Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 9 гостей.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Білімді Қазақстан» атты өңірлік ұстаздар форумы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Білімді Қазақстан» атты өңірлік ұстаздардың форумы болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі білім саласының жетістіктері мен табыстарын насихаттау, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын педагогтар арасында ілгерілету. Өңірлік форумға облысымыздың Үздік педагогтары, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинеттердің басшылары, әдіскерлер, мектеп басшылары мен озат мұғалімдері, барлығы 312 білім қызметкері қатысты. 
Конференция барысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады» атты әдістемелік құралдар мен жинақтардың, қолөнер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды. 
2016 жылы 3 мұғалімнің республика көлемінде «Үздік педагог» атануы, республикалық, халықаралық байқауларда 188 мұғалімнің жеңімпаз боп танылуы, дарынды оқушыларымыздың халықаралық, әлем олимпиадалары мен ғылыми жарыстарында 68 медальді, республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 1-ші командалық орынды иеленуі – облыс ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2012-2016 жылдары барлығы 793 педагог республикалық, 22 педагог халықаралық, 2100 педагог облыстық байқауларда жеңімпаз атанды.  
2012-2016 жылдар аралығында республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың 19, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 46 педагог, жеңімпаз атанды. 
2014-2016 жылдары республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде 19 мұғалім жүлделі орындарды иеленді.
Республикалық «Үздік психолог» байқауында Шу ауданы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің психологі Жапекова Анар Төлегенқызы (І орын), Тараз қаласы №45 гимназияның психологі Тілеубай Ақерке Нұрбекқызы, Меркі ауданы В.Савва атындағы №9 орта мектебінің психологі Литвинова Евгения Сергеевна    (ІІ орын), Меркі ауданы №48 орта мектебінің психологі Барлыбаева Әсел Рысбекқызы (ІІІ орын) жүлделі орындарды иеленді. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жылдың үздік директоры» байқауында Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов орта мектебі Абитаева Бахытхан Бағдатқызы І-ші орынды, республикалық информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» байқауында Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Туғанбаева Марал Тиыштықбайқызы ІІІ орынды иеленді. Шу ауданы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебі  республикалық  байқауда «Үздік тірек мектебі» номинациясын иеленді.
Сонымен қатар, республикада ең алғашқы рет ұйымдастырылған физика, математика пәні мұғалімдерінің ағылшын тілінде өткен республикалық олимпиадасында дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Асқар Әлжан (ІІІ орын), физика пәнінің мұғалімі Жұмаділов Ержан (ІІ орын) жеңімпаз атанды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ХІ республикалық педагогикалық олимпиадасының «Жас маман» номинациясында үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің биология пәнінің мұғалімі Шабров Петр ІІІ орынды иеленді.
Ең үздік мектепке қолдау көрсету мақсатында облыс әкімі атынан 2014 жылдан бастап «Орта білім беретін үздік ұйым» атағын иеленген 3 білім мекемесіне (Дарынды ер балаларға арналаған қазақ-түрік мектеп-интернаты, Тараз қаласының №40 гимназиясы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп) ең төменгі жалақының 800 еселенген мөлшерінде гранттар берілді.
Аталған жетістіктер – облыс мектептеріндегі инновациялық бағытта жүргізілген жұмыстарының нәтижесі.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу жұмыстары жолға қойылған. Атап айтсақ, облыстағы 16 189 (68,6%) педагог білім беру саласында кеңінен таралған педагогикалық технологиялар мен дидактикалық жүйелерді өз тәжірибелеріне енгізіп, қолдануда.
2012-2016 жылдар аралығында деңгейлік курстардан – 4077 мұғалім, қысқа мерзімді – 15335, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша – 5138, мектеп басшыларының тоғыз айлық курстары – 142 директор, мектеп тренерлері – 556, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тренингіне қатысқан – 14, жаратылыстану-математикалық пәндері мұғалімдерін ағылышын тілінде оқыту – 45, критериалды бағалау бойынша – 460 барлығы 25 767 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Облыстың білім мекемелеріндегі 56 эксперименттік алаңдардың (3-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 26-ы орта білім беру ұйымдарында, 27-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) жұмысы зерделеніп, 6 білім мекемесі мен 62 педагогтың озық іс-тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. 
Форумның қорытынды бөлімінде облыс педагогтарының үндеуі жарияланды.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары