Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 8 гостей.

Білім беру

Білім беру

 

   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 2015 жылы облыста нақты жұмыстар жүргізілді.  
Білім беру жүйесіне 2015 жылы 75,5 млрд. теңге бөлінді (2014 жылы -75,8 млрд теңге).

   Осының нәтижесінде облыстың білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы артып, білім деңгейінің өсуіне қол жеткізді. 
   Облыста мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі күні 258 балабақша мен 167 шағын орталықта 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 53,3 %-ды (респ. – 53,8%), 3-6 жас аралығында - 75,0 %-ды  құрап отыр (респ. – 81,6%).

 

    2015 жылы 14 балабақша, 7 шағын орталық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 1-6 жас аралығында 2,8%-ға, 3-6 жас аралығында - 4,3%-ға артқан (2014 жылы 406 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 43767 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 50,5 %-ды, 3-6 жас аралығында - 70,7 %-ды  құраған). 

    2015 жылы 4 балабақша жаңадан салынып, пайдалануға берілсе, 2016 жылы 5 балабақшаның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

 

    2015 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде ашылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 2014 жылға қарағанда 10-ға өсіп, бүгінгі күні 38 (36 балабақша, 2 шағын орталық) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3513 (7,7%) бала тәрбиеленуде (2014 жылы - 28 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  3094 бала).

    Облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша 2015 жылғы республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша командалық 1-ші орындарға қол жеткізсе, Дүниежүзілік, Халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда 56 медальды иемденді (2014 жыл – 71 медаль).

  Білім саласындағы  маңызды және өзекті мәселенің бірі - оқыту сапасының деңгейін арттыру. 
Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді. 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 4012 педагог өтті. Оның ішінде 654-і 3 айлық деңгейлік курстармен, 3325 педагог 2 апталық қысқа мерзімді курстармен қамтылды. 33 мектеп директоры 9 айлық біліктілікті арттыру курстарынан өтті (2014 жылы – 4469 педагог біліктілігін арттырды, оның ішінде 1325-і 3 айлық деңгейлік курстардан, 3144-і қысқа мерзімді курстардан өтті).
  Ұстаздардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылы 244 түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған барлық мұғалімдердің 84,7%-ы (19979) қамтылды (2014 жылы – 213 іс-шара, 13451 (59,2%) педагог қамтылды).
  Республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен байқауларда 294 педагог жеңімпаз атанды (2014 жылы – 202 педагог). 4 педагог республика көлемінде «Үздік педагог» атағын иеленіп, олардың әрқайсысына 1 млн. 980 мың теңге көлемінде сыйақы берілді (2014 жылы - 4 педагог).

     Облыс әкімі атынан «Орта білім беретін үздік ұйым» болып танылған Тараз қаласындағы №40 гимназияға  17  091 200 теңге көлемінде грант берілді.

    Оқыту үрдісіне инновациялық технологиялар мен озық әдістерді енгізуге, оқыту мазмұнын жаңартуға ерекше назар аударылды. Облыстың білім мекемелерінде 56 эксперименттік алаңдар жұмыс істейді. Оның 3-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 26-ы орта білім беру ұйымдарында, 27-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (2014 жылы - 52).   

    Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында 3 білім мекемесі республикалық деңгейде, 4 білім мекемесі облыстық  деңгейде  базалық алаң ретінде жұмыс атқаруда. 
    2015 жылы білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 8,5 млрд. теңге бөлінді (білім нысандарының құрылысына, 7,4 млрд. теңге, жөндеу жұмыстарына 973,5 млн. теңге, жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтауға 58,779 млн.тенге, мектеп жиһаздарын алуға 36,7 млн. теңге).
    Білім нысандарының құрылысына 2015 жылы 7,4 млрд. теңге бөлініп, 24 білім нысанының (15 мектеп, 9 балабақша) құрылысы жүргізіліп, 13 нысан (9 мектеп, 4 балабақша) пайдалануға берілді (2014 жылы – 9,8 млрд. теңге бөлініп, 29 білім нысанының  құрылысы жүргізіліп, 7 мектеп, 7 балабақша, 1 колледж пайдалануға берілді).

    2015 жылы 11 білім нысанын (мектептер) күрделі жөндеуден, 175 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 973,5 млн. теңге бөлінді (2014 жылы 44 білім нысанын күрделі жөндеуге, 135 білім нысанын ағымдағы жөндеуге 4,0  млрд. теңге бөлінген).  
   Балалар мен  жасөспірімдердің бос уақытын тиімді  ұйымдастыру мақсатында қосымша білім беруге ерекше назар аударылды. Қосымша білім берумен қамтылғандар үлесі -  47,1%-ды құрады (2014 жылы – 46,7%).  
   Техникалық және кәсіптік білім саласында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі  3740 орынды құрады. Химия саласына бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 5,6%-дан 13,5%-ға, ауыл шаруашылығы саласына бөлінген тапсырыс көлемі 16,8%-дан 17,8%ға, құрылыс саласына бөлінген тапсырыс көлемі 2,3%-дан 7,9%-ға, техникалық мамандықтарға бөлінген тапсырыс көлемі 30,4%-дан 32,6%-ға өсті.

   Дуалды оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны өсті. 2015 жылы 27 колледжде 26 мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, әлеуметтік серіктестермен 132 келісім-шарттар жасалды. Дуалды оқыту үрдісі «Қазфосфат» ЖШС, «Бином» ЖШС, «ЖЭС» ЖШС-і және «ТаразПассТранс» ЖШС-і сынды ірі кәсіпорындарда кеңінен жүргізілуде. Әлеуметтік серіктестікті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ірі өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен, басқа да мүдделі мекемелермен білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 1361 келісімшарттар мен меморандумдар жасалды (2014 жылы – 1354).

   Республикада іс-тәжірибесі таратылатын 10 үздік колледждер қатарына Жамбыл политехникалық колледжі енгізіліп, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ 10 серіктес колледждердің тізіміне енді. 
   Техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін бейіндеу жұмыстары жүйелі жүргізілді. Еңбек нарығында сұраныстың болмауына байланысты 9 мамандық бойынша 4 колледжде білімгерлерді қабылдау тоқтатылса, химиялық, ауылшаруашылық, техникалық және құрылыс мамандықтарына ерекше назар аударылды. 
   2015 жылдың наурыз айында білім басқармасы, «Казфосфат» ЖШС, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы және Тараз химия-технологиялық колледжі арасында  колледжді корпоративті басқаруға беру туралы 4 жақты келісім-шартқа қол қойылды. 
   2 кәсіптік колледж оңтайландырылып (№4 Құлан, №19 Қордай). Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 2465 педагог жұмыс атқарды. 2015 жылы 919 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, оның 102-і кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті.
   27 педагог Туркия, Германия, Франция, Финляндия, Ресей, Беларусия сияқты шет елдерде біліктіліктерін арттырды (2014 жылы - 16).

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі