 328 педагог және 497 ата-ана қамтылғаны айтылды. 
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде атқарылған іс-шараларға қарамастан, Трансперенси Интернэшнл (Transparency International) халықаралық зерттеу ұйымының мәліметіне сәйкес сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі  (СЖҚИ) бойынша  2015 жылы  Қазақстан 123-ші орынды иеленді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі азаматтардың өзі тұратын еліндегі «жемқорлық» туралы түсініктерінің негізінде қалыптастырылады. Бұл - тұрғындардың мемлекеттік билік органдарына сенбеушілігінің өте жоғары деңгейін көрсететін қауіпті сигнал.  
С.Құрманбекованың сөзіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында қолданылатын 4 мақсатты индикатордың  бірі -  «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» болып табылады. Бүгінгі күні облыстың білім саласында 32 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 4 қызметті облыстық білім басқармасы, 3 қызметті – психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кабинеттері, 5 қызметті  - колледждер, 23 қызметті – білім бөлімдері мен басқармаға қарасты мекемелер, 2 қызметті – жергілікті әкімдіктер көрсетеді.
4 қызмет көрсету түрі – «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог», педагогтарды аттестаттау және орта білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау – білім басқармасымен және  білім бөлімдерімен жүзеге асырылады. 
Сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын қызмет көрсету түрінің бірі – лауазымды тұлғаның тұрғындарға тікелей көрсететін  қызметтері болып табылады. Осы проблеманы шешіп, қызмет көрсетудің айқындылығы мен жемқорлық қаупін туғызу факторларын азайтуды қамтамасыз ету үшін 13 мемлекеттік қызмет портал арқылы, 9 қызмет – халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Қалған 28 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі, - деп мәлімдеді спикер.
2016 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша облыс бойынша білім саласында 166 105 қызмет көрсетілген. Оның ішінде 89,2%-ы (148 393) кеңселер арқылы, 1,1%-ы (1748) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 9,7%-ы (16137) электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында ағымдағы жылы «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог»  байқауларына қоғамдық кеңес институттарының өкілдерін қатыстыру механизмі енгізілді. 
Республикалық және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің  әлеуметтік желілердегі интернет сілтемелері, байланыс телефондары жазылған ақпараттық парақшалары облыстың барлық білім беру ұйымдарында көзге көрінетін  орындарға  орналастырылды, сенім жәшіктері қойылды. 
Алайда, тұрғындардың, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің  құқықтық мәдениет деңгейлерінің әлі де төмен болуы – сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын негізгі факторлардың бірі болып отыр. Білім бөлімдері мен білім мекемелері басшыларының, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандардың құықтық мәдениеттерін арттыру үшін ағымдағы жылы 52 (оқыту семинарлары, тренингтер, дөңгелек үстелдер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған 2,5 мыңнан аса білім саласының қызметкерлері қамтылды.  
Білім саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы барлық ақпараттар облыстық білім басқармасы мен білім бөлімдерінің ресми сайттарында орналастырылған.
Барлық білім бөлімдері мен білім мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпараттық стендтер рәсімделген. 
Жалпы алғанда, білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің айқындылығы және сапасы білім басқармасы мен білім бөлімдерінің, бөлім мекемелері басшыларының жеке бақылауында, - деп баяндамасын қорытындылады  Сұлушаш Сәтбекқызы.

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары